Логика саласы: Диалектикалық логика туралы қазақша реферат

0

Диалектикалық  логика-біртұтас ойлау туралы ілім.Қазіргі кезде адамзат баласы дүниені көптеген ғылымдардың зерттеуі арқылы танып біледі.Ғылымдардың әрқайсысы шындықтың белгілі бір қырын немесе бөлігін зерттейді, яғни кез-келген ғылымның өзінің зерттейтін пәні болады. Мысалы ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі-математика мөлшер қатынастарын ылғи да зерттеген болатын, бүгінгі күні де сол қатынастарды зерттейді, ал биологияның зерттеу обьектісі хайанаттар дүниесі мен өсімдіктер дүниесі. Демек бір  ғылым екінші ғылымнан зерттеу обьектісі, өзінің пәні жағынан ерекшеленеді деуге болады. Ғылымның пәні туралы, осындай жалпы ескертулерден кейін, енді тікелей тақырбымызға көшелік. Сонымен диалектикалық логика нені зерттейді? Диалектикалық логиканың пәні не? Диалектикалық логика негізінен логика болып табылатындықтан, ең дұрыс жауап диалектикалық логика- ойлау турулы ілім болып табылады.                                                                      Ойлау мәдениетін тек қана пайымдаулар мен тұжырымдардың логикалық тұрғыдан қатаң дәлелдігі айқындамайды, ол үшін мінез-құлықтың да белгілі бір сапалары қажет: “оқушының ақыл-ойын басынан-ақ өзіндік сыншылдыққа, өзіндік көзқарастарын өз бетінше қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап табуға үйрету керек” екендігін И.Кант дәлелдеген болатын

Ақылдың сыншылдығы, сонымен бірге, жеке тұлғаның мінез-құлық ерекшелігіне айналады, ақыл-ой процестерінің жүруіне әсер етеді. Ол, шын мәнінде, міндеттің ақиқат жағдайлары мен шарттарына сәйкес келмейтін сәтсіз ұқсату –сәйкестендірілуі шығарып тастайды.Адам өзінің және өзгенің ойларына қатаң баға беріп отырады, олардың күшті және әлсіз жақтарын көре біледі, кез-келген болжамды ақиқат ретінде тани бермейді, оның ақиқаттығын дәлелдеуге ұмтылады. Адамның ойлау сыншылдығы өзі қалыптасқан көзқарастарын, қағидаларын қайта қарап, егер ол ғылым мен практиканың жаңа, тың мәліметтеріне,деректеріне қайшы келсе, оларды соған сәйкес өзгертіп отырады.Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз —  әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс. Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен  психологияның  орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

1.Практикалық іс-әрекеттілік.

2. Көрнекі-бейнелік

3.Сөздік – логикалық.

.


Тағы рефераттар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!