З дыбысы және әрпі балабақшадағы ашық сабақтар
Алматы облысы, Көксу ауданы, Қызылтоған ауылы «Орталау мектебі» мемлекеттік мекемесінің Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Уразалиева Шынар Серикқызы
Сабақтың тақырыбы:З дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:сөзге дыбыстық талдау жасау жасай білуге уйрету,сөздерді буынға дұрыс бөле білу,сурет арқылы заттың атауын білу,логикалық ойлау қабілетін арттыру.Жазу дағдысына үйрету.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі:кеспе әріптер,касса,суреттер,текшелер.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
I.ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақта алған білімдері пысықталды.
II.Негізгі бөлім.
1.Жұмбақ шешу.
Ләзатта бар,
Жанатта жоқ.
Азатта бар,
Қанатта жоқ.(З әрпі)
Жауабын айтқан бала сол З дыбысына сөз ойлап айтады.
«Сөз ойла,көп ойла» дидактикалық ойыны.
Ойын шарты:Барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып,доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады.(Сөздің басында,ортасында,соңында З дыбысы).Суретке қарап дыбыстық талдау жасату.
Зәуре сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
2.Тіл ұстарту жаттығуы.
Ыз-ыз-ыз
Анар –сүйкімді қыз.
3.Дәптермен жұмыс.
Жүзік,зымыран,жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы З дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне З дыбысының сөздің басында,ортасында,аяғында,келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.Балығы хормен қайталап оқиды.
Жазу жұмысы:педагог З дыбысын ауада жазып көрсетеді. Балалардың өздеріне ауада жазғызады. Сонан соң дәптерге жазу .
Дәптерде берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрату.
Мысалы:Атам қарбыз өсірді.Қарбыз бақшада өседі.
Сөзжұмбақ шешеді.Шешуі:қазына.Қазына сөзіне сөздік жумысын жүргізу.
Қазына- түрлі бағалы заттар ,дүние мүлік,байлық.
4.Сергіту сәтін өткізу .
Ұзын қанат инелік ,
Инелікке тимелік,
Ұшақты біз жасадық
Инеліктен үйреніп.
Зу-зу,зу-зу,зу-зу. (Қимылмен көрсету)
III.Қорытындылау.
1.Тақтаға әріптер тізбегі жазылған плакат ілінеді.Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше Сөз құрату.
Қ-о-й-с-и-ы-р-з-а-у-з-а-б-ұ-з-а-у-қ-а-р-б-ы-з-т-е-р—е-з-е
2.Құрастырған сөздердің ішінен З дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу.Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.
3.Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдері бекітіледі.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!