Ғұндар туралы қазақша реферат |
Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта казіргі Монғолияның оңтустігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталык Азияның ұлан-байтак кеңістігін тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, эт-никалық жақындык, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағыиан алғашқылары сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдын аяғында кытай деректемелерінде пайда болган сюнну (гұн) атауы тегі әр түрлі таппаларды біріктірген және Тынык мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жеті-суға дейінгі аумакта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-түра таралып отырған саяси құрылымға катысты болды.
Сюнну этнонимінің мазмұны мен накты калай айтылатыиы әзірше айкын емес. Зерттеулердіңкөрсетіп отырғанындай, оныңежелгі кытайлыктранс-крипциясы гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр3. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюн-нуларға сабактастығын сақтап калған ғұн-болғар ақсүйектерін сипаттай ксліп, оларды трунове, яғни трундар деп атайды. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапкыда «ғұн» тайиаларының ақсүііектеріне арналып аптыл-са, сюнну (хунну),яғнитрундар ғүндардеп саналмаіанын білдірмейді. Трун және ғүн терминдері бір ғана этникалык-саяси кауым жөнінде колданы-лған, олардың таралған аудандары әр түрлі болғанымен ғұн термині әлдек,-айда мол қауымды білдірді.
Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаныой деп атайды. Б. з. б. 206 жылы ғұн тайпаларын Меде шаньюй басқарды5. Меде билік ет-кен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралык аудандарына жорықтар жасап оған күйрете соқкы берді. Кескілескен күресте Мөде әскери-саяси куаты басым Хань әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен «тыныштық және туыстык туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын «сый-лық» ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салыкты үнемі төлеп тұрды.
.
Тағы рефераттар