Алгоритмдер және программалау тілдері слайд,презентация
Алгоритмдер және программалау тілдері слайд,презентация
Жоспар:
Программалау тілінің негізгі элементтері.
Алгоритм. Сызықтық құрылым;
Тармақталушы құрылым;
Таңдау, шартты көшу және шартсыз көшу операторлары;
Параметрді қайталау операторы. Шартты алдын ала тексеру операторы. Шартты соңынан тексеру операторы.
Компьютерге түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған алгоритм – бағдарлама деп, ал бағдарлама құру процесі бағдарламалау деп аталады.
Бағдарламалау тілі – ЭЕМ-де шешілетін әртүрлі есептердің бағдарламасын компьютерге түсінікті үлгіде жазу тәсілі болып табылады.
Тұрақтылар (константы) – бұл бағдарламалау процесінде мәндері өзгермейтін берілгендер.
Айнымалылар – бұл бағдарламалау процесінде мәндері өзгеретін берілгендер.
Read және write операторларының readln және writeln операторларынан айырмашылығы, readln және writeln операторлары орындалған соң курсор келесі жолға ауысады. Y айнымалысының мәнін шығару форматы WRITE (‘Y=‘,Y:5:2); Мысалы, нәтижесінде Y мәні 1.76 тең болсын, онда берілген форматқа сәйкес санның экрандағы көрінісі:
Оператор жұмысы: егер оң жақта өрнек тұрса, онда оның мәні есептеледі де, сол жақта тұрған айнымалыға мән меншіктеледі.
Алгоритм түсінігі – бұл информатикадағы ең негізгі ұғымдардың бірі.
Алгоритм дегеніміз – бастапқы мәліметтерді пайдаланып іздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегі.
Кез келген күрделі алгоритмдер үшке бөлінеді:
композиция немесе қозғалыс, сызықты алгоритм;
альтернатива немесе тармақталған алгоритм;
итерация немесе цикл, қайталанатын алгоритм.