Қазақша реферат: Оқытушы және балалардың қоғамдық ұйымдары

0






Оқытушы мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары әр уақытта күрделі мәселе болып келген. Кеңестер дәуірінде пионер, комсомол ұйымдары болып, солар арқылы оқытушылар балалармен қарым-қатынасты реттеп келген. Бірақ соның өзінде де ол мәселе шешімін тапқан емес. Себебі адам мен адамның қатынасы ұйым арқылы реттелмейді. Ол адами қатынаспен ғана реттеледі. Дегенмен ұйым болса, ұйым сол қатынасты реттеуге септігін тигізсе, оның не жамандыгы бар? Сонымен біріншіден, балалардың қоғамдық ұйымы керек. Оның керектігін бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қазір Қазақстанда жастар саясаты деген сөз болып жатыр. Олардың форумы да өтті. Болашақта осы балалар ұйымы болар деген ниеттеміз. Бүгінде «Балдырған», «Жас ұлан», «Ұлан» деген атпен қазақ мектептерінде ұйымдар «Атамекен» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде. Бірақ бұл өзінің мәртебесін алған ұйымдар емес. Екіншіден, оқушылар балалар ұйымында үжымдық қатынасқа үйренеді, өздеріне әріптес табады, әріптестік ңатынас болады. Үшіншіден, балалар ұйымында білімдерін жетілді-руге мүмкіндік алады. Олар бір-біріне көмектеседі, қол үшын береді. Төртіншіден, балалар ұйымын саясаттандырудың ңажеті жоқ. Саясаттан хабардар болса болсын. Бірақ түрлі партиялардың қолшоқпарын даярлаудың жөні болмас. Балалар ұйымы ертеректе «Скауттық қозғалыс» ретінде басталып, күні бүгінге дейін батыс елдерінде дамып келеді. Кешегі кеңестік пионер ұйымы сол скауттардың Бесіншіден, балалар ұйымында сөзден гөрі іске бейім етіп үйрету керек. Мәселен, скауттар мүшелері 70-тен 350-ге дейін істің түрін біліп үйреніп, қолданады екен. Біздің жоғарыда айтқанымыздай біздің педагогика істің педагогикасы болмай, сөздің педагогикасы болып түр. Негізінде, бала төрбиесі сөз жүзінде жүрмей іс жүзінде жүргені дұрыс.








Алтыншыдан, балалар ұйымының мүшелігіне алған-да жасқа қарамау керек. Мәселен, скаутқа мүшелікке балалардан қарттарға дейін кіре береді. Негізгі мақсат -ортақ қызығушылықпен ортақ іс жасау, қызмет ету, іс тындыру. Жетіншіден, балалар ұйымын оқушылардың тұрғылыңты мекен-жайына байланысты ңүрған жөн. Себебі балалар әр уақытта бірге болып, ортақ іс тындырып, бір-біріне көмектесіп, бірге ойнап, бірге серуендеп, бос уақыттарын үтымды пайдаланып жүруі керек. Оның үстіне балаларды зорлап ұйымға тартудың ңажеті жоқ. Оған оқушының өзі дамып жетілуі тиіс. Ересектер, ата-ана, мүғалімдер балалардың ісіне қол сүқпай, жай ғана басшылық жасап, кеңес беріп отыруы тиіс. Әрине, осының бөрін іске асыруға материалдың көмек керек. Балалар ұйымының топтасатын мекен-жайы, материалдың негізі болғаны дүрыс. Болашақта осы мәселелердің бәрі шешілетін шығар деген үміттеміз. Қорытынды: Жасөспірімдердің төрбиесіне байланысты ойластырылған мекен-жайлық ұжым және балалар ұйымы керек. Оны ата-аналар, оқытушылар, жұртшылық бірігіп ойластырғаны жөн. Сонда оқытушы балалардың қоғамдық ұйымдары арқылы жасөспірімдерге ықпал ете алады.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!