Қазақша реферат: Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
Көптеген елдердегі қоғам дамуының стратегиялық мақсаты лайықты өмір сүру деңгейіне жету, әлеуметтік теңсіздікті және кедейлікті төмендету үшін азаматтардың негізгі құқықтарын ресми түрде жүзеге асыру болып табылады. Халықаралық еңбек заңнамасының негізгі ережелері әлемдік жаһандану жағдайында жаңа мәнге ие болып отыр. Аса әділетті экономикалық ережелердің болуы әлеуметтік әділеттікті орнату үшін жеткіліксіз.
Осыған байланысты әлеуметтік бағытталған экономикалық дамытуды күшейту мақсатында, барлық елдердің қабылдайтын шараларын қолдауда, сол елдің жағдайын, оның мүмкіндіктері мен ықыласын ескеру қажет. Тәуелсіздік алған 20 жылдан бері Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, нарықтық экономика талаптарына және мемлекеттің әлеуметтік-бағдарланған көрсеткіштеріне бейімделген халықты әлеуметтік қорғау жүйесі құрылды.
«Қазақстан-2030» Стратегиясы аясында 1997 жылы жүргізілген Зейнеттік реформа елдегі халықты әлеуметтік қорғаудың көпдеңгейлі жүйесін кезең-кезеңмен қалыптастырудың институционалдық алғышартын құрды. 1998 жылдың 1 қаң-тарынан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы жауапкершілікті тиімді бөлуге негізделген, құрамына мемлекеттік бөлу және жинақтау кіретін әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі енгізілді. Осы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырудың ерікті түрлерін ынталандыру үшін қажетті шаралар да айқындалған.
Қазақстанда 2005 жылдың 1 қаң-тарынан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) жұмыс берушілер әлеуметтік аударымдар төлейтін, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны болып табылады. МӘСҚ қаржылық ресурстары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңымен белгіленген ставкалар бойынша жұмыс берушілер төлейтін міндетті әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру жолымен қалыптасады.
Бүгінгі күні міндетті әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік тәуекел туған жағдайда жұмыс істейтін халықты қосымша қорғауды қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементі болып отырғанын атап өту керек.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік қамсыздандыруды дамытудың ұзақ мерзімді параметрлерін айқындау мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, барлық санаттағы халықтың (қызметкерлер, зейнеткерлер, мүгедектер, әйелдер, аналар және т.б.) мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдардың белсене қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін талқылау халықтың күнделікті өміріндегі негізгі мәнісі болып табылады және БАҚ, әрбір ұжымда, әрбір отбасында тал-қыланады.
Нақты бір табыстарға жету үшін әлеуметтік органдар, ғалымдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қызметкерлері арасында әлеуметтік қамсыздандырудың өзекті мәселелерін талқылау конференция және «Дөңгелек үстелдер» түрінде өткізілуде. Барлық мүдделі жақтар сол саланың қазіргі уақыттағы жағдайы туралы, қалыптасқан тұрақты беталыстар, «тар жолдарды» жеңу тәсілдері туралы ақпарат алмасады, сонымен қатар зейнеттік және әлеуметтік қамсыздандыруды дамытудың жаңа басымдықтарын айқындайды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) және МӘСҚ 2011 жылдың 20 мамырында Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру: ағымдағы жағдайы мен даму болашағы» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің Көкшетау қаласында өткізілуі де кездейсоқ емес, өйткені бұл аймақ Қазақстанның қарқынды дамып келе жат-қан, болашағы бар өңірі болып табылады. Сонымен бірге, дөңгелек үстелге қатысушылар Ақмола облысындағы жүргізіліп отырған мемлекеттік әлеуметтік саясаттың нәтижелерімен танысуға да мүмкіндік алды.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Ә.Аяғанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А.Д.Жазин, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі С.Ә.Ахметов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З.Әділбеков, сонымен қатар ҚР Ұлттық Банкінің, ЕХӘҚМ, МӘСҚ, Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Еңбек ұйымының, «Нұр Отан» ХДП, ҚР Кәсіп-одақтар Федерациясының, «Атамекен Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының (“Атамекен Одағы» ҰЭП), ҚР Қаржыгерлер ассоциациясының, «Қазақстанның актуарлар қоғамы» ҚБ, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» (“МАК» ӨСК» АҚ), «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК (ЗТМО), жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ), Ақмола облысының атқарушы органдарының өкілдері және жұртшылық қатысты.
Жиын барысында «Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру: ағымдағы жағдайы мен даму болашағы» тақырыбындағы баяндамада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі С.Ә.Ахметов Мемлекет басшысының стратегиялық бағыты арқасында біздің еліміз әлемдік қауымдастық жетекшілері мойындаған шоғырға енгендігін атап өтті. Баяндамада Қазақстанның тә-уелсіздік жылдары әлеуметтік қорғау саласында кезең-кезеңмен жүргізілген реформалары және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және 2011 жыл-ғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын» жүзеге асыруды одан әрі дамыту бойынша шаралар айтылды.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы С.Ә.Аяғанов өз сөзінде 2020 жылға дейінгі Стратегияға сәйкес әлеуметтік қорғау мәселелері таяудағы онжылдықтағы елді дамытудың басты басымдықтарының бірі екендігін айтты. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік саясатты жаңартуға ерекше көңіл бөлінеді. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қойылып отырған міндеттерді шешу үшін тек қана мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілер мен барлық халықтың біріккен жұмысы қажет.
ҚР Халықаралық еңбек ұйымының өкілі Т.А.Өміржанов дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын Қазақстанның Еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Халықаралық Еңбек ұйымының кейбір Конвенцияларына қосылуына және ратификациялаудың маңыздылығына аударды.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Г.А.Жұмагелдиева мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастырудағы кәсіподақтардың ерекше рөлін атап өтті.
“МАК» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Н.Е.Әлимұхамбетов мемлекеттік зейнетақы жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде аннуитеттік сақтандыруды одан әрі дамытудың қажеттілігіне тоқтады. Зейнеттік аннуитеттер бойынша төлемдер ЖЗҚ төленетін төлемдерге маңызды балама болатыны да айтылды.
ЗТМО Бас директоры Р.Н.Хамзин Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі ЗТМО рөлі туралы айтты. Қазіргі уақытта әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану және дамытуға бағытталған кең көлемді шаралар жүзеге асырылуда. Халыққа қызмет көрсетудің тиімділігін және сапасын арттыру бойынша халыққа әлеуметтік қызмет көрсету үшін ақпараттық-технологияларды енгізу басты бағыт болып отыр.
«ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ басқарма Төрайымы Г.А.Әлімғазиеваның, «Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ басқарма Төрағасының бірінші орынбасары К.Б.Орынбаевтың және «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ атқарушы директоры С.К.Елшібековалардың айтуынша жинақтаушы зейнетақы қорларының ресурстық базалары қазақстандық экономиканың да-муында елеулі әлеует болып табылады. Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйелерінің негізгі мәселелері болып инфляция деңгейін жабатын зейнетақы активтерінің табыстылығы мәселесі, салымшылар миграциясының жоғары деңгейі, инвестициялау үшін шектелген құралдар санының болуы, халықаралық нарықтарға шығу жолымен тәуекелдер диверсификациясы мүмкіндігінің болмауы, инвестициялық шешімдердің және активтер құрылымының ашықтығын комиссиялық сыйақының қалыптасқан деңгейін арттыру аталды.
МӘСҚ Ақпараттық қамсыздандыру және талдау департаментінің директоры Г.Қ. Болатбекова әлеуметтік сақтандырудың жалпыға бірдей қабылданған принциптерін және міндетті әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық жүйесінің (МӘСЖ) көрсеткіштері туралы айтты. Сонымен бірге, ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін табыстың жоғарғы мөлшері 10 ең төмен жалақы (ЕТЖ) деңгейінде белгіленгеніне қарамастан, жүк-тілігі және босануы бойынша табысынан айырылу жағдайына әлеу-меттік төлем тағайындау кезінде МӘСЖ қатысушының орташа айлық табысын 75 еселенген ЕТЖ мөлшеріне дейін анықтау арқылы сақтандыру принциптері мен сақтандыру әділеттігінің бұзылуы орын алуда