Қазақша реферат: Педагогикалық процестің диалектикасы |
Педагогика — диалектикага сүйенетін философиялық ғылым. Педагогикалық процестің негізгі бөлшегі (бөлігі) — педагогикалық жағдаят (ситуация). Педагогикалық жағдаятсыз педагогикалық процестің компонентінің түрі де, әдісі де болмайды. Педагогикалық жағдаят ұстаз бен шәкірттің, шәкірт пен шәкірттің, шәкірттің әлеуметтіқ құбылыспен қызығушылық қарым-қатынасынан туындайды. Педагогикалық жағдаят арқылы тәрбие жұмысында ұстаздың алдына қойған мақсаты іске асады, шәкірттің дүниетанымдылығын, қүнды материалдық, рухани қажеттілігін, ұрпаққа беретін жақсы қасиеттерді баланың бойына сіңдіреді. Педагогикалық жағдаят іс-қимыл, әрекет арқылы ұстаздың басшылығымен жасалады. Сондықтан педагогикалық жағдаят іс-әрекетке байланысты мазмүнына сәйкес бөлінеді. Мысалы: үйрететін (оқу арқылы), саяси, экологиялық, адамгершілікке жаттықтыру, құқықтық, сымбаттылыққа, техникалық өнерге, дене, спорттық ойындар т.б. арқылы төрбиелеу. Педагогикалық жағдаят, педагогикалық процестің бет пердесін ашып береді. Сондықтан педагогикалық жағдаят арқылы оқу-тәрбие жұмысындағы негізгі қарама-қайшылық шешіледі. Мысалы: ескі педагогикалық көзқарас, теориялар, тұжырымдамалар өмірдің жаңа талабына сәйкес келе бермейді. Осы жерде педагогикалық жағдаят арқылы қайшылықтың бар екеніне көз жеткізіп, соны шешу жолын қарастырады. Қарама-қайшылық бұл — диалектиканың заңы.
«Қарама-қайшылықтың бірлігі мен күресі — материалистік диалектиканың негізгі заңдарының бірі. Бұл заң бойынша объективтік дүниенің, танымның дамуы біртұтастықтың бір-біріне ңарама-ңайшы, бірін-бірі жоққа шығарушы екі тенденция болып бөлінуі арқылы жүзеге асады. Осы қарама-ңайшы екі жаңтың ңатысы, бір жағынан, қандай да болсын біртүтас жүйенің негізгі қасиетін білдірсе, екінші жағынан, сол жүйенің өзгеруінің, дамуының, жаңа сапаға көшуінің ішкі ңуатын, қозғаушы күштерін сипаттайды» (Қазақ Совет энциклопедиясы. — Алматы, 1976. — 6 т. 491 б.).
Сонымен қарама-ңарсылың педагогикалық процестің негізгі ңозғаушы күші, диалектикасы. Педагогикалық процесте қарама-қайшылық екі тұрғыдан қаралады: а) Әлеуметтік-педагогикалың ңарама-қайшылық. Бұл әлеуметтік жағдайға байланысты шешілетін қарама-қайшылық: экономикалық, саяси, рухани-адамгершілік, мәдени, от басына байланысты педагогикалық. б) Таза педагогикалың оқу-тәрбие жұмысына байланысты. Бірінші жағдайда жетекші рөлді атқаратын әлеуметтік жағдай. Екінші жағдайда педагогикалық. Педагогикалың қарама-қайшылық объективті және субъективті болуы мүмкін. Объективтік қарама-қайшылыңңа жататын себебі: а) Қоғамның қойған талабына баланың іс-әрекеті сәйкес келе бермеуі мүмкін. Бала ңоғамның мүддесінен өзінің мүддесін жоғары қояды. б) Ұжым мен жеке адамның көзңарасы сөйкес бола бермейді. в) Жаңа талап пен ескі көзқарас арасындағы қарама-қайшылық. Ол шәкірттің тәжірибесінің жоқтығынан да болады.
Бұл қарама-қайшылықтарды педагогикалың процесті ғылыми түрде жүргізгенде ғана шеше аламыз. Педагогикалық субъективтік ңарама-қайшылықңа педагогикалық теорияның, тұжырымдамалардың, жүйелердің өмір талабынан қалып қоюы жатады. Кейде бұл қарама-қайшылық дағдарыстық жағдайға әкеліп соғады. Сондықтан оны күні бұрын көре біліп, педагогикалық процесті жаңа өмірдің талабына сәйкес жүргізгенде ғана шешеді. Педагогикалық процесті ғылыми ұйымдастырудың негізгі жолы философияның заңдарына сүйенеді. Ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасы, ұстаздың шөкіртке ық-пал етуі, шәкірттің ұстазға өсері, шәкірттің мүмкіндігі-не, жас ерекшелігіне байланысты жүргізу, баланың ұжыммен қатынасы, оның үжымдағы орны, т.б. Педагогикалық процестің нәтижелілігі тәлім-төрбие жүмысын қолайлы жағдайда өткізуге байланысты.
Педагогикалық процестің барысында диалектиканың заңдарын қолданады. Қарама-қайшылықтан басқа санның сапаға ауысуы, т.б. Мысалы санаға: дүниеге көзқарас, сенім, түрткі, саналылық, қажеттілік, әсерлі жағдай, құнды бағыт, үйреншіктііс, т.б.жатады. Философияның тағы бір заңы бар. Ол теріске шығару. Бұл заңды да педагогикалық процесте қолдануға болады. Қысқасы, пе-дагогикалық процесс диалектикаға бағынады.
Сонымен екінші сұрақ бойынша қорытындымыз: Педагогикалық процесті біртүтастықта қарап, оның қү-рылымын, негізгі компоненттерін диалектиканың заңына сүйеніп, әрбір педагогикалық жағдаятты қарама-қай-шылықта қарап шешу керек. Қарама-қайшылық — педаго-гикалық процестің негізгі қозғаушы күші, диалектикасы.