Ас қорыту жүйесі слайд,презентация

0

Ас қорыту жүйесі слайд,презентация

 

Ас қорыту жүйесі

 

1. Ас қорыту жөнінде жалпы түсінік
2. Тамақтың ауыз қуысында өзгерісі
3. Қарындағы ас қорыту
4. Ішектердегі ас қорыту
5. Ас қорыту аппаратының қозғалу функциясы
6. Тамақ заттарының сіңірілуі және қарын-ішек қызметінің реттелуі
  Ас қорыту – тамақтың құрамындағы күрделі қоректік заттардың ас қорыту жүйелерінде механикалық, химиялық, биологиялық жолмен өңделіп, қарапайым түрге айналып, сіңірілуі.
Жасуша ішілік ас қорыту 
    (амебада — ас қорыту жасуша ішіндегі вакуолилардағы протоплазма ферменттерінің әрекетімен жүзеге асады)
Жасушадан тыс ас қорыту
   (төменгі сатылы ішек қуыстылардан басқа көп жасушалы организмдерде ас қорыту — ас қорыту түтігі деп аталатын қуыста, оған түскен ферменттердің әрекеті нәтижесінде жүзеге асады)
Эксперименталды әдіс:
   қарын безіне (Басов), ұйқы безіне (Павлов, Бакурадзе), бауырдағы өт қабына (Павлов) фистула қою, жекеленген қарыншаға фистула қою, эзофаготомия (Павлов) 
Клиникалық әдіс: 
   зонддылау, радиопилюлялар арқылы зерттеу т.б. 
Қарынға 1,5-3л тамақ сияды. 
Қарын бөлімдері: кіре беріс-кардиалдық бөлім, түбі-фундальдық бөлім, шыға беріс-пилорикалық немесе есік бөлім.
Қарынның кілегей қабығының бездерінің жасушалары:
Негізгі немесе бас жасушалар – ферменттер жасайды
Қоршау жасушалар — тұз қышқылын жасайды
Қосымша жасушалар – кілегей тәрізді зат жасайды

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!