Қазақша реферат: Тәрбие әдістері мен тәсілдері |

0






Тәрбие әдістері әлі зерттеліп бітпеген мәселе. Оған дәлел ретінде 1950 жылы жарық көрген Б.П.Есипов пен Н.К.Гончаровтың педагогикалық училищелерге арналған педагогика оқулығында бұл тақырыптың қарастырылмағанын айтуға болады. Ғалымдар тәрбие әдістерін кейінгі жылдары ғана зерттеп, оңу бағдарламаларына енгізіп отыр. Солардың айтуы бойынша төрбие әдістері, педагогикалың қатынас біртүтастыңта ңаралып, жалпы педагогикалың процестің бір бөлігі ретінде зерттеледі. Төрбие әдісі өр түрлі оқулықтарда әр түрлі түрғыдан қаралады. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі-ақ дәлел. Мысалы, Т.Е. Конникованың анықтамасы бойынша «Төрбие өдісі — бүл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие маңсатына жету». И.С.Марьенконың анықтамасы бойынша «Тәрбие әдісі — бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау». В.И.Сластенин: «Тәрбие әдісін тәрбиешілер мен төрбиеленушілердің іс-әрекетін өзара байланыс төсілдері тұжырымдайды», — дейді.

Тәрбие өдісі туралы анықтаманы өзінше Ю.К.Бабанский, И.Ф.Харламов, Б.Т. Лихачев, Т.А.Ильина, Ж.Б., Р.М. Қоянбаевтар, Б.Р.Айтмамбетова, А.А. Бейсенбаева, т.б. береді. Шамасы әрбір автор төрбие әдісі туралы анықтаманы өзінің зерттеу жүмысының нәтижесіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ, өр түрлі анықтамалар бір мақсатты көздейді. Негізінен бүл сананың дамуына, баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына, әдістің тәрбиелік ықпал етуіне байланысты болғандықтан ғой деп ойлаймыз. Сонымен тәрбие әдісі — бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың адамгершілік, еңбек және басқа қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жүмыс тәсілдері.













.

Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас жөне дербес ерекшеліктеріне, олардың өмірден алған тәжірибесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат — әдістің бас критерийі (грекше, қазақшасы — белгісі). Тәрбие әдістері төрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекеттеріндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет. Әдістерді іске асыру барысында ұстаз, тәрбиеші, ата-ана, аға ұрпақ оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын қолданады.





.

Әдіс-тәсілдің құрамды бөлігі. Әрбір әдістің төсілі болады. Мысалы, үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма, т.б. Шын төрбие процесінде өдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол жылжымалы болады. Тәрбие төсілдерін екіге бөлуге болады: а) Дамуды қолдайтын: сенім, мадақтау, көңіл бөлу, өтініш, пікір алмасу, ықыласпен тыңдау, қызықты іспен қамту, моральды қолдау табу, т.б .
б) Дамуды қолдамайтын немесе тежеу тәсілдері: жарлық беру, кекету, үрсу, жақтырмау, жазалау, ескерту, ашулану, немқүрайлы қарау, әшкерелеу, т.б.
Осы көрсетілген тәрбие әдістері, тәсілдерінің іс-әрекет арқылы жүргізілуі тәрбие қүралдары болып табылады. Сонымен тәрбие қүралдарына іс-әрекеттің түрлері (еңбек, ойын, оқу, спорт, т.б.), көрнекті байланыс құралдары, педагогикалық ықпал (ұстаздың өнегесі, өсиеті) жатады. Осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.

Тәрбие өдістері өте көп, сондықтан оларды жіктеп және топтап көрсету керек, яғни классификациялау қажет. Педагог-ғалымдар сондай классификацияға бөлген. Қазіргі кезде төрбие әдістерінің 11-ден астам жіктелгені бар. Біз солардың кейбіреуіне ғана тоңталайың:
а) Н.И. Болдырев, Н.Н. Гончаров, Ф.Ф. Королев тәр-бие әдістерін төрт топқа бөледі:
1. Сенім арқылы;
2. Жаттығу арқылы;
3. Мадақтау арңылы;
4. Жазалау арңылы.
б) Т.А. Ильина, И.Т. Огородников тәрбие әдістерін екі топқа бөледі:
1. Балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру өдістері;
2. Оқушының мінез-құлқын мадаңтау арқылы қалыптастыру әдістері.
в) И.С. Марьенко төрт топқа бөледі:
1. Түсіндіру;
2. Проблемалық жағдай туғызу;
3. Үйрету, тоқтату, тежеу;
4. Өзін-өзі төрбиелеуге басшылық жасау.
г) Ю.К. Бабанский үш топқа бөледі:
1. Сана-сезімді қалыптастыру әдістері;
2. Оңушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және қоғамдық төрбиені ңалыптастыру өдістері;
3. Оңушылардың мінез-қүлңын көтермелеу, бақылау, өзін-өзі бақылау әдістері.
д) Т.Е. Конникова, Г.И. Щукина үш топқа бөледі:
1. Тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-қүлқындағы жағымды төжірибені қалыптастыру әдістері;
2. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері;
3. Мадаңтау жөне жазалау өдістері.
е) В.А. Сластенин төрт топқа бөледі:
1. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері;
2. Қоғамдың мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру жөне іс-әрекетін үйымдастыру әдістері.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!