2019 жылдың мамыр айының күнтізбесіне өзгеріс енгізілді
Қысқа сілтеме алу
Мамыр айындағы демалыс күндерінің бірі кейін шегерілді
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір — Sputnik. 2019 жылдың мамыр айындағы демалыстар күнтізбесіне үкіметтің 2018 жылдың 26 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес өзгерту енгізілген.
«2015 жылдың 23 қарашасынан күшіне енген Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан үкіметі 2019 жылдың 4 мамыры – сенбі күнгі демалысты 2019 жылдың 10 мамырына ауыстыруға қаулы шығарды», — делінген еліміздің нормативтік-құқықтық актілерінің Ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланған құжатта.
Осылайша Жеңіс күні – 9 мамырдан бастап қатарынан төрт күн (9-12 мамыр) демалыс беріледі, 2019 жылдың 4 мамыры, сенбі – жұмыс күні.
Сондай-ақ қазақстандықтар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (сәрсенбі) мен 7 мамыр – Отан қорғаушы күнінде (сейсенбі) қосымша демалыс алады.
Жалпы алғанда мамырдағы 31 күннің 11-і демалыс болады.
sputniknews.kz