Ақбота Сейітмағамбет өзін дуалаған жандар туралы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет (Айдарқұлова) күйеуі Дәуренмен танысқан шақты еске алды. «Гламур для дур» фильмінің түсірілім алаңында табысқан жастар бірнеше айдың ішінде бір-біріне бауыр басқан. Дәуренні өзіне деген көңілін байқаған Ақбота оған қалай ғашық болып қалғанын аңғармай қалған.

Бұл туралы Stan.kz 7-арнаның «Гу-гу-лет» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

«2016 жылы наурыз айында таныстық. Ал некемізді қыркүйек айында қидық. Басында біразға дейін «аға» деп жүрдім. Ол уақытқа дейін менімен сөйлесіп жүрді, киноға апарып жүрді. Өзінің көңілін көрсетіп, білдірді. Бірге жүре-жүре бір-бірімізге бауыр бастық, сезім пайда болды. Солай отбасы болып кеттік», — дейді Ақбота-Нұр.

Жас ана қара дуаның бар екеніне сенеді. Себебі өзінің басынан өткен. Айтуына қарағанда, тұңғышына жүкті кезде молдалардың бірі оның дуаланғанын ескерткен. 

«Құдай сақтасын. Бірақ осы уақытқа дейін молдаларға барып, дем салдырғанбыз. Өйткені халықтың алдында жүргендіктен көз тиеді, тіл тиеді. Жүкті кезде біраз ауырдым. Ашып айтпай-ақ қояйын, бірақ маған дуа жасалғанын да ескертіп айтты», — дейді Ақбота-Нұр.

stan.kz