«Туыстарымның бәрі осында»: Назарбаев Шамалған аулына барды — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туған жері Шамалғанға барып, тұрғындармен кездесті.
Бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Кездесу «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының алдында өтті. Ол жерге 3 мыңнан аса адам жиналды.
Жерлестерімен кездескен елбасы Шамалған аулымен ең жылы естеліктері байланыстыратынын айтты.
«Менің ата-бабам Алатаудың етегінде өмір сүрді. Туыстарымның бәрі осында. Егде жаста туған аулыңа келгенде жас кезіңді еске алады екенсің. Мемлекетті аяққа тұрғызу үшін қаншама қиындықтан өттік. Шаршаған кезімде әкем екеуіміздің Шамалғанға барғанымызды еске алатынмын. Осылайша, шаршағаным басылатын. Адамның туған өңірі бар. Бұл оның бірінші Отаны. Осы кіші Отан арқылы патриот болып өсіп, үлкен Отанын сүйеді», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бүгінде Шамалғанда 20 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Ауылда ұн тартатын, табиғи шырын мен жиһаз шығаратын зауыттар бар.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz