Алматы облысында қаралы митинг өтіп, тікұшақ апатынан қаза болған екі сарбазды жер қойнына тапсырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында Қызылордадағы әскери тікұшақ апатынан қаза болған екі сарбаз жер қойнына тапсырылды. Алаңда қаралы митинг өтіп, сарбаздарды ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Алматы облысында қаралы митинг өтіп, тікұшақ апатынан қаза болған екі сарбазды жер қойнына тапсырды

Қаралы митинг Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында өтті. Тікұшақ апатынан қаза болған лейтенант Аслан Айтпаевты жексенбі күні, 31 наурызда жер қойнына тапсырды. Бүгін, 2 сәуір күні, ефрейтор Сарқытбаев Қуаныштың қазасына қаралы митинг өтіп, соңғы сапарға шығарып салды.

Алматы облысында қаралы митинг өтіп, тікұшақ апатынан қаза болған екі сарбазды жер қойнына тапсырды

Қоштасу рәсіміне Қорғаныс министрлігінің өкілі, генерал-майор Қойшығұлов Тұралы Хамитұлы қатысты. Ол Қорғаныс министрінің марқұм болған Қуаныш Сарқытбаевтың анасына жазған көңіл айту хатын оқып берді. Қара жамылған отбасын сабырлыққа шақырып, қайырлы болсын айтты.

Алматы облысында қаралы митинг өтіп, тікұшақ апатынан қаза болған екі сарбазды жер қойнына тапсырды

Қаралы рәсімге қатысқан «Нұр Отан» партиясының өкілі Сарыбаев Ғалиасқар Төкенұлы сөз алды.

«Қаза тапқан сарбаздар Отан алдындағы борышын адал өтеді. Олар Отанға қызмет ету жолында қыршын кетті. Қаза болған сарбаздардың есімі мәңгі есте сақталады», — деді Сарыбаев Ғалиасқар.

Алматы облысында қаралы митинг өтіп, тікұшақ апатынан қаза болған екі сарбазды жер қойнына тапсырды

Қаралы митингіні аудандық мәслихаттың хатшысы Рысбеков Бөкен Қабиұлы жүргізді.

Осылайша оқыста опат болған сарбаздармен қоштасып, әскери тәртіп бойынша салтанатты түрде соңғы сапарға аттандырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz