«Туғанынан бірге өсті»: Алматыда ит талап көз жұмған қызға ата-анасы екі итті сыйлық ретінде алған — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда екі жасар бүлдіршінді өз иті талап өлтірді. Үйде ұйықтап жатқан әкесі қызының қалай сыртқа шыққанын білмей қалған. Қабаған иттерінің дауысына үйренсе керек, мән бермепті. Тек баласын іздеп есік алдына шыққанда ғана туған қызының қансырап жатқанын көрген. Ротвейлер тұқымдас екі бірдей ит кішкентай сәби туған кезінде сыйлыққа алынған екен. Ал көршілері екі жылдан бері талай адам иттердің құрбаны бола жаздағанын айтады.
Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлайды.
Оқыстан мерт болған қыз отбасының кенжесі екен. Небәрі екі жас үш айлығында өз итіне таланып, қансырап жатқан жерінен әкесі көрген. Анасы таңғы бесте жұмысқа кетерде бетінен сүйіп, күйеуіне тапрысыпты. Бірақ, сағат ондарда үйге жет деген хабар келді, дейді.
«Олар біздің алдымызда қызымызға ешқашан тиіскен емес. Туғанынан бірге өсті. Қызым дүниеге келгенде оларды кішкентай күшік күйінде алып келген еді. Не болғанын ешкім білмейді. Қасында ешкім болмаған», — дейді марқұмның анасы Вероника.
Сөйтсе, екі ит ротвейлер тұқымдас екен. Әдетте оларды төбелестіру үшін асырайды көпшілік. Бірақ, жүрегі қан жылаған анасы қызымен бірге ойнасын деп туған кезінде әкелген. Тек онысы қожайнын қауып отыр. Кішкентай бүлдіршін жедел жәрдем қызметі жеткенше жан тапсырған. Мәйітін шешесіне көрсетпепті. Ал, көршілері шошынып қалған.
«Білмеймін енді баланың жартысын жеп қойған деп айтты ғой. Қорқып өтеміз, қорқып келеміз. Бір Алла сақтады ғой бізді. Енді сол өзіне көрініп тұр ғой Құдай», — дейді көршісі Жанар Хамитова.
Адуынды екі бірдей ит көшедегі барлық тұрғынды үрейде ұстаған. Олар сол үйдің жанынан өтудің өзі қорқынышты еді дейді. Қабалағаннан бұрын, аласа қорғаннан шығып, кейде тұрғындардың ізінен қуалайтын болған.
Мектепке де, аялдамаға да апаратын жалғыз көшеде тұрғындар қолдарына тассыз, ағашсыз бұл маңнан өтпейді. Ауланың іші қоқыс пен сүйекке толы. Көршілері қоқыс жәшіктің маңында көп жүреді, дейді. Шынжырға байланбайтыны былай тұрсын, тұмсығына тұмылдырық та кигізбейді деп жан-жаққа шағым жазған.
«Неше рет итін ағашпен қорқытып қуғам. Бірақ айттым: «Қоршауға тор іліңдерші», — деп. «Ертең жарайды біздің бала емес, басқа баланы жарып тастаса қайтесіңдер?» — деп айттым», — дейді көршісі Қанат Қасымхан.
Ал полицейлер баланың қазасына байланысты сот медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
«Қазіргі таңда бұл ата ананың қайсысы қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны белгісіз. Ол үшін біз медициналық сараптама нәтижесін күтеміз. Ол процуалдық істер рет ретімен орындалуы тиіс. Тергеу әкесінің іс әрекетіне құқықтық баға беретін болады», — дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Көршілері ветеринар мамандар да адам өлімін күткендей осы уақытқа дейін шағымымызға құлақ аспады, дейді. Арнайы құжаты бар деп қожайындарына өктемдік жасай алмапты. Тек екі жасар бүлдіршінді талаған соң ғана бойы белге жететін иттерді қамапты. Үйдің ауласында шынжырлы тұрған тағы екі-үш ит болғанын айтты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz