Ислам мемлекеті ТМД елдеріне қарай ойысуда

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Тыйым салынған террорлық топтың жоспары жайлы болжам жасалды

АЛМАТЫ, 1 сәуір — Sputnik. Мәскеуде өткен халықаралық конференцияда РФ ІІМ басқармасының бастығы Олег Ильиных Ислам мемлекеті* ТМД елдеріне қарай ойысуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ол террорлық ұйымның алдағы жоспарына қатысты болжам жасаған.

«Халифат Сирия мен Иракта стратегиялық жеңіліске ұшырады. Бұл Ислам мемлекетінің* енді Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен  Армения сынды мемлекеттерге қарай ойысуына әкеліп соғуы мүмкін», — деді Олег Ильиных.

Оның айтуынша, Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» тобы өз идеяларын барша әлемге таратуды көздейді.

*Ислам мемлекеті, ИГИЛ — Қазақстанда және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым.



sputniknews.kz