Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру кезіндегі еңбек қорғау шараларын өңдеу

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Құрылыс-сәулет және экология институты

Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы

 

Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру кезіндегі еңбек қорғау шараларын өңдеу

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

 

І-ТАРАУ.  ШАҢДАНУ ҚАРҚЫНЫН АНЫҚТАУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ ӨНДІРЕТІН ЖӘНЕ ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ШАҢДАНУ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ

  • Шаң бөліну қарқынын анықтаудың тәсілдері
  • Түрлі технологиялық процестер кезіндегі ауаның шаңдануын бағалау

 

ІІ-ТАРАУ.  ҚАЗУ-ТИЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗІНДЕГІ ШАҢМЕН КҮРЕС

2.1 Тау массасын тиеу кезіндегі шаңды басудың тәсілдері мен құралдары

2.2 Шаңды басу үшін судың салыстырмалы шығынын анықтаудың маңызды тәсілдеріне талдау

 

ІІІ-ТАРАУ. ЕСПЕЛІ ШАҢДЫ ТҰНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

3.1  Шаң бөліну көздеріндегі шаң бөліктерінің қозғалыс сипаты

3.2 Шаң бөліну қарқындылығының аналитикалық негіздемесі

 

ІV-ТАРАУ. ГИДРОШАҢСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

4.1 Дисперлі бөліктердің сұйықпен әрекеттесуінің физика-химиялық негіздері

4.2 Шаңқоспасына арналған сұйықтықтың салыстырмалы шығынының негіздемесі

  • Тау массасы төгіндісін ылғалдандыру кезіндегі шаңды басудың құралдары мен тәсілдерін таңдаудың критерийлері

 

V-ТАРАУ. ЕСПЕЛІ ШАҢДЫ ТҰНДЫРУҒА АРНАЛҒАН СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ШЫҒЫНЫН ЕСЕПТЕУДІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстандағы минералды ресурстарды табу және қайта өңдеу ұзақ уақыт бойы экологиялық салдарсыз және табиғатты қорғау саясатынсыз жүзеге асырылып келді. Бұл жағдайда ауаның ластануының түрлі көздеріндегі зиянды заттардың қалдықтары үлкен мәнге ие болды. Мысалы 1988 ж. бұрынғы Кеңес Одағында ластанудың стационарлық көздерінен болған қалдықтар 5,4 млн.т. құрады. Аудандардағы таукен өндірісі комбинаттарының қарқынды әркеттерінен  жер қыртысы, жер үсті және жер асты сулары ластанды. Ауа бассейнінің ластануымен қатар пайдалы кендердің құнды компоненттерінің де жойылуына әкелді.

Соңғы кезекте мұның бәрі адамның денаулығына кері әсерін тигізетінін де көрсетуіміз керек. Осы болжамға байланысты және ластану көздерінің шаң бөліну қарқындылығын анықтау, таукен өндірісі және құрылыс кешендеріндегі шаңмен күресу шараларын ұйымдастыру  маңызды мәселе болып табылады. Түрлі көздердің шаң бөліну қарқындылығын дұрыс анықтау тиімді құралдар мен шаңды басу  тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде қоршаған ортаның ластануымен күресу, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту да маңызды мәселе болып қала береді.

Жұмыста ұсақтау-сұрыптау фабрикаларындағы қайта тиеу желілерінен шаңның шектеулі-мүмкін болатын концентрациясына дейінгі шаң бөлінуді төмендетудің тәсілдері мен құралдары қарастырылады.

Үгітілген материалдардың физика-механикалық қасиеттеріне байланысты үгітудің түрлі кезеңдері үшін соңғы пайдаланыммен шаңды сору құралдары жасалған.

Берілген жұмыста ДСК бойынша бұзылған кен массаларының физика-химиялық қасиеттері есебінде ҚазҰТУ және ҚазБСҚА-да келтірілген шаңды сорудың құралдары мен тиімді тәсілдерін зерттеудің қорытындыларын жалпылауға талпыныс жасалған.

Теориялық және техникалық әзірлемелер таукен және құрылыс өндірісінде жұмыс істейтін инженерлік-техникалық білімі бар жұмысшылардың, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен аспиранттардың қызығушылығын тудырады.

 

І-ТАРАУ.  ШАҢДАНУ ҚАРҚЫНЫН АНЫҚТАУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ ӨНДІРЕТІН ЖӘНЕ ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ШАҢДАНУ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ

 

  • Шаң бөліну қарқынын анықтаудың тәсілдері

 

Жеткілікті нақтылықпен шаң бөлінудің ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін  ауаның шаңдауын бақылау құралдары мен тәсілдері белгілі.

Ауаның шаңдауын бақылау құралдары екі топқа бөлінеді:

— гравиметрлік, радиоизотопты, оптикалық, пьезоэлектрлік әдістер енгізілген диспрлік фазалы аэрозольден бөлінген құралдар; шаңды сумен сору, фильтрдегі қысымның түсуін өлшеу,  механикалық вибрация әдістері;

— оптикалық, электрлік, және аккустикалық әдістер енгізілген дисперлік фазалы аэрозольден бөлінбеген құралдар. Түрлі топтардағы құралдар жеткілікті нақтылықпен ауаның ластануын анықтауға мүмкіндік беретіндігіне қарамастан ластану көзінің шаң бөліну қарқындылығына белгілі болжамдар жасау қиын. Шаң бөліну қарқындылығы көптеген факторларға қатысты.

Қарқындылық бойынша жұмысты зерттеу түрлі көздерден бірқатар математикалық формулаларды алуға мүмкіндік береді. Ауаның тепе-теңдік  жағдайында жұмыс авторының үздіксіз әрекетінің нақты көзі үшін мына түрдегі қарқындылық формуласы ұсынылады:

J=X2nu exp-                                  (1.1)

 

мұндағы, J — шаң бөлінудің  қарқындылығы, мг/м3 ; К- кенішті желдетудің  сызбасына және кемерлі жұмыс алаңы көзінің орналасуына тәуелді  коэффициент; Х- кеніш атмосферасының фондық есебіндегі шаң концентрациясы анықталатын шаң тасқыны алауының кіндігіндегі көзден нүктеге дейінгі қашықтық (мг/м3),  Ψгр  — өлшемі жоқ, межесіз параметр, желдету сызбасына тәуелді ауқым, м; u — шаң бөліну көзіндегі ауа легінің жылдамдығы, м/с.

 

 

Скачать