Оңтүстік Корея туралы 70 мәлімет — Қазақстан жаңалықтары
Stan.kz көпшілігінің жүрегін жаулаған ел — ңтүстік Корея туралы қызықты мәліметтер ұсынады.
1. Корея Республикасы — өте қауіпсіз мемлекет. Кореятүстік Кореяда типі, нәзік жандылар қауымы түнгі уақытта да қаланың сырт жағындағы аудандарда жалғыз өзі қорықпай жүре алады.
2. Белые лучи света сияют ирлы жылмысты, и те, и другие мечтают о том, что им нужны самые лучшие сандалии, а также о том, что они должны сражаться за хабарланады.
3. Кореяға барудың ең жақсы уақыты — көктем мен күз мезгілі. Көктемде шие гүлдеп жайқалса, ал күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып, төңірек ерекше түске боялады. Желание өыста суте суиқ және желді, бқрқ жазда кереметтей ыстық, ылғалды, сондай-ақ жаңбырлы болады.
4. Елдің аумағы өте кішкентай, сондықтан өркениет оның барлық бұрышына дерлік еніп, ел жоғарғы деңгейде дамыған. Кореяда адасып кету мүмкін емес, мұнда алыс түкпірдегі ауылдар жоқ.
5. Кореяда ең танымал спорт түрі – бейсбол. Оны барлығы, жасынан бастап кәрісіне дейін ойнайды және барлығында бейсбол жарқасы бар. Бейсбол ойындарында, әсіресе ауқымды ұйымдастырылған ойындар әрдайым аншлагпен өтеді.
6. Танымалдылығы бойынша екінші орында – гольф. Оны орта жастағы ер адамдар ойнайды. Ал егде жасқа толған кәрістердің бәрі тауға шығады.
7. Кәрістер тауға шыққанды қатты жақсы көреді. Тауларда серуендеу кәрістер үшін сүйікті ойын-сауық. Олар түні бойы мас болғанға ішімдік ішсе де, ертеңгісін таңғы сағат 8-де тұрып, таңғы асын ішіп, еш қиындықсыз тауға көтеріле алады.
8. Кореялықтардың 90%-ы алыстан нашар көреді. Сондықтан, олар көзілдірік немесе контактілі линзалар тағып жүруге мәжбүр. Кәрістер көзілдірікті бала кезінен бастап тағады. Бұған қарап олардың көру қабілеті туылғаннан нашар болған деп ойлайсың.
9. Кәрістердің барлығы Internet Explorer-ді қолданады. Олар басқа браузерлерді түсінбейді, сонымен қатар көпшілігі тіпті браузердің не екенін де білмейді. Осыған байланысты, корейлік сайттар, тиісінше, тек «Explorer-мен» жасалады. Оның үстіне ешқандай корейлік сайт басқа браузермен дұрыс жұмыс істемейді.
10. Көптеген кәрістер Google-ті ашу үшін бірінші naver.com-ды ашады. Олар Google-ге корей тілінде naver.com деп іздеу жүргізіп, содан кейін ғана сілтемені басады.
11. Кәрістер кофені қатты жақсы көреді және мұнда кофе ішетін орындар өте көп. Олар түскі немесе кешкі астан кейін міндетті түрде бір шыныаяқ кофе ішеді.
12. Кореяда тегін ғаламторды әрдайым таба аласыз. Кез келген мекемелерде, кафелерде және тіпті автобустарда да тегін ғаламтор бар.
13. Кофеханалар, кинотеатрлар, супермаркеттер, мейрамханалар, барлар, дүкендер желісі болса, демек ол танымал. Себебі, Кореяда кез-келген мекеме желі болмаса, ол әлі көтерілмеген дегенді білдіреді.
14. Кореяда отандық тауарлар өте жақсы қолдауға ие. Сондықтан тіс пастасы, сағыз, әйелдердің гигиеналық заттары, чипс және т.б. сияқты көптеген импорттық тауарлар табылмады.
15. Кореяда ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылады. Қырыққабат, шалқан және көкөніс, күріш алаңқайлары тіпті қала орталығында да кездеседі.
16. Бұл елде стоматологиялық қызметтер өте қымбат, сондықтан барлық кәрістер тіс гигиенасын мұқият қадағалайды. Олар тамақтанған сайын және әр шынаяқ кофеден кейін міндетті түрде тістерін тазалайды. Тіс щеткасын сөмкелеріне салып, үнемі өздерімен алып жүреді, ал кейбір жерлердің дәретханаларында тегін щеткалар тұрады.
17. Білім алу кез-келген кәріс азаматының өмірінде маңызды рөл атқарады. Кәрістер таңертеңнен кешке дейін, апта күндеріне қарамастан, тіпті демалыс кезінде де қосымша курстар алып немесе өздігінен дайындалып болсын (сабақ) оқиды.
18. Кореяда демалыс деген түсінік жоқ. Кәрістерге жұмыстан демалуға бірнеше күн жеткілікті. Әдетте, көптеген жұмысшылар тамыздың басында шетелге шығып келу үшін ғана бірнеше күнге демалыс алады.
19. Елде екі негізгі ұлттық мереке бар. Біріншісі, ай күнтізбесі бойынша атап өтілетін Жаңа жыл мейрамы болса екіншісі, Корея үш күн бойы жұмыс істемейтін күзгі фестивалі. Оларда осы күндерден басқа мерекелік демалыс жоқ.
20. Мемлекеттік мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерді тек президенттің өзі ғана жұмыстан босата алады. Бұл – қатты құрметтелетін және жоғары жалақылы мамандық.
21. Толық кәрістер өте сирек кездеседі. Ал, семіздері мүлде кездескен емес.
22. Қыздары аяқтарын еш қымсынбай көрсете алады, бірақ кеудесін ешқашан көрсетпейді.
23. Кәріс қыздарының көпшілігінің кеудесі кішкентай, ал бөксесі жалпақ келеді. Бірақ, олардың аяқтары оқтай, мінсіз болады.
24. Сондықтан, Кореяде пластикалық хирургия жақсы дамыған. Ол жақта түскі үзіліске кеткен қыздар бір демде кеудесін ұлғайтып та келуі мүмкін. Мектеп бітіріп, институтқа барған соң, көптеген қыздар сыйлық ретінде қабағын, мұрынын немесе басқа жерін түзетіп алады.
25. Кәріс қыздары терісін, шашын мұқият күтіп, ақылға қонбайтын косметикалар мен косметикалық құралдар пайдаланады. Олар көшеге макияжсыз шықпайды.
26. Көпшілігі кәріс қыздары жапондықтар мен қытайлықтардан және басқа да азиялықтардан әдемірек деп санайды. Тіпті, сұлулығы жасанды болса да көбі кәріс қыздары әдемі деп есептейді.
27. Таза болғандары сонша Кореядағы көшелерден қоқыс жәшігін табу өте қиын.
28. Барлық кәрістер өлеңді жақсы айтады және сол себепті караокеге барғанды жақсы көреді.
29. Ұялы телефон бәрінде бар, тіпті қаңғыбастардың өзі телефонмен жүреді.
30. Бұл елде кез-келген телефонды екі жылға несиеге алуға болады.
31. Кореяда сауда-саттықтың қызған уақыты кешкі 7-8-ден кейін басталады және кейбір жерлерде түн жарымға дейін жалғасады.
32. Жас жігіттерге қыздарды өз үйлеріне алып келуге болмайды, сондықтан Кореяда қонақүйлер өте көп.
33. Мотельдердің көбі шіркеулердің жанында орналасқан. Күнә жасап қойғандар дұға ету үшін алысқа жүгірмейді.
34. Мүгедектігі болмаса, барлық жігіттер әскерде қызмет етіп, Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті.
35. Кәрістер тамақтануға өте ерекше мән береді. Олар «қалың қалай» деудің орнына «дұрыс тамақтандың ба» деп сұрайды. Кәрістерде кем дегенде бір рет тамақ уақытын жіберіп алу күнә секілді есептеледі. Және «жеу» етістігі көптеген басқа етістіктерді алмастыра алады, мысалы, «ішімдік ішу», «дәрі қабылдау», «таза ауада тыныстап қайту», және тіпті «бір жылға өсу» сөздерінің орнына қолданылады.
36. Кореялықтар көп тамақтанады және бір рет тамақтанғанның өзінде түрлі тағамдар жейді. Бірақ, дастархандарында міндетті түрде кимчи мен басқа тұздықтар тұрады. Түскі аста бір ғана тағам жегендері сирек кездеседі. Олар қарындары тойғанша тамаш ішеді.
37. Кез келген кәрістен корей тағамдарының қайсы жақсы деп сұрасаң, екінің бірі бәрінің денсаулыққа кереметтей пайдалы екенін айтады. Және қандай да бір себептермен жиі ерлердің денсаулығы үшін пайдалы деп жатады.
38. Кәрістер орыстардан да көп ішімдік ішеді. Олар тез масайып қалады, бірақ ешқашан шу көтеріп, жанжал шығармайды. Мұнда тіпті, мас кәріс ешқандай қауіп төндірмейді.
39. Әрбір корей азаматы барлығын тез масайтуға бағытталған үстел үстінде ойналатын шулы ойындардың түр-түрін біледі.
40. Кәрістер өте жомарт және қайырымды халық. Олар үнемі жанындағы адамға түсті ас алып бергісі келіп тұрады және ешқашан көмек көрсетуден қашпайды.
41. Кореяда күзетшілермен, автобус жүргізушілерімен және аула сыпырушылармен жалпы, бәрімен бірдей амандасу қалыптасып қалған тәртіп. Мұнда егде жастағы адамдарға амандасу құрмет, ал оның кім болып жұмыс істейтіні маңызды емес.
42. Бұған әрине, сену қиын, бірақ дереккөздерге сүйенсек кәріс қыздарының 25% -ында жыныстық қызмет көрсету саласында тәжірибесі бар. Олар жезөкшелер, эскорт қызметтері және барларда және караокелерде «әңгімелуге арналған» қыздар.
43. Үйленген еркектердің көбі әйелдерінің көзіне шөп салады және бұл оларда қалыпты жағдай.
44. Тұрмыстағы көптеген кәріс әйелдері балаларын тәрбиелеумен айналысып, жұмыс істемейді.
45. Барлық егде жастағы әйелдер бірдей жүреді. Олардың шаш үлгілері де, киімдері мен бас киімдеріне дейін бірдей.
46. Кореяда қаңғыбас иттер жоқ. Үлкен иттерді де асырайтындар аз. Бірақ, оларда қалтаға салып жүретін кішкентай ит алып жүру, оның жүнін жарқын түстерге бояу, қызықты киімдермен кидіру сәнге айналған.
47. Танымал түсінікке қарамастан, иттің етін жеп көрген кәрістер өте аз.
48. Кореядағы шетелдіктер екі санатқа бөлінеді: алмасу бойынша білім алып жүрген студенттер және ағылшын тілінің мұғалімдері.
49. Кәрістер орындық немесе диванға қарағанда, еденге отырғанды жақсы көреді.
50. Мұнда ауа-райы болжамы дәлме-дәл келе ме, әлде кәрістер әрдайым сөмкесіне қолшатыр салып жүре ме, бірақ әйтеуір жаңбырдың астында қалған адамды көру мүмкін емес.
51. Кореяда қатты жаңбырдың салдарынан жиі су тасқыны болады.
52. Кез-келген кәрістің әмияны визиткаларға, әртүрлі жинақ және дисконттық карталар мен купондарға толып тұрады.
53. Кәрістер негізінен корей музыкасын тыңдайды. Батыс орындаушыларынан тек хитке, сәнге айналғанын тыңдайды.
54. Ал корей музыкасы негізінен поп-музыка, және бір-бірінен ерекшеленбейтін бой-бэнд пен герл-бэндтер.
55. Музыкалық топтың әрбір әнге шығарған өздерінің биі болады. Оларды жанкүйерлері жатқа біледі.
56. Кореяда алаңдар жоқ. Тек кейбір ғимараттардың алдында ғана алаңқай бар.
57. Көптеген барларда тек сыраға ғана тапсырыс беруге болмайды. Ондай жерлерде міндетті түрде сыраға арналған тұздықтарға тапсырыс беру керек болады. Кәрістер сыраның өзін ғана іше алмайды, олар сырамен бірде міндетті түрде шайнайтын бір нәрсе жеуі керек.
58. Корей телеарнасында – жарнамалар, корей сериалдары, әзіл-оспақ шоулар, сұлулық шоулары және тағамдарды көрсететін бағдарламалар көрсетіледі.
59. Корей жарнамасының шынымен де нені жарнамалап жатқанын түсіну мүмкін емес.
60. Сұлу әрі жас қыздың алкогольдік сусынды жарнамалап жатқаны ешкімді қызықтырмайды.
61. Кәрістер танысу кезінде алдымен адамның жасын сұрайды. Бұл қарым-қатынастың әрі қарай дамуы үшін маңызды. Егер әңгімелесуші кем дегенде бір жас үлкен болса, оған сыпайылықпен, құрметпен қарауға және оған қызметшіл болуға тиіс.
62. Кәрістер сөйлесу кезінде жиі әдепсіздік жасайды. Олар «жігітің бар ма?» немесе «сен неге тұрмысқа шықпадың?» деп жеке басқа қатысты сұрақтар қоюы мүмкін.
63. Жас жігіттер романтикалық қарым-қатынысты теледидарда көрсетіліп жатқан кез-келген драмаға айналдырып жіберуі мүмкін.
64. Кореяда барлық жерде шылым шегуге болады. Темекі шегуге тыйым салатын белгілерді жиі елей бермейді.
65. Көшеден темекі шегіп тұрған қызды көру сирек кездеседі. Кореяда шылым шегетин қыздар аз және олар тек барларда және клубтарда ғана шылым шегеді.
66. Кореяда көшеде де алкоголь ішуге болады. Кәрістер көбінесе күтпеген жерлерде алкоголь ішіп, тосннан пикник ұйымдастыра салады.
67. Кәрістер кез-келген сөзге жаждет ретинде күледі, тіпті күлкілі емес әзілдің өзіне күле береді. Әсірсе, олар шетелдіктердің корей тілінде сөйлегенін көріп қуанады.
68. Кореяда ерлердің жыныс мүшесі мүсіндерімен толтырылған саябақ бар.
69. Кореяда ешкім ешқайсысын атымен атамайды және «сен» немесе «сіз» демейді. Олар туыстық және қарым-қатынас жағдайлары үшін қолданылатын әртүрлі сөздерді қолданады.
70. Егер біреу біреуді өзіне шақырса, басқа елдердегідей қолын жоғарыға көтеріп емес, алақанын төмен түсіріп шақырады.
stan.kz