Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
4
1 ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ОДАҚТАС
РЕСПУБЛИКАЛАРДЫҢ ЖЕРІН ЖАУДАН АЗАТ ЕТУГЕ ҚАТЫСУЫ
1.1 Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы және соғыстың бірінші кезеңі
8
1.2 Брест, Мәскеу үшін шайқастағы қазақстандықтардың ерліктері және
Ленинград үшін шайқасқан қазақстандықтардың ерліктері
20
1.3 Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдер мен құрамалар және
қазақстандықтар Сталинград — Курск шайқасында
35
2 ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ЖЕҢІСПЕН АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ
ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МАРАПАТТАЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ
2.1 Соғыс жылдарында Қазақстандағы әскери өнеркәсіптің кешенді дамуы және
Қазақстан еңбекшілерінің ерлік еңбегінің нәтижесі
49
2.2 Қазақстандықтардың одақтас республикалардың жерін азат етуі және
екінші дүниежүзілік соғыс салдары мен соғыстың жеңіспен аяқталуы
57
ҚОРЫТЫНДЫ
76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
80
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939 — 1945) —
тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның өртін халықаралық империализмнің
екпінді күштері: фашистік Германия, фашистік Италия және милитаристік
Жапония тұтандырды. Ол капитализмнің жалпы дағдарысының екінші кезеңінде
империалистік мемлекеттер арасындағы қайшылықтың мейлінше шиеленісуінен
басталды. 1929 — 1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
капиталистік елдерде саяси реакцияның барлық бағытта күшеюіне әкеліп соқты.
Сөйтіп, монополистік буржуазия өз үстемдігінің буржуазиялық демократия
түрлерін террорлық билікпен алмастыруға тырысты. 1933 жылы үкімет басына
келген герман фашизмі өз саясатымен, идеологиясымен герман монополистік
капиталының дүние жүзіне үстемдік ету ниетін іске асыруға ұмтылды.
Расизмнің барып тұрған сорақы түрлерінің жиынтығы, агрессорлық өмір
кеңістігі теориясы — фашизмнің негізіне арқау болды. Ол өзінің жауыздық
мақсатына жету құралы тек күш көрсету, сондықтан соғыс әрбір неміс азаматы
үшін қасиетті іс деп жариялады.
1933 жылы фашистік Германия Ұлттар Лигасынан шықты. Халықаралық
аренада Германияның, Жапонияның және Италияның агрессиялық күштері бас
көтере бастады. 1936 жылы 25 қарашада Германия және Жапония
Антикоминтерндік пактіге қол қойды. 1937 жылы қарашада оған Италия
қосылды.
Өзара қырқысқан капиталистік топтар дүние жүзін қайта бөлісу және
тауар өткізу рыноктарына ие болу үшін күресе отырып, сонымен бірге КСРО —
ны құртуды көздеді. Сондықтан АҚШ, Англия, Франция өздерінің бірінші дүние
жүзілік соғыстағы қарсыласы Германияның әскери — экономикалық қуатын жедел
қалпына келтіруге көмектесе отырып, болашақ агрессияны Кеңес Одағына қарсы
айдап салуға тырысып бақты. 1938 жылы наурызда Германия Австрияны басып
алды. Ал қыркүйекте, Мюнхен келісімінің нәтижесінде, Англия мен Францияның
Судет облысын Германияның басып алуына келісті. Мұны АҚШ қолдады. Соғыс
қаупінің күшеюіне байланысты Кеңес үкіметі соғысты болдырмау, бейбітшілікті
сақтау үшін коллективтік қауіпсіздік жүйесін құрып, агрессорларды
ауыздықтау саясатын жүргізді.
Англия мен Франция үкіметтері қоғамдық пікірден сескеніп және
Германияның одан әрі күшеюінен қауіптеніп КСРО — мен келіссөз жүргізді.
Бірақ, Англия мен Францияның теріс бағыт ұстауы салдарынан келіссөз сәтсіз
болды да, 1939 жылы 23 тамызда КСРО өз қауіпсіздігі үшін Германиямен өзара
шабуыл жасаспау шартына келісті. Кеңес үкіметінің жүргізген дұрыс және
дәйекті саясатының нәтижесінде, екінші дүние жүзілік соғыс Батыс
державалардың үмітін ақтамай, капиталистік дүниенің өз ішіндегі
қақтығысынан басталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.Осы дипломдық жұмысымның ғылыми
жаңалығы көптеген әдебиеттерді қолдана отырып, Қазақстан тәуелсіздік алған
жылдардан бері есімдері аталмай көленкеде қалған ағаларымыздың
ерлігіне тоқталдым.
Практикалық маңыздылығы.Ұсынылған дипломдық жұмыстын тақырыбы
бойыша жалпы білім беретін орта мектептерде қазақстан тарихы бойынша
тәрбиелік мақсатта, өз елінің түп- тарихын игеріп білу үшін,өскелең
ұрпақтың патриоттық сезімін ояту мақсатында қолдануға болады..
Диплом жұмысының мақсаты. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы,
соғыс қарсаңы және соғыстың кезеңдерін толық ашып зерттеу болып табылады.
Міндеттері:
— Екінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептерін жайлы толық
мағлұмат беру;
— Одақтас республикалардың жерін азат етуге қатысқан қазақстандықтар
туралы нақты фактілер келтіру;
— Ұлы Отан соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы жайлы ғылыми
тұрғыдан бағалау;
— Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы мен зардаптарын айтып өту;
— Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігін нақты құжаттар
арқылы мәлімдеу;
Зерттеу нысаны. Екінші дүниежүзілік соғыс, оның басталу, өрбу,
аяқталу себептері. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың
қатысуы,
Зерттеудің пәні:Екінші дүниежүзілік соғыстың ерекшеліктері және
қазақ халқына бұл соғыстың тигізген әсері.
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері.
Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында Қазақстандықтардың
майдандағы көрсеткен ерлігі ұшан теңіз. Бұл жайында көптеген
зерттеушілер өз еңбектерінде атап өткен, Аманжолов,К.Р., Артемов
А.П.,Абдиров.М.,Абильев.А.К.,Мураде н.В.А.,Сулейменов.Б.С.т.б. Ал осы
жылдары тыл еңбеккерлері дағы майдандағы жеңіске өз үлестерін қосты,
бұл жайында Қасымбаев.Ж.Қ., Қозыбаев.М.Қ, Алдажұманов.Қ.Х.,Галузо.
П.Г.,Нусупеков.А.Н,Тынышпаев,К.Н.т. б.көптеген еңбектерінде атап көрсетті.
Қазақстандықтар майданмен тылда ғана емес жау тылындада көптеген
ерліктер жасады Кузенбаев.А.,Артықпаев.Ж.О.,Шахов.Н .А.т.б. еңбектерінде
жазылған.
Зерттеу әдістері. Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуының
тарихи сипаты. Оның мазмұны мен тарихи сипаты, ерекшеліктері қойылған
міндеттердің шешімін айқындайды.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, 2
бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ОДАҚТАС
РЕСПУБЛИКАЛАРДЫҢ ЖЕРІН ЖАУДАН АЗАТ ЕТУГЕ ҚАТЫСУЫ
1.1 Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы және соғыстың бірінші кезеңі
Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 — қыркүйектің 2,
1945) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония
тарапынан басталған соғыс. 1933 жылы фашистік диктатура орнағаннан кейін
Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны
Италия және Жапония үкіметтері қолдады. Әділетсіздік негізінде құрылған
Версаль — Вашингтон жүйесі 1929 — 1933 жылдары дүнижүзілік экономикалық
дағдарыс қысымына шыдай алмай ыдырады. Европада ірі копиталисттік
мемлекеттер арасындағы қайшылықтар арта түсті. Монополисттік топтардың
қолдауымен өкімет басына келген фашисттік күштер әлемді қайта бөлуге бел
байлады. 30 жылдар басында соғысты жақтаушы елдердің саны санаулы ғана
болды. Соғысты жақтамайтын елдердің орасан көп болуына қарамастан, олардың
ой — пікірлері, үміті іске аспай қалды. Әлемдегі тыныштықты бұзып
дүниежүзін қайта бөлуді көздеген мемлекеттер қатарына Германия, Италия,
Жапония кірді. Дүниежүзін жаңа бөліске салуы көздеген қарулы көтерілісте
Жапония І — ші бастады. 1933 жылы 27 наурызда Жапония Ұлттар Лигасынан
шығып, жаңа басқыншылық әрекеттерге әзірленді.
Қиыр шығыста, соғыс ошағы пайда болды. Германиядағы билік
фашистік, ұлтшылдық, социалисттік жұмысшы партиясының ықпалына көшкені,
Европа дәл ортасындағы халықаралық қатынастарды күрт шиеленістірді. Партия
төрағасы Гитлер өз еңбектерінде сөйлеген сөздерінде Германияның қолын
шырмаған Версаль — Вашингтон келісімдерін бұзып, Германияны қайта көтеріп,
әлемді қайта бөлісіп, Германия империясын жандандыру пікірін жасырмай, ашық
жариялады. Европаны коммунизм қаупінен құтқару деген жалған ұранмен КСРО —
ға қарсы соғыс жорығын ұйымдастыруды көздеді. Германияның ең басты міндеті,
Версаль шарттарының соғыс баптарын қайта қарап, Германияны қаруландыру
дәрежесіне келтіру болды. Басқыншылыққа жол ашып өз әрекеттерін жеңілдету
үшін, Германия 1933 жылы 14 қазанда Ұлттар Лигасының мүшелігінен бас
тартты. 1936 жылы наурыз айында, Германия әскерлері Реин аймағына басып
кірді. 30 жылдар ортасында Италия Африка шеңберіндегі отарларды өзгерту
талаптарын ашық білдіре бастады[1].
Италияның фашисттік диктаторы Муссолини Африка елдерін
бағындырып, Жерорта теңізінің, Италияның ішкі теңізіне айналдыруды
армандайтын. Әлемді жаңа бөлісудегі мақсаттарды бірдей мемлекет айқындайтын
олардың өзара әскери одақ құруды тездетті. Басында фашисттік мемлекет
жақындасты. 1936 жылы қазанда Гермария мен Италия арасына Берлин және Рим
белдігін құру туралы келісімге қол қойылды. 1936 жылы Германия мен Жапония
арасында одақ құрылды. 1937 жылы оларға Италия қосылды. Берлин, Токио, Рим
одағы құрылды. 1937 жылы наурызда Германия әскерлері Австрияны басып алды.
1939 жылы сәуір, мамыр айларында Англия, Франция, КСРО мемлекеттері
Мәскеуде кездесіп басқыншылық бола қалса өзара келісімге қол қойды. 1939
жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаны басып алды. Осылайша ІІ — ші
дүниежүзілік соғыс басталды.
1939 жылы 1 қыркүйекте гитлершіл Германия Польшаға тұтқиылдан
шабуыл жасап, Екінші дүниежүзілік соғыстың өртін тұтатты. Содан бері 70 жыл
өтсе де, адамзат өзінің тарихындағы осынау қасіретті дәуірге қайта — қайта
назар аударуда. Соғыстың қарсаңындағы жағдайға, оның басталуы мен
аяқталуына, халықаралық қатынастардың соғыстан кейінгі дамуына байланысты
көптеген жайттарға қайтадан ой жіберілуде. Тарихтың жекелеген беттерін
түрліше түсінуден, оларды субъективті түрде қабылдаудан, ақтаңдақтардың
орын алуынан туған талас жалғастырылып жатыр[2].
Біздіңше, Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына ғана емес,
сонымен қатар оның барысына антигитлерлік коалицияға қатысушылардың ондағы
ынтымақтастығының ерекшеліктеріне, Ұлы Отан соғысының шайқас алаңдарындағы
жеңістер мен жеңілістерге, кеңестік командованиенің біліктілігіне болашақта
әлі де талай рет қайта оралатын боламыз. Көптеген нәрселер қайта бағалауды
және жаңа көзқарастарды талап етуде. Өйткені бізде тарих тым сыңаржақ және
бұрмаланып жазылып келді. Мысалы, 1939 жылғы шарт туралы бізде ұзақ уақыт
бойы айтуға да болмайтын еді. Оның құпия хаттамаларына келетін болсақ,
олардың бар екені жақында ғана бұлтартпайтын фактілермен дәлелденді.
Екінші дүниежүзілік соғыс 30 — жылдардың орта шенінде — ақ ақиқат
шындыққа айналды. Жапонияның 1931 — 1932 жылдары Солтүстік Шығыс Қытайды
басып алуы, содан кейін 1937 жылы Орталық Қытайға басып кіруі, 1935 жылы
Италияның Абиссинияға шабуыл жасауы, 1936 — 1938 жылдары республикалық
Испанияға қарсы жасалған герман — италиян интервенциясы, Германияның 1938
жылы Австрияны басып алуы — міне, бұлардың бәрі агрессорлар қимылының
біртұтас тізбегінің буындары, олар бірте — бірте фашистер шапқыншылығының
ортақ тасқынына айналды да, сайып келгенде, іс жүзінде бүкіл дүниежүзін
қамтыды. Барлық ұлы державалардан тек КСРО ғана агрессорларды дәйекті
айыптап, қолынан келген кездері агрессия құрбандарына көмектесіп отырды.
Жаңа дүниежүзілік соғыстың сөзсіз болмай қоймайтын мүмкіндігі жоқ
еді. Сол кездің оқиғаларына жасалған талдау халықаралық қатынастарды
дамытудың альтернативті жолдары болғанын көрсетеді. 30-жылдардың орта
тұсында ғана емес, сонымен қатар неғұрлым кейінгі және күрделі кезеңде —
соғыс басталар алдындағы соңғы айларда, тіпті соңғы күндерде агрессорлардың
жолына тосқауыл қойып, соғысқа жол бермеуге болатын еді. Гитлершілдер 1938
жылдың жазында және күзінде Чехословакияны басып алуға әзірленіп жатқан
кезеңде альтернатива болды; ол Польшаға қарсы неміс — фашист агрессиясы
тікелей әзірленген 1939 жылдың жазында да болды.
1938 жылдың 15 наурызында американ журналистерінің Германия
Чехословакияға шабуыл жасай қалса, КСРО не істемекші? деген сұрағына КСРО
сыртқы істер халық комиссары М.М. Литвинов біздің ел одақтастық
міндеттемесін орындайтынын мәлімдеді. Сәуірдің екінші жартысында
Москвадағы Чехословакия елшісі З.Фирлингер Прагаға Кеңес үкіметінің ресми
позициясы туралы былай деп хабарлады. Өтініш жасалатын болса, КСРО
Франциямен және Чехословакиямен бірге Чехословакияның қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөнінде барлық шараларды қолдануға әзір. Бұл үшін онда
қажетті құралдардың бәрі бар Кеңес Одағының үкіметі жағдайдың ушығып
кетуін ескере отырып, Францияға, Чехословакияға көмек көрсетудің нақты
формаларын талқылау үшін КСРО, Франция және Чехословакия қарулы күштері бас
штабтарының келіссөзін бастауды, Чехословакияны қорғау жөнінде халықаралық
конференция шақыруды және агрессорға тиісті ықпал ету үшін ұлттар Лигасына
өтініш айтуды ұсынды. Бұған жауап қайтарылмады.
КСРО фашизмге қарсы жападан жалғыз күресуге мәжбүр болатын еді.
Бұл орайда Сталин бастаған кеңес басшылығының мұндай жағдайда Мюнхен
бітімшілерінің ілтипаты, жалпы, гитлершілдер жағында болып шықпас па екен
деп қауіптенуі ықтимал еді. 1939 жылы мамыр айынан бастап кеңес және моңғол
әскерлерінің Халхин — Гол өзенінде жапон интервенттеріне қарсы табанды
шайқастар жүргізуіне тура келгенін де ескермеске болмайды. Жапонияның
агрессияшылдығының күшейе түсуі екі майдандағы соғыс перспективасын әбден
айқын байқатқан еді. Кеңес үкіметі 1918 — 1922 жылдардағы жағдайдың
қайталануына жол бере алмайтын, ал ол кезде еліміз дүниежүзінің бірден
барлық негізгі державаларының интервенциясына қарсы тұруға мәжбүр болған
еді.
Қалыптасқан жағдай тым қиын еді. Әңгіме шын мәнінде Кеңес
мемлекетінің аман қалуының өзі жайында болды. Қалыптасқан әдеттен тыс
тарихи жағдайда бір — ақ жол қалды: оқиғалардың алдын алып, Гитлермен
ымыраға баруға тырысу керек еді. Бұл орайда, біріншіден, фашистік
Германиямен тікелей қақтығысты шамалы мерзімге болса да кейін шегеру
перспективасы ашылатын. Ең алдымен, қару — жарақ пен күштерді жаңғырту,
экономиканы соғысқа әзірлеудің кең көлемді жоспарын жасап, жүзеге асыру
және ақыр соңында жазалау әрекеттері салдарынан әскери командованиенің
жоғары буынында пайда болған жарықшақты бітеу мақсатында осындай кейінге
шегеру өте қажет болды. Екіншіден, герман — жапон альянсына сына қағу
мүмкіндігі ашылды [3].
1939 жылы 20 тамызда И.В.Сталинге шабуыл жасамау туралы шартқа
қол қою туралы ұсыныс жасаған хат жолдай отырып, Гитлер олай болмаған
жағдайда КСРО — ның поляк — герман дағдарысына киліктірілуі мүмкін екенін
ескертті. Кеңес — герман қатынастарын жақсарту туралы ұсыныстарды герман
өкілдері бұрын да жасаған болатын, алайда кеңестер жағынан ең тәуір дегенде
әрі — сәрі жауап қайтарылып отырды. 30 мамырда Сыртқы істер халық комиссары
қызметінде М.М.Литвинов В.М.Молотовпен ауыстырылғаннан кейін гитлерлік
Сыртқы істер министрлігінің жетекші шенеуніктерінің бірі басшылыққа жасаған
басқармасында Германияның инициативалы ұсыныстар енгізіп жатқанын, бірақ
орыстардың сенімсіздігіне тап болып отырғанын атап көрсетті. Маусым
айының аяқ кезінде елші В.Шуленбург кеңестер жағының көзге ұрып тұрған
сенімсіздігін тағы да атап көрсетті.
1939 жылы 23 тамызда Москваға Германияның сыртқы істер министрі
Иоахим Риббентроп келді. 24 тамызға қараған түні Риббентроп В.М.Молотовпен
және И.В.Сталинмен әңгімелескеннен кейін шабуыл жасамау туралы кеңес —
герман шартына (пактісіне) қол қойылды. Бұл құжатта екі жақтың бір — бірі
жөнінде агрессиялық әрекеттен және шабуыл жасаудан аулақ болуы, егер шартқа
қатысушылардың бірі үшінші держава тарапынан жасалған ұрыс қимылдарының
объектісіне айналса, оны қолдамайтын болуы көзделген. Сондай — ақ екі жақ
бұлардың біріне қарсы бағытталған державалар тобына қатыспауға міндеттенді.
Кеңес — герман шартына қол қойылғаннан кейін, дәстүр бойынша екі
мемлекет басшыларының және халқының денсаулығы үшін шарап құйылып, бокалдар
көтерілді. Мен герман ұлтының өз көсемін қалай сүйетінін білемін,
сондықтан оның денсаулығы үшін ішкім келеді, — дейді Сталин. Одан әрі
қарай: Кеңес үкіметі жаңа шартқа өте байсалды қарайды. Сондықтан да Кеңес
Одағы ешқашанда өз сыбайласын сатпайды, — деп мәлімдеді ол. Осы күннің
ертеңінен бастап кеңес баспасөзі антифашистік науқанды кілт тоқтатып,
Ұлыбритания мен Францияны соғыс өртін тұтандырушылар деп атай бастады.
1939 жылғы кеңес — герман құпия келісімшарты кеңес халқына арада
50 жыл өткенде, тек 1989 жылы белгілі болды. Бұл шарт нақты жағдайда
ақталған және дер кезінде жасалған қадам болғанын, фашистердің бұл келісім
демократиялық, бейбітшіл күштерді іріткеніне және осы кезге дейін жағымсыз
әсер қалдырып жүргеніне қарамастан, ол КСРО — ның уақыт ұтуына мүмкіндік
бергенін қуаттайтын бірсыпыра құжаттық деректер бар. Оның үстіне, тыныстау
үшін алынған уақыт әсте де жақсы пайдаланылмағы мәлім. Достық және шекара
туралы кеңес — герман шартын алып қарасақ, олар нацистермен принципсіз
ынтымақтастық жасалғанын дәлелдейді. Ал бұл құжаттар Еуропадағы оқиғалардың
дамуына өзінің жазалаусыз қалатынына сенген Гитлерді қолпаштаған ағылшын —
француз саясаты ықпал ете қоймағанына қарамастан, олардың халықаралық —
құқықтық және этикалық нормаларға өрескел қайшы келетіні, кеңестік сыртқы
саясаттың принциптерінен шегінушілік болғаны айқын[4].
Екінші дүниежүзілік соғысты бірінші болып Германия 1 қыркүйек
күні Польшаға басып кіру арқылы бастаса, КСРО 17 қыркүйек күні Шығыс
Польшаға шабуыл жасау арқылы қоштады. Молотов соғыс басталғаннан кейін бір
апта өткенде Гитлерді табыстарымен құттықтады. 18 қыркүйек күні бірлескен
кеңес — герман әскерлері алдын ала келісілген жерлерді өзара басып алуды
аяқтады. Осы жеңістің құрметіне 22 қыркүйекте Брест қамалында біріккен
кеңес — герман әскери шеруі өткізілді. Екі елдің мемлекеттік туы, кеңестік
орақ пен балға және неміс сватикасы қатар көтерілді. 28 қыркүйек күні екі
мемлекет арасында достық пен шекара туралы кеңес — герман келісімшартына
қол қойылып, өзара жаңа шекараларын бекітті. Батыс Украина және Батыс
Белоруссия деген атаумен Шығыс Польшаға бөлшектеліп, КСРО құрамына
енгізілді.
Кеңес үкіметі Ленинградтың қауіпсіздігін нығайту үшін Кеңес
Одағына Фин шығанағындағы төрт аралды 30 жылдық мерзімге жалға беруді,
Ханко ауданының бір бөлігін сатуды немесе кеңестік территорияның
бөліктерімен алмастыруды өтінді. Алайда Финляндия үкіметі бұған келіспеді.
Кеңес Одағының өзара көмек туралы келісімшарт жасау туралы ұсынысы да
қабылданбады. 30 қарашада кеңес әскерлері Финляндияға басып кірді. Сол күні
Финляндия президенті елді соғыс жағдайында деп жариялады. Сталин
Финляндияны түгел басып алып, соғысты 1940 жылдың наурызына дейін
жалғастырды, бірақ жеті қабаттан тұратын Маннергейм қорғаныс шебін кеңес
әскері бұзып өте алмай дымы құрыған соң, 12 наурызда бітім шартын жасауға
мәжбүр болды. Осыдан кейін жазда Марел — Фин КСР — і құрылды.
1939 жылдың тамыз айында Польшаға баса — көктеп кірер алдында
Гитлер Менің қолға алып жатқан шараларымның бәрі Ресейге бағытталған деп
мәлімдеме жасады. 1940 жылдың 22 маусымында Франция тізе бүкті. Енді
Гитлер өзінің ұлы міндеті — большевизммен есеп айырысу үшін аяқ — қолым
босады деп есептеді. Ол шығыстық сапарды күз маусымында бастап жіберуді
ойластырған болатын. Алайда тәжірибелі генералдар өз фюрерін Кеңес Одағына
шабуылды қыс маусымының алдында бастаудың өте қауіпті екендігіне иландырды.
1940 жылдың 18 желтоқсанында Гитлер Барбаросса деген кодтық аты
бар жоспарды №21 директива түрінде бекітті. Бұл жоспарда германдық қарулы
күштердің алдына кеңестік әскерді Ресейге қысқа мерзім ішінде күл — талқан
етудің міндеті қойылды. Үш қуатты соққы арқылы фашистер кеңестік әскерді
Прибалтикада, Белоруссияда және Украинаның оңтүстік бөлігінде быт — шытын
шығарып, жаудың әскери қабілетті күшін елдің ішіне ендірмеуге ұмтылды.
Барбаросса операциясының түпкі мақсаты — Волга — Архангельск жалпы
белдеуі бойынша азияттық Ресейге қарсы тосқауыл қою болатын. Осындай шапшаң
соғысқа небәрі төрт ай бөлінген.
Фашистер үлкен соғысты дайындай отырып, Кеңес Одағының басып
алынған жерлерінде жүзеге асыратын жантүршігерлік зұлымдықтарының
бағдарламасын да қамдады. Мәселен, немістің бір солдатының өмірі үшін 100
адамға дейін кеңестік тұрғындарды өлтіруге рұқсат берілді.
Барбаросса жоспарымен Кеңес Одағына 1941 жылғы 15 мамырда соққы
берудің нақтылы уақыты белгіленді. Әйтсе де Балқанға жасалған сапардың
салдарынан, бұл уақыт кейінге шегерілді. Содан Югославия мен Греция жаулап
алынғаннан кейін 30 сәуірде жоғарыдағы операцияны 22 маусымда бастауға
шешім қабылдады. КСРО — ға қарсы соғысты 22 маусымда бастаудың түпкілікті
бұйрығын Гитлер 1941 жылғы 17 маусымда берді.
1941 жылдың 5 мамырында Кремльде Сталин әскери академияларды
бітірушілерді қабылдап, онда Гитлермен қақтығысуымыз сөзсіз, бірақ
соғыстың басталуын екі — үш айға шегіндіре алсақ, біздің бақытымыз сол
болар еді, — деді. Алайда партия жетекшісінің сөзінен кейін — 14 маусымда
орталық баспасөзде ТАСС хабары жарияланып, герман — кеңес соғысы туралы
өсек — аяңның негізсіз, немістердің бейбітшілікті қолдайтындығы және олар
тарапынан қауіп — қатердің жоқ екендігі мәлімденді.
Маусым айының басында Қорғаныс халық комиссары С.К.Тимошенко Бас
штабтың бастығы Г.К.Жуковпен бірге Сталиннің қабылдауына баруға рұқсат
алды. Олар соңғы мәліметтерді қолма — қол жеткізді. Ал менің басқа
құжаттарым бар, — деді Сталин. — Оны айтасыздар, біздің бір табылыпты. (бұл
арада ол цензураға жатпайтын сөз айтты). Ол Жапонияда зауыттар мен
жезөкшелер үйлерін иеленіп үлгеріпті, сөйте тұра германдық шабуылдың 22
маусымда басталатындығын хабарлайды. Сонда маған оған сенуіме бұйрық
бересіңдер ме? Бұл хабар көрнекті кеңестік барлаушы Рихард Зоргеден түскен
болатын[5].
Бір жүйеге келтіріліп сарапталмаған, арасында анық — қанығы
белгісіз шикі — шала көп ақпар Сталиннің алдында үйіліп жатты. Оның ақ —
қарасын қалай айырасыз, сол себепті кейде аса құнды деректің өзіне күмән
туындағаны рас. Айталық, мемлекет қауіпсіздігі жөніндегі халық комиссары
В.Меркуловтың ертең соғыс басталады деген хабарына сенім көрсетілмеуі
соған дәлел. Бұған Сталин: Товарищу Меркулову. Можете послать ваш
источник из штаба Германской авиации. Это не источник, а дезинформация.
И.Сталин, — деп бұрыштама соғыпты.
А.И.Микоянның куәгерлігіне сенсек, Сталин Германия өз кезегінде
Англияны тізе бүктірмейінше екі майданда соғыса алмайды деген пікірге әбден
сенген. Ол соғыстың басталуын соза тұруға мүмкіндік бар екендігін айтып
баққан. Оның бұл пікірінен бөгде әңгіме қозғау өте қауіпті болатын.
Мәселен, Берия 21 маусым күні соғыстың басталатын нақтылы уақытын ғана
емес, сонымен қатар гитлерлік әскердің басты соққы беретін бағыттарын да
дәл көрсеткен. Берлиндегі біздің елшіміз бен әскери атташені тез арада
жауапқа тарту үшін Сталиннен рұқсат сұрайды.
Германия бізге шабуыл жасаудың алдында Мәскеуге Берлиннен елшіміз
Деканозов келеді. Оны германдық елші Вернер фон Шуленбург өз елшілігіне
түскі асқа шақырады. Сол астың үстінде Шуленбург біздің елшімізге былай
дейді: Елші мырза, дипломатия тарихында мұндай жайт болмаған шығар. Неге
десеңіз, мен сізге нөмірі бірінші мемлекеттік құпияны айтқалы отырмын.
Мұнымды Молотов мырзаға жеткізіңіз, ал ол Сталин мырзаны хабардар етеді деп
үміттенемін. Гитлер 22 маусым күні КСРО — ға қарсы соғыс бастауға шешім
қабылдады. Сіз бұлайша қадам жасауымның себебі не деп сұрарсыз, мен Бисмарк
рухында тәрбиеленген адаммын, ал ол Ресейге соғыс ашуға әрқашан қарсы болып
келді. Иә, басқа — басқа, Гитлерге жақын тұрған адамның бұл ғажайып
жағдайда айтқан хабары да Сталинге әсер етпеді ғой. Әскерді дайындыққа
көшіруге тыйым салынды.
Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков өзінің Воспоминания и
размышления атты кітабында былай дейді: Әскер мен оның командирлері
қандай жағдайда да жарғыға сәйкес әскери міндетті атқаруға дайын болуы
тиіс. Алайда соғыс алдында, тіпті 22 маусым күнгі түнде шекараны қорғау
эшелонына енетін бөлімдердің командирлері қайсыбір жағдайларда соңғы
уақытқа дейін жоғарыдан нұсқау тосты, бөлімдерді қалыпты дайындықта
ұстамады. 1941 жылғы 10 маусымда Бас штаб Киев ерекше әскери округі
әскерінің қолбасшысы генерал — полковник М.П.Кирпоностың атына төмендегідей
жеделхат жолдады. Украина НКВД шекара әскерлерінің бастығы нығайтылған
аудандардың бастықтары қамдануға тапсырма алыпты дейді. Мұндай өкімді тез
арада жоққа шығарыңдар және осындай өкімді өз бетінше кімнің бергендігін
анықтаңдар. Осы тектес қатаң ескертуді 21 маусым күні Прибалтика ерекше
әскери округі әскерінің қолбасшысы генерал — полковник Ф.И.Кузнецов та
алған еді[6].
Қашанда тұтқиылдан шабуыл жасау қарсыласына үлкен шығын әкеледі.
Мысалы, соғыстың тек алғашқы алты айында ғана кеңес әскерлері 3 млн 138 мың
адамынан айырылса, бүкіл соғыс барысында қаза тапқан офицерлер мен
солдаттардың 40 пайыздайы осы қанқұйлы 1941 жылдың үлесіне тиеді екен. Оның
ішінде 1941 жылдың маусым — қараша айларында Қызыл әскер майданда күніне
екі дивизиядай (24 — 25 мың адамынан) айырылса, соғыс аяғында күнделікті
шығындар 20 мың адамнан құраған.
Сөйтіп, 1941 — 1945 жылдар аралығында Кеңестер Одағының жалпы
саны 26 миллионға жуық адамы құрбан болған. Оның ішінде тікелей шайқаста
өлген солдаттар мен офицерлер 11 млн 944 мың 100 адамды (фашистік
Германияның Қарулы күштері 8,6 млн адам) құрап, тұтқынға 4 млн 59 мың
әскери қызметкерлер түсіпті (бұлардың 1,2 млн адамнан астамы өлген). Ал бұл
қырғынның зардабынан жалпы саны 13,6 миллиондай кеңестік бейбіт тұрғын опат
болған. Жалпы, соғыс жылдары майданға 34476700 адам шақырылып, оның 490
мыңын әйелдер құраған.
Соғыс кезінде 20 генерал абақтыға жабылып, атып өлтірілді
(марқұмдар түгел ақталды), үш генерал өзін — өзі мерт қылды, біздің 80
генерал, негізінен, 1941 жылы тұтқынға түсті. Оның 23 — і қаза тапты,
бесеуі тұтқыннан қашып, 12 — сі жау қолына өтті, 37 генерал Отанға оралды.
Олардың бәрі сатқындар, Отанға опасыздық жасағандар деп жарияланды. Бұлар
түгелдей сырттай ату жазасына кесіліп, олардың әйелдері мен әке — шешелері
10 жылға еңбекпен түзеу лагеріне қамалды.
Қазақстан соғысқа 1млн 366 мың адамды аттандырып, Отан қорғауға
5183 қыз — келіншектер қатысыпты. Осы орайда республикада 12 атқыштар
дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және екі
артиллериялық, 4 минометтік, 3 авиациялық полк және 14 жеке батальондар
құрылып, майданға жіберілген. Олар соғыстың барлық шайқастарына қатысып,
майдан далаларына 601 011 адамын қалдырып, елге оралған. Оның ішінде туған
жеріне жете алмай қаза тапқан қазақтардың саны 130 мың адамды құрайды.
1939 — 1940 жылдары совет — фин соғысы барысында КСРО өзінің
Солтүстік батыс шекарасын қауіпсіздендіруге жағдай жасады. 1940 жылы 12
наурызда КСРО мен Финляндия өзара бейбіт шартқа қол қойды. Бессарабия мен
Солтүстік Буковина жөнінде Румыниямен бітім шарты жасалып, КСРО — нің
шекарасы Батысқа қарай 200 км — ге жылжытылды, Ұлыбритания мен Франция
үкіметтері Германияға соғыс жариялағанымен, 1940 жылғы мамырға дейін
ешқандай ұрыс әрекетін жасамады. 1940 жылы сәуір — мамырда гитлершілер
Норвегия, Дания, Бельгия, Голландия, Люксембург және Францияны басып алды.
Италия Жерорта теңізі бассейнінде үстемдік етуге тырысты. Гитлер
Ұлыбританияға басып кіру жөнінде Теңіз арыстаны операциясын жүзеге
асыруға тырысты. Бірақ Германия бұл операцияны жүзеге асыра алмай,
Ұлыбританияның әскери — өнеркәсіптік обьектілерін бомбалаумен шектелді.
1940 жылдың жазынан бастап гитлершілер Шығыстағы агрессияны шұғыл күшейтті.
27 қыркүйекте Германия, Италия және Жапония өзара Үштік Одақ пактісіне қол
қойды.
1941 жылы көктемде Германия Балқан елдеріне агрессия жасап,
сәуірде Югославияны және Грецияны жаулап алды. 1940 жылы 18 желтоқсанда
Гитлер КСРО — ға қарсы соғыстың Барбаросса жоспарын бекітті. Гитлер, оның
сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен кеңес елін, оның қоғамдық
құрылысын құртуды мақсат етті. Фашизм Кеңес Одағын бөлшектеп, Остландия
(Белоруссия мен Прибалтика), Московия (Ресей) (Мәскеу, Тува, Ленинград,
Горький, Вятка, Қазан, Уфа, Пермь), Украина (Украина, Ресей, Волга өңірі,
Воронеж), Кавказ (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты
отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Кеңестік Азия
жерінде Түркістан, Еділ — Орал деген қуыршақ мұсылман мемлекеттерін
құруды көздеді. Фашистер Ресейдің кең байтақ территориясын мекендейтін
халықтар арасында алауыздық пен жік туғызуға тырысты, онда отаршылық езгі
орнату — Герман фашизмнің бүкіл дүние жүзін жаулап, үстемдік жүргізуге
бағытталған стратегиялық жоспарының құрамдас бөлігі еді.
Соғыстың бірінші кезеңі (1941, 22 маусым — 1942, 18 қараша)
фашистік Германияның КСРО — ға опасыздықпен шабуыл жасауы және екінші дүние
жүзілік соғыс аумағының онан әрі кеңеюімен сипатталды. 1941 жылы 22
маусымда Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік
басқыншыларға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Кеңес Одағына
қарсы фашистік Германия одақтастарының (Венгрия, Румыния, Финляндия және
Италия) армияларымен бірге өздерінің 190 дивизиясын шоғырландырды. Бұлардың
қарауында 5,5 млн адам, 4,5 мыңға жуық танк, 5 мыңға жуық ұшақ, 47,2 мың
зеңбірек пен миномет болды. Демек, жау адам саны мен соғыс техникасы
жағынан анағұрлым басым еді[7].
1941 жылы 30 маусымда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылды.
Соғыстың алғашқы күндерінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Указымен 14
әскери округ территориясында мобилизация жарияланды .
1941 жылы 30 маусымда Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылды. Бұл
төтенше орган Отан тағдырына орасан зор маңызы бар 9971 документ қабылдады.
10 шілдеде құрамында И.В.Сталин, В.М.Молотов, К.Е.Ворошилов,
С.К.Тимошенко, Ғ.К.Жуков, Б.М.Шапошников, С.М.Буденный бар Жоғарғы
командование Ставкасы (8 тамызда — Жоғарғы Бас командование Ставкасы)
құрылды. Жауынгерлер арасында партиялық — саяси жұмыс күшейтіліп,
командалық саяси, инженер — техник кадрлар даярлауға аса зор көңіл бөлінді.
Әскери комиссарлар институты құрылды.
Кеңес Армиясы жаңа әскери құрамалар және халық жасақтары
қатарымен толыға түсті. Тек 1941 жылдың жазы мен күзінде халық жасақтарының
жауынгері болу үшін 4 млн — нан астам адам арыз берді. 1941 жылдың маусым —
желтоқсанында майданға 1100 мың коммунист, 1941 жылдың екінші жартысында
армия мен флоттағы басшы жұмысқа 9 мыңға жуық жауапты партия қызметкері
аттанды. Украина партия ұйымы армия қатарына 240 мың, Москва мен Москва
облысы 150 мыңға жуық, Ленинград 87 мың, Қазақстан мен Орта Азия
республикалары, Урал, Волга өңірі, Сібір мен Қиыр Шығыс аудандары 600 мыңға
жуық, ал Закавказье республикалары 110 мыңнан астам коммунистерді майданға
жіберді. Қорғаныс Комитеті соғыс экономикасын қалыптастырды. Оның құрамдас
бөлігі жау басын алған батыс аудандардың өндіргіш күштерін сақтау, шығыс
аудандарға көшіріп, тез арада қалпына келтіру еді.
13500 — ден астам аса ірі кәсіпорын, сонымен бірге материалдық
байлықтар және адамдар көшірілді. Тек 1941 жылы темір жол бойымен 1,5 млн
вагон жүк көшірілді, 1941 жылы 12 шілдеде соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу
жөнінде КСРО — Ұлыбритания, тамыздың басында экономикалық көмек туралы КСРО
— АҚШ келісімдері жасалды. Бірінші кезеңде соғыс Солтүстік батыс
(Ленинград), батыс (Мәскеу), Оңтүстік батыс (Украина) бағытында жүрді.
Басты әскери қимылдар: 1941 жылғы шекарадағы шайқастар. Брест қамалы
қорғанысы; неміс — фашист әскерлерінің Прибалтика, БССР — ді басып алуы.
Ленинград блокадасының басталуы; Смоленск шайқасы (1941); Киев, Одесса,
Севастополь қорғаныстары (1941 — 1942); герман әскерлерінің Украина мен
Қырымды оккупациялауы және олардың басып алған жерлерде террористік режим
орнатуы. Москва шайқасы: 1941 жылдың қыркүйек — қараша қорғаныс ұрыстары; 5
желтоқсан — 1942 жылдың сәуірінде — фашистік Германияның қауырт соғыс
идеясын талқан етіп, соғыста түбегейлі бетбұрыс жасаған Қызыл Армияның
қарсы шабуылы, герман әскерлерінің екінші дүние жүзілік соғыстағы алғашқы
ірі жеңілісі. Бұл кезеңде кеңес елінің сыртқы саясаты дүние жүзінің
бейбітшілік сүйгіш халықтарын топтастыруға бағытталды[8].
28 мемлекеттен антигитлерлік коалиция құрылып, Ұлыбританиямен
әскери одақтастық туралы шарт жасалды. 1942 жылдың маусымында неміс фашист
армиясының Волға өңірі мен Кавказды басып алуды көздеген Оңтүстік батыс
бағыттағы шабуылы басталды. 17 шілде — 18 қарашада қаһарман Сталинград
қорғанысы; 1942 жылдың шілдесінде Кавказ үшін шайқас басталды. Ауыр
шайқастарда командирлер, саяси қызметкерлер, партия және комсомол ұйымдары
жауынгерлерді табандылыққа, темірдей тәртіп пен жауға қарсы бітіспес
өшпенділікке тәрбиелейді. Соғыс кезіндегі едәуір шығындарға қарамастан,
партия қатары озат жауынгерлерді қабылдау арқылы барған сайын толыға түсті.
(1942 жылдың ортасында Қарулы Күштерде 1,5 млн коммунист болды).
Кескілескен қанды шайқастарда Кеңес Қарулы Күштері шыңдалып, әскери
шеберлігі арта түсті. Бұл кезеңде майдандағы да, тылдағы да жағдай ауыр
болды, соған қарамастан кеңес жауынгерлерінің қаһармандығы мен ержүректігі
арқасында жау шабуылы тоқталып, күштің ара салмағы кеңес халқы мен оны
Қарулы Күштердің пайдасына шешіле бастады. 1940 жылдың көктеміне қарай
Германия Батыс Еуропаны тікелей жаулап алуды бастады. Әрине, Германияның
бұл бағыттағы қарсыласы ағылшын — француз әскерлері болатын.
Германия ағылшын — француз әскерлеріне қарсы соғыс қимылдары
табысты болу үшін Солтүстік Атлантикада тиімді стратегиялық база болатын
Дания мен Норвегияны басып алу керек деп шешті. 1940 ж 9 көкекте Дания мен
Норвегияның бейтараптылығы бұзып, оларды жеріне неміс әскерлері басып
кірді. Дания жеңілгендігін бірден мойындады. Ал Норвегия барлық қарулы
күштерін соғысқа жұмылдырып, қарсылық көрсетті. Алайда күші басым неміс
әскерлері елдің көп бөлігін жаулап алып, өкімет билігін жергілікті
фашисстерге берді. Норвегия королі мен үкіметі талқандалған әскерінің
қалдығын алып, Англияға кетті. Норвегия үшін болған соғыста неміс әскери —
теңіз күштеріне ағылшындар ауыр соққылар берді. Екі жақтың да соғыс флоты
үлкен шығынға ұшырады. Бірақ ірі теңіз державасы Англия ол шығынның орнын
жылдам толтырды, ал Германия болса, осы кезден бастап теңіздегі соғысты
сүңгуір қайықтарды күшімен ғана жүргізуге мәжбір болды[9].
1933 жылы фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия
дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия
және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 жылы Германия мен Жапония
антикоминтерндік пактіге қол қойды, 1937 жылы оған Италия қосылды.
Жапония 1931 жылы Қытайда, Италия 1935 — 36 жылдары Эфиопияда, Германия мен
Италия 1936 — 39 жылдары Испанияда басқыншылық соғыстарын жүргізді. 1938
жылы Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 жылы 29 қыркүйекте Мюнхен
қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп,
Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска
жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет облысын,
1939 жылы наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында
Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания
мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға
міндеттеме алды, сондай — ақ, КСРО — мен ұжымдық қауіпсіздік жөнінде
келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей,
келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау
пактісіне (1939 жылы 23 тамыз) қол қойды.
Осыдан біршама уақыт бұрын жазған екі материалымда мен Екінші
дүниежүзілік соғыстың соңғы айларында совет әскерлерінің неміс әйелдерін
жаппай зорлағаны жайында айтқан едім. Фашистік індетті жойған
күрескерлердің ерлігі мен даңқын ұмыттыруды көздейді деп мені кіналағандары
да бар. Мен туралы осындай пікірде қалған адамның бәрінен кешірім сұрағым
келеді[10].
Бірақ, бір ескеретін жайт — мен ол уақыттарда болған келеңсіз
оқиғаларға байланысты өзімнің жеке пікірімді білдірген жоқпын. Адамдардың
көбінде бар кез келген індетке деген жеккөрініш менде де бар. Оған негіз
болатын себеп те көп. Нацистерге келетін болсақ, Жеңіс жылында дүниеге
келген бала болсам да, менің оларда кеткен өз кегім бар.
Турасын айтқанда, мен өзімді сол соғыстың тікелей құрбаны
санаймын. Жүрегімде қалған сызаттарды әлі күнге дейін сезінемін. Менің
бабам соғыс жаңа басталған кезде, 1941 жылдың қыркүйегінде Киевте неміс
әскерінің қолынан мерт болды. Мельник көшесі, 16 — ыншы үйдің ауласына
сүйреп шығарып, мылтықтың дүмімен ұрып өлтірген. Жасы 94 — те еді. Анамның
туған бауыры, менің нағашым, Совет армиясының капитаны соғыстың аяқталуына
екі апта қалғанда, 1945 жылғы сәуірдің 16 — сы күні Берлин түбінде қаза
тапты.
1951 жылы мен байқаусызда жарылып кеткен неміс бомбасынан
жараландым. Басқыншылық уақытында немістің қару — жарақ қоймасы болған
алаңда балалармен ойнап жүрген болатынмын. Бұл оқиға Киевтен 22 шақырым
қашықтықта орналасқан Боярка станциясында болған еді. Бұл, меніңше,
соғыстың тікелей құрбаны болуға жеткілікті жайт. Тәнім де жәбір көрді,
жаным да жәбір көрді.
Кейінірек, бұғанам қатқан кезде тағдыр мені Мюнхенге айдап
апарып, сол қалада 14 жыл өмір сүрдім. Мен фашизмді кітап пен фильм арқылы
ғана емес, былай да білемін. Тірі фашистерді көзіммен көрдім. Құдай өзі
куә, олардың мүйізі немесе басқа да хайуандық белгілері жоқ. Бірде Мюнхен
вокзалында мен бір жергілікті қариямен әңгімелесіп қалдым. Бір кезде ол
әңгіме үстінде төс қалтасынан шығарып, маған бір ғажап бұйым көрсетті.
Менің тұла бойым мұздап сала берді. Оның маған көрсеткені Ленинградты
бомбалағаны үшін алған медалі еді.
Олардың маңдайында мүйізі жоқ. Көшеде көрсеңіз, ажырата алмайсыз.
Сырттай қарағанда, олар кәп — кәдімгі адам. Оларды, тіпті, немістердің
өздері де ажырата алмай, 1933 жылы сол нацистерге дауыс берген жоқ па?
Шамасы, сол соғыс арқылы көрініс берген ХХ ғасырдың басты оқиғасы ретінде
салыстырмалық теориясы мен атом бомбасынан бұрын басқа бір нәрсені айту
керек. Жік шыққанда, Еуропаның нақ кіндігінен — Германиядан шықты. Сұмдық
болғанда, Бах пен Гегельдің, Гёте мен Шиллердің халқы өзін адамзат
тарихындағы ең қатыгез нәсілдердің бірі ретінде танытты.
Азияшылық терминін жабайылық пен жауыздықтың символы есебінде
жиі қолдана бастаған сол еуропалық зиялылар мен советтік насихатшылар еді.
Шыңғысханның қанқұмарлығы мен татар — моңғол ордасының айуандығы жайлы
ертегіні де сол Еуропа шығарған болатын. Сөйтіп жүргенде, жаңа тарихты
Еуропадан шыққан фашизм өзі тітіркентті[11].
Герман жасақтары шығыс бағытында жатқан далаға, Совет Одағының
аумағына аяқ басқан мезетте Еуропа өркениеттің бесігі ретінде жаратылған
деген жалған ұғымның қабырғасы сөгіліп сала берді. Армия тек бұйрықты
орындаушы ғана дегенмен де, соғыстың алғашқы күндері мен айларында істелген
нәрселер — жай ғана национал — социализм жетекшілерінің әмірін орындау ғана
емес — ті. Ол деген жойқын қанқұмарлықтың көрінісі болды. Гитлердің уағызы
тек орасан көп германдықтардың хайуани түйсіктерін оята білді.
Сонау сұрапыл күндер мен айлардың шежіресін ақтарсаңыз болды,
форма киген германдықтар мен олардың одақтастары жасаған қырғынның сұмдығын
көре бересіз. Жырақтағы неміс тылында, тыныш та жайлы бюргерлік қалашықтар
мен үлкен қалаларда әйелдері мен балалары неміс жауынгерлеріне мадақ
айтумен болды. Германдықтардың артында фюрер ғана емес, онымен қоса
мыңжылдық рейх тұрды. КСРО — ға шабуыл басталуынан бірнеше сағат бұрын
неміс жаяу әскерінің, танк дивизияларының және ұшқыштар эскадрильясының
алдыңғы бөлімшелерінде жау тарапына жасалатын қырғын үшін әскердің
мойынынан жауапкершілікті алып тастайтын фюрердің бұйрығы оқылды. Бұл ішкі
циркуляр еді. Сілтідей тынған вермахт жауынгерлерінің әрбірі герман ұлтына
жердің керек екенін, жерді оның үстіндегі кем адамдардан тазарту керектігін
білді.
Істің арғы жағы германдық жауынгерлердің белсенділігіне
байланысты еді. Нацистік бағыттағы мұндай белсенділікке келгенде олар
алдына жан салған жоқ. Ақыр аяғында тұтас бір ұлт бүкіл әлеммен бәсекеге
түсті. Қанды бәсекеге түсті. Өкініштісі сол — КСРО ешқашан нацистік қылмыс
құрбандарының мұрағатын құруды мақсат қылған емес. Дәлелдемелер құжатталған
емес. Статистика жүргізілмеді. Мыңдаған мәлімет жинақталмаған және
жүйеленбеген күйі әр жерде шашылып жатыр.
Сол мәліметтің қай — қайсысы да жүз мыңдаған, миллиондаған қарулы
германдықтардың басып кіруіменен ұлан — байтақ елге тұтастай террордың,
өркениет тарихындағы ең ауқымды террордың орнағанын айтады.
Соғыстың төртінші күнінде — ақ Гудериан әскери бірлестігінің
танкистері Барановичиге кірген. Алдыңғы шептегі бөлімшелер Минскіге қарай
ұмтылған. Оның артынан неміс жаяу әскері келе жатты. Олар үйді — үйге
кіріп, қолына түскенді қанға бояды. Есігін ашып қойған үйдің адамын тек
жақтырмай қарағаны үшін ғана өлтірді, ал, есігін жауып алған үйдің
адамдарын түгелдей қырып салды.
Немістің қолына түскен алғашқы әскери тұтқындарды айуани өлім
күтіп тұрды. Пионер көшесінде вермахт сарбаздары қолға түскен қызыл
армияның төрт жауынгерін бағанға байлап, аяқтарының астына шөмеле үйіп,
жанармай құйып, тірідей өртеп жіберген.
Қатардағы жауынгер Эмиль Голыд күнделігіне былай деп жазған: 28
маусым. Күн шыға біз Барановичиден өттік. Қала қираған. Бірақ, әлі де
бітпеген шаруалар бар. Мирден Столбцевке дейінгі жолда біз халықпен
пулеметтің тілінде сөйлестік. Айнала у — шу, ыңырсыған адам, судай аққан
қан, толған өлік. Бізде ешқандай аяушылық сезімі болған жоқ. Қай жерде, қай
ауылда болсын, адамдарды көргенде қолым қышиды. Оларға тапаншадан оқ
жаудырғым келіп тұрады. Бұйырса, бұл жерге көп ұзамай СС бөлімшелері келіп,
біз үлгере алмаған нәрселерді іске асырады [12].
Бір қарасаңыз, мұны жазып отырған қарапайым ғана жас жігіт, ал,
қанішерлік жөнінен іскерлігі мен ұқыптылығы қандай десеңізші.
1.2 Брест, Мәскеу үшін шайқастағы қазақстандықтардың ерліктері және
Ленинград үшін шайқасқан қазақстандықтардың ерліктері
Брест қамалын қорғаушылардың қатарында 1941 жылы 22 маусымда
қазақ халқының өкілдері көп еді. Нақтылы айтқанда, Брест әскери
гарнизонында қазақстандық солдаттар мен командирлер екі мыңнан астам
болатын. Бұлардың көбі ерлікпен қаза тапты.
Белгілі жазушы Николай Андреевич Шахов Брест қорғанысына қатысқан
қазақстандықтар туралы жазғандарында қамалды қорғауға қатысқан Жұмаш
Қабдолдаевтың мына хатын келтірген: 1941 жылдың 22 маусымында біз Брест
қамалына жақын жазғы лагерьде болатынбыз. Біздің бөлімше жігіттерінің
ішінде Б.Аманжолов пен Қ.Орынтаев әрқашан көзге түсіп жүрді. Екеуі мерген
атанды, екеуі де дивизион комсомол комитетінің мүшесі болды.
Таң сәріде айнала арсыл — гүрсіл болып кетті. Фашистер ұзын
шеппен қаптап келеді. Екі жақтан да атыс басталды. Бірі оқ салып, бірі
нысаналап жатқан Қ.Орынтаев пен Б.Аманжоловтың қимылдарынан сондай ерекше
ептілік пен шапшаңдық сезілді. Енді бір сәтте жау машинасының тас — талқаны
шықты. Осы бір шақта тас төбеде жау самолеттері көбейіп кетті,
автоматшылары да оқты жаудырып келеді. Жау шабуылына тойтарыс берілгендей
болып еді, бірақ екінші бір бүйірден танкілер бізге жақындап келе жатты.
Олардың тасасында — автомашиналар. Ал бізде снаряд жоқ. Жау жақындаған
кезде граната лақтырдық. Бір танкінің күлі көкке ұшты. Балаубек қолымызда
көз жұмды, денесін Брест қаласының шетіне жерледік. Кейіннен Барановичи
қаласы түбіндегі шайқаста Қ.Орынтаев та ерлікпен қаза тапты.
Көпесбай Иманқұлов, Евгений Андреевич Качан, Александр Федорович
Наганов, Мақсұт Ниязов, Хажымұрат Садықов, Әбдіманап Шанақов, … жалғасы