Ас қорыту мүшелерінің құрылысы слайд,презентация

0

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы слайд,презентация

 

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

 

Ауыз қуысының құрылысы: алдыңғы жағында ерін мен ұрт , жоғары жағы-қатты және жұмсақ таңдай,төменгі жағы –тіл мен ауыз түбінен, артқы жағы жұтқыншаққа өтеді.
Жұтқыншақ- ұзындығы 11-13см бұлшықетті мүше, онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді
Өңеш- ұзындығы, шамаен 25см бұлшық етті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.
Асқазан- асқорыту жолының көлемді ұлғаюы. Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан. Пішіні сыйымдылығы 2-3 л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді.Тамақ асқазаннан аш ішекке түседі.
Аш (ащы) ішек-ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі, оның ұзындығы 5-7 м және 3 бөлікке : ұлтабар, аш ішек және мықын ішекке бөлінеді. Астың қорытылмаған қалдығы тоқ ішекке өтеді
Тоқ ішектің ұзындығы  1,5 -2 м және соқыр ішек , жиек ішек және тік ішекке бөінеді. Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісі-ұзындығы 8-15 см аппендиксі болады.  Тоқ ішек тік ішекпен аяқталады

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!