Қазақша шығарма: Менің әже (апа)
Атырау қаласы
№9 Ш Уәлиханов атындағы орта мектептің
3 «ә» сынып оқушысы; Ермекова Тоғжан
Мұғалімі: Бисенғали Гүлжамал Дәуленқызы
Менің әжем бар. Ол өте мейірімді жан. Мен кішкентай күнімнен әжемнің бауырында өстім. Ол мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті. Әжем қазақ ауыз әдебиетінен көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Сол білгендерін маған күнде ұйықтар алдында айтып береді. Әжем менің күнде сабағымды тексереді. Сабақтан жақсы баға алсам, әжем қатты қуанады. Мені құлыншағым ботақаным деп еркелетеді. Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлес қосып келеді. Ол менің ибалы да, иманды қыз болып өсуімді қалайды. Мен әжемнің менің жақсылығымды көріп, қызығыма тоймай, ұзақ өмір сүре берсін деп тілеймін!
Атырау облысы, Атырау қаласы
Амангелді атындағы орта мектебі КММ
2 б сынып оқушысы: Жақсылық Зухра
Сынып жетекшісі: Тлепеева Светлана Кошеновна
Әже – баланың әкесінің шешесі туыстық қатынасты білдіретін атау. Қазақ отбасындағы орны ерекше әрі қадірлі. Әже отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын–абысындардың бірлігін татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжеге береді. Менде әжемнің тәрбиесіндемін. Мен әжемді өте жақсы көремін. Себебі әжем мені қыдыртады,тәттілерін алып береді.
Айналайын әжешім,
Ақылы асқан данасың
Немере үшін не керек,
Бәрін тауып бересің.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!