Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Үкімет басшысы Алматы қаласында тау туризмін дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

2019 жылдың 29 наурызында Асқар Мамин Алматы қаласындағы индустриялық кәсіпорындарға, көлік инфрақұрылымының салынып жатқан нысандарына барып, Алматы өңірінің туристік бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Үкімет басшысы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралау кезінде «KBTU Drilling Center» оқу-жаттығу орталығы мен мұнай-газ саласы мамандарының біліктілігін арттыратын Қазақстанның теңіз академиясын көрді.

Асқар Мамин радиоэлектроника, пилотсыз басқарылатын ұшу аппараттарын, композит бұйымдарды, күн электр станциясы нысанын шығаратын «KazTechInnovations» ЖШС зауытында да болды. «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА әкімшілік орталығында үкімет басшысы осы аймақ аумағында орналасқан кәсіпорындар қызметінің бағыты туралы баяндаманы тыңдады.

Қазақстанның жаңа премьер-министрі алғашқы жұмыс сапарын қайдан бастады?

Рысқұлов даңғылы мен Құлжа күре жолы бойындағы жол айрығына барған кезде премьер-министр көлік схемасын дамыту туралы мағлұмат алып, Абай даңғылы мен Б. Момышұлы көшелерінің қиылысындағы «Достық» метро станциясының құрылыс барысымен танысты. Ұзындығы 3,1 км «Сарыарқа» және «Достық» станциялары метро тасымалдайтын жолаушылар ағынын тәулігіне 46 мың адамнан 86 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы орайда Мамин Алматыда қоғамдық көлікті дамыту және жеңіл рельсті көлік (ЖРК) жобаларын іске асыру туралы баяндама тыңдады.

Үкімет басшысы «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС киім шығару фабрикасына және қаланың индустриялық аймағының бірқатар кәсіпорнына барды. Оның ішінде Tokyo Rope Manufacturing корпорациясының инженерлік қорғаныс жүйесін өндіру зауытын көрді, жеңіл автокөлік өндіретін «Hyndai Trans Kazakhstan» зауытының құрылыс алаңдарында болды, сондай-ақ, болашақта диаметрі 300 мм-ден 900 мм-ге дейінгі болат дәнекерлі құбырларды өндіретін Asia Steel Pipe кәсіпорнына барды. Зауыт жыл сайын мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдайтын, тау-кен өндірісі, құрылыс, химия өнеркәсібі, энергетика салаларында пайдаланылатын құбыр өндірісін 100 мың тоннаға дейін жеткізетін болады. Әрі қарай Мамин электр автобустарын құрастыратын «Falcon Eurobus» ЖШС зауытын аралады.

Асқар Мамин Шымкенттен туфли сатып алды

Алматыда Қазақстанның премьер-министрі тау туризмінің болашақ нысандарын ұшып аралап, осы саланы дамытудың туралы кеңес өткізді. Кеңес жұмысына Алматы қаласы мен Алматы облысының туристік бизнес қауымдастығы өкілдері қатысты.



sputniknews.kz