Аяқтың күшін арттыруға арналған жаттығулар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … ..4
… … … … … … … … .. … … … ..
1 Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының теориялық
негіздері … … … … … … . … … … … … … … … … ..7
… … … … … … … …
Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының
ерекшеліктері … … … … … . … … … … … … … … … ..7
… … … … … … … … .
Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының
алғышарттары … … … … … .. … … … … … … … … … ..15
… … … … … … … …
Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының
моделі … … … … … … … … … … … … … … … … ..18
… … … … … … … … .. … .
2 Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының әдіснамалық
негіздері … … … … … … . … … … … … … … … … ..27
… … … … … … …
2.1 Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының
тәжірибелік 27
дәлелдемесі … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … …
2.2 Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының
амалдар 31
жүйесі … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … ..
2.3 Арнайы дене күшін арттыру 42
жолдары … … … … … … … … … … … … …
2.4 Күш қабілетін арттыруға арналған 51
жаттығулар … … … … … … … … …
Қорытынды … … … … … … . … … … … … … … … … ..58
… … … … … … … … .. … .
Пайдаланылған әдебиеттер 60
тізімі … … … … … … … … … … … … …
Қосымша … … … … … … … … … … … … … … … … ..63
… … … … … … … … .. … …
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Кез-келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік
өркениеттен өзіндік орын алуы оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан
Қазақстан өз тәуелсіздінін жариялағаннан бастап білім беру ісін
реформалауға кірісті. Білім турылы Заң қабылданып, жалпы білім беру
жүйесіне бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, оқу
бағдарламалары мен төл оқулықтардың жазылуы мектеп өміріне қатысты
реформалардың жүріп жатқандығының айқын куәсі. Осыған орай халықты,
әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет
тарапынан жыл сайын көптеген іс-шаралар мен заңдар қабылдануда. Мысалы,
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығына қол қойса (1996ж.),
1997 жылы Қазақстан – 2030 бағдарламасын жолдады. Ал, 1999 жылы
Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы
қабылданса, 2007 жылы Қазақстан Республикасының 2001-2005 және 2007-2011
жылдар аралығындағы Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы туралы Жарлығы, дене тәрбиесі бойынша жалпы білім берудің
Мемлекеттік стандарты шықты. Бұл бағдарламалар мен Заңдардың негізгі
мақсаты дене тірбие саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыда анықтап, жеке
тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс
деңгейінде білім мен тәрбие беру. Мамандардың анықтауынша Бүкіл Әлемдік
Денсаулық Сақтау Басқармасы, денсаулық – 50-55% өмір сүру жағдайына
байланысты, 20-23% ұрпақтан, 20-25% қоршаған орта (экологиядан) және 8-12%
Денсаулық Сақтау Басқармасының жұмыс істеу жүйесінен байланысты. Сонымен
адам денсаулығы салауатты өмір салтын жүргізуімен тікелей байланысты.
Жастардың денсаулығын нысана сақтау және бекіту өзекті мәселе, өйткені
соңғы кезде қимыл қозғалыстың аздығынан көптеген балалар мен жастар
ауруларға шалдыққаны белгіленген. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойында
өркениетті қоғамның еркін, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат
құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-құлқы
қалыптасқан азаматтар тәрбиелеу. Сол себепті дене тәрбиесі мен салауатты
өиір салтын сақтау бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз
қажет.
Спорттық күресте балуандарының дене сапаларының дайындығы өсіп-
өркендеп кетті, ағзаның анаэропты энергия қамтамасыздандыру әлде қайда
артты, еркін күрес балауандарының дайындығында осы мәселені шешу үшін дене
сапаларының нәтижелі жетілдіру үшін жоғарлату қажет.
Спорттық жаттығу – адам өмірінің жалпы тәрбиесінің бөлімі, әлеуметтік
физикалық жаттығулар көмегімен іске асырылатын үрдіс. Жаттығулардың мақсаты
дене тәрбиесінде беріктігін жақсарту, адам физикалық жағдайын, жеке
айтқанда жұмысқа физикалық қабілеттілігін жоғарлату. Бұл жетістікке тек
қана бұлшық еттердің жүйелі жаттығулары арқылы жетеді. Яғни, қорытындысында
көп ықпалдардың іздері қалады. Спорттық жаттығу бұл көп жылдық бейімделу.
Спорттық іс-әрекеттің мәні биопедагогикалық үрдіс. Қоршаған ортаға
бейімделу екі бағытта іске асады – кедергіні жеңіп өту немесе оны айналып
өту. Бұл үрдісті өту үшін ішкі жағдайдың биологиялық жүйелік өзгерісі
(био…) энергиясын жұмсайды, ал айналып өту үрдісін тәжірбиеге, білімге,
белгілі бір мақсатқа бағытталған педагогикалық үрдісті спортшы қабылдайды
(…педагогика). Тиімді байланысы, сәйкес келуі, түптеп келгенде
педагогикамен биологияны қосып біріктіріп жоғары әсерлі биопедагогикалық
үрдіс – спорттық іс-әрекетті құрайды.
Еркін күресіндегі жас балуандардың күш қуатының дамуының инновациялық
амалдары ашылып, оларды іске асыруға мүмкіндік туғызатын кешенді оқу
әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық
байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіре, бізге зерттеудің
көкейкестілігін анықтауға және тақырыпты Еркін күресіндегі жас
балуандардың күш қуатын дамыту амалдары деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Еркін күресіндегі жас балуандардың күш қуатын
дамыту амалдары арқылы физикалық қасиеттерді тәрбиелеу. Осы жерден алға
қойылған мақсатқа жету үшін шешімін табатын міндеттер қатары орын алады:
– Инновациялық технологиялардың мазмұнын зерттеу және еркін
күресінің физикалық қасиеттерінін тәрбиелеу;
– Амалдарды жетілдіру және еркін күресінің физикалық қасиеттерінін
тәрбиелеу әдістері
Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орнында біртұтас педагогикалық үдеріс.
Зерттеу пәні: Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамыту
амалдары.
Зерттеу болжамы: Егер жоғары оқу орнындағы студенттер дене шынықтыру
сабағын жүргізудің ерекшеліктері жүйеленіп, дене шынықтыру және спорт
мамандықта оқитын студенттерге қосымша бағдарлама бойынша оқытудың тиімді
әдісі, тәсілдері жасалса, онда Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институтында дене шынықтыру және спорт мамандығында дене шынықтыру сабағын
дұрыс және сапалы жүргізуге қабілетті, мүмкіндігі бар, дидактикалык
іскерлігі жоғары студент тұлғасы қалыптасады, өйткені студенттердің дене
шынықтыру сабағын жүргізудегі кәсіби біліктілігін, шеберлігін арттыруға
мүмкіндігін береді.
Зерттеу кезеңдері:
1 кезеңде (2009-2010 жж.) зерттеудің теориялық негіздері анықталды,
философиялық, инновациялық-педагогикалық,зерттеу тақырыбының өзектілігі
айқындалды. Қазақстандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық,
әдістемелік еңбектеріне және педагогика ғылымындағы іргелі ғылыми зерттеуді
талдау және жоғары оқу орнында оқыту тәжірибесінің жай-күйін, жетістіктері
мен қайшылықтарды саралау барысындағы зерттеудің ғылыми-әдістемелік
негіздері және ғылыми аппараты анықталып, педагогикалық тәжірибе
бағдарламасы әзірленді.
2 кезеңде (2010-2011жж.) педагогикалық, оқу-әдістемелік талданды,
жоғары оқу орнында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізілді.
Эксперименттік жұмыс нәтижелері қорытындылап, жүйеге келтірілді,
математикалық тұрғыдан өңделді, зерттеу нәтижесінде алынған материалдар
диссертациялық жұмыс түрінде рәсімделді.
Зерттеу базасы: Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институтында дене шынықтыру сабақтарының құрылымы, оқыту бөлімдері мен дене
сапаларының дамуының инновациялық амалдары айқындалды; студенттердің еркін
күресі арқылы физикалық дайындылығы көрсеткіштерінің прогностикалық
маңыздылығы анықталған; студенттердің арнайы дайындылығын бағалайтын
нормативті талаптар анықталған.
Еңбекте қамтылған негізгі теоретика-әдіснамалық, тәжерибелік жағдай
мен шешімдер Қазақстандағы дене тәрбиесі мен спорттың даму перспективасын
анықтауға көмектеседі.
Теоретикалық маңыздылығы: Зерттеудің әдіснамалық негізі: ғылымилық,
жүйелілік, сандық және сапалық қағидалардың озара байланыс деректеріне
сүйеніп, жан – жақты талдау жасалды. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының
1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқарлық спортты дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және
спорт туралы Заңы, Қазақстан Республикасының 2001-2005 және 2007-2011
жылдар аралығындағы Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы туралы ҚР Президентінің Жарлығына сүйенген.
Зерттеудің әдістері:
— ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, саралау, педагогикалық
бақылау;
— педагогикалық эксперимент;
— палуандардың физикалық сапаларына бақылау сынақ өткізу;
— лабороториялық эксперимент, аттестациялық карта бойынша педагогикалық
бақылау тесті;
— зерттеу құжаттарын математикалық әдістермен өңдеу.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
— еркін күресіндегі палуандарының дене сапаларын тәрбиелеудің
ерекшеліктері;
— еркін күресіндегі палуандарының дене сапаларын тәрбиелеудің
алғышарттары;
— еркін күрес палуандарының дене сапаларын тәрбиелеудің үлгілері;
— еркін күресіндегі палуандардың дене сапаларын тәрбиелеудің
әдіснамалық негіздері.
Зерттеудің тәжерибелік құндылығы: Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институтында дене шынықтыру сабақтарының әдістемесін жетілдіру және
дайындауға арналған оқу бағдарламасы ұсынылды. Бағдарлама негізінде
мамандар дайындалу үстінде.
Дипломның құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломда 67
беттік тіркелген текст, 7 кесте, 3 сурет бар.
1 Еркін күресіндегі жас палуандарының күш қуатының дамуының
теориялық негіздері
1. Еркін күресіндегі жас палуандарының күш қуатының дамуының ерекшеліктері
Спорттық жаттығу – адам өмірінің жалпы тәрбиесінің бөлімі, әлеуметтік
физикалық жаттығулар көмегімен іске асырылатын процесс. Жаттығулардың
мақсаты дене тәрбиесінде беріктікті жақсарту, адамның физикалық жағдайын,
жеке айтқанда, жұмысқа физикалық қабілеттілігінің жоғарлату. Бұл жетістікке
тек қана бұлшық еттердің жүйелі жаттығулары арқылы жетеді, яғни
қорытындысында көп ықпалдардың іздері қалады – кумулятивтік жаттығулар
әсері, ал бір жаттығудан болатын өзгеріс – шұғыл машықтану әсері.
Бапкердің үйретуі процесінде, толық ақпарат құндылығында өте маңызды
кемшілігі бар – субъективтілігі. Бапкер оқу процесін тым жалпылай
бағалайды. Спортты жетілдіріп оқыту процесімен байланысты сұрақтарды шешу
мәселесі, қозғалыс әрекеттерін техникалық бағдарлама құралдарсыз бақылауы,
адам организіміне бұлшық ет қозғалысының әсері туралы жедел сандық ақпарат
беретін құралдарсыз мүмкін еместігінде бүгінгі таңда ешкім күмән
тудырмайды.
Дене тәрбиесін, спортты басқаруының қиындығы, спортта өзін – өзі
басқару жүйесіне (ағзаға) әсер етуге біз тырысамыз. Бір нәрсенің әсеріне
біз керекті тиісті жауапты реакцияны әрқашан ала бермейміз. Адамның қалпы,
жағдайы өзгеріп отырады, яғни бірдей жаттығудың жүктемесі әртүрлі әсер
шақыруы мүмкін. Сондықтан кері байланыс принципі тек қана ақпараттық
бағдарлама басқару жүйесімен байланыстырылып отырады. Бірақ, даму
процесінде белгілі бір бағытта басқара алу, шектен тыс шыққан ортаны
басынан бастап түзету жолымен қамтамасыз етіледі.
Барлық ғылыми жұмыстар Спорт туралы ғылым, анық емес терминімен
біріккен, профессор В.М. Зациорский және Г.С. Туманян адамның бұлшық ет іс
– әрекетін зерттеу туралы сөз қозғауына байланысты (спорттың негізгі
іргетасын құру, оны толық қамтиды) немесе оны нақты тәжірибеде оқу, үйрену
сияқты екі топқа бөледі. Осының екінші түрі, үйрену жаттығу болып
есептеледі, тез және пайдалы нәтиже, бірақ елеулі маңызды революциялық
өзгерістерді тәжірибеге енгізбейді, әлде ол өмір сүріп жатқан жағдайды
зерттейді. Біздің ойымызша, бұл бағыт қарапайым болып табылады. Жасыратыны
жоқ, жұмыстың көпшілігі дөрекі, арнайы болып келеді, қол жететін әдістемені
зерттеуге спортшыларды тартамыз, олардың нәтижесі өте жоғарғы дәрежеде
болуы тиіс. Қол жетерлік ғылыми зерттеулердің әдістемесі алынып, зерттеуге
жоғары нәтижелі спортсмендер шақырылып, оларды дайындау әдістемесі
анықталады. Тәжірибелі бапкердің ішкі сезіну қабілетіне орай ғылыми
жұмыстан тәжірибесі озып отырады. Сондықтан ол Спорт туралы ғылым беделін
төмен түсіреді, өйткені басқа спортшыларға мүлдем қажеті болмағандықтан
олардың жеке бас ерекшеліктеріне сай, әлде бапкерге белгілі. Олар өз
тәжірибесінде осындай зерттеулер шешімдерін шығарады.
Осы сәтте бүкіл тәжірибе, ғылыми-техникалық прогресс алға қадам
басады, яғни ақиқат шынында да революциялық түрлендіріліп, ірге тастық
ғылымнан өзгеріс тәжірибеге келеді. Ғылыми бағыттардың кіріспесімен олар:
биофизика, биохимия, биомеханика және т.б. бөлінеді. Әр ғылым түрі өте
маңызды мәселені шешеді, бірталай кеңейтіп, байытады. Жаңа ғылыми бағытты
ашуға қажетті жағдай келді ол биопедагогика – ғылым. Өмірдің динамикалық
процесін зерттейттін арнайы ұйымдық бір бағытта жүйеленген, іс әрекет тұлға
қалыптасқаннан бері әдістемені өңдеу, биологиялық өлшеу, функциялық
мақсатпен педагогикалық процесті басқару үшін керек. Биопедогогика бір –
бірімен ажыратылмайтын ғылыми бағытты біріктіреді.
Жана ғылыми бағыт адам өміріне сай процестермен айналасуы тиіс. Басқа
ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, осы білімді педагогикада қолдану
сонымен қатар инновациялық, медико – биологиялық әдістерді танып, болашақта
өндеу педагогикалық басқарумен іске асырылады.
Спорттық жаттығу – бұл көп жылдық бейімделу. Спорттық іс әрекеттегі
мәні – биопедогоикалық процесс. Қоршаған ортаға бейімделу екі бағытта іске
асады – кедергіні жеңіп өту немесе оны айналып өту. Бұл процессті өту үшін
ішкі жағдайдың биологиялық жүйелік өзгерісі (био…) энергиясын жұмсайды,
ал айналып кету процесін тәжірибеге, білімге белгілі бір мақсатқа
бағытталған педагогикалық процесті спортшы қабылдайды. (…педагогика).
Тиімді байланысы, сәйкес келуі, түптеп келгенде педагогика мен
биологияны қосып, біріктіріп жоғары әсерлі биопедагогикалық процесс-
спорттық іс әрекетті құрайды.
Қорытындылап айтқанда, қоректік орта биопедагогикаларда пайда
болады, тек қана педагогикада: спорттық медицина, физиология, анатомия және
биохимия, биофизика биомеханика және тағы басқалары қамтылып, ғылымдардың
әртүрлі басылымдарында шығарылады. Өзіне әртүрлі екі ғылыми бағытты қосып,
биология мен педагогика және жасаушы ғылыми бағытта өмір сүруіне құқығы
бар. Кеңейтілген, байытылған, біріккен ғылымдардың бір негізде өсуіне бағыт
береді.
Көп жылдық тәжірбиелі жаттығуларға қарап, оқыту – жаттығу үрдісінде
күрес түрлері жарысқа дайындықты Туманян Г.С. екіге бөледі: дәстүрлі және
дәстүлі емес.
Дәстүрлі оқыту – жаттығу түрі апталап жоспарланады, 2 – 3 апталық
микроциклдерден түрады. Жаттығулардың көлемі бастапқыда жоғары деңгейде
сосын 10 – 12 күн ақырындап әлсізденеді. Тікелей оқыту – жаттығу жоспарына
1 – 2 күн аптасына монша демалыс күні жүктемелерден тынығу күндері болады.
Ол кез, жарыс алдында болу қажет, өйткені кілемді сағына күресті сағынып
күресу қажет. Логикалық бәріне келісуге болады, ал тәжірбиеде кездейсоқтар
кездеседі. Көптеген спортшылар жарыс алдында жоспар бойынша барлық жүмысты
толық орындасада, жарыстың алғышқы кездесулерін ауыр өткізеді. Бізге
маңыздысы жарыстарға назар аудару қажет. Әрине ең алғашқы кездесулер
жарыста жүлделі орын алуы, алмауын күрделі жағдайларды шешеді. Мұнда халық
сөзі дүйсенбі – ауыр күн деген сөзде демалыс күндерін қалайда жақсы
өткізбесе де, жүмыс істеу қиын, тереңірек қарасақ мектепте, жоғарғы оқу
орындарында бұл жағдай бұл мәселені айқын қамтиды. Мұнда қызықты жағдай
үйренгеннен кейін термин тынығу, біз алдын ала қиындықтарды
жоспарлаймыз. Ең алғашқы кездесулерде жарыстарда жүктемені төмендетеміз 10
– 12 күн жарыс алдында 1 – 2 күн демалдыртамыз спортшыларды. Кейбір
бапкерлер алғашқы кездесу мәселесін шешу үшін жарыс алдында 1 күн бұрын күш
салып күресуді талап етеді, бірақ бір – бірін жерге жықпаусыз, демалу
жүйесін ашу үшін, демалу жүйесін ашу термині алғашқы кездесуде анық
айқындалып көрінеді. Жұмысқа деген талпынысын төмендігі жарыс алдында
жүктемені төмендету деп аталады.
Бапкерлердің жаттығу кезіндегі дәстүрлі түрге жақын болуын Туманян
Г.С. айтуынша жоғарғы халықаралық нәтижелер, ал екінші жағынан шаршау
бүлдырлап көріну шалдығу деп аталады.
Осы көзқарас мәселені қысқартады, бірақ шаршау шалдығу мәселесін
қарастырайық, оған жатады күнделікті алма кезек келетін біркелкі жүгіру
жүрек соғысының жиілігі 165 соқ.мин. және негізгі микроциклдер кілемдегі
жаттығулар. Осыған орай 60 минут жүгіріс 25 мин қысқарады. Кілем үстіндегі
жаттығулар жүктемесі өсіп тұрады жарысқа дейін. Жарыс алдында 2 – 3 күн
қалғанда бір екі рет жүгіріс болады. (Микроциклдер) Ал жарыс алдында бір
күн қалғанда бір екі қорытынды күрес болады. Осыған орай өз пікірін айту
Д.Харре кең тараған ой жүктемелі нәтижиеден кейін үлкен дәрежедегі
қыскарту немесе түйіндеу нақтылық болып саналмайды спортшылар кері қатты,
үлкен жүктемелер жасағанда үлкен нәтижелерге жетеді. Бүл тікелей
спортшылардың биологиялық жүйесіне әсер етеді. Д. Харре сенімді үлгі болып
С.М. Матвеевтің экспериментінде тиімді жоспар құру жарыс алдындағы
мезоциклінднгі ұзақ педагогикалық эксперимент өтті.
Педагогикалық теория мен тәжірбиедегі қозғалысты үйрету түсінігіне
қозғалыс дағдысының, біліктілігінің және оларға байланысты білімдердің
дамуына әсер ететін құрал, әдіс, әдістік тәсілдер жатады [3].
Қозғалыс әрекеттерін оқыту әдістемесі бастапқы үйрену, тереңдетілген
меңгеру, бекіту және оны жетілдіруге бөлінеді.
Күрестегі техникалық-тактикалық әрекеттерге үйретудегі бастапқы оқыту
әдістемесі екі кезеңнен тұрады: таныстыру кезеңінде техникалық-тактикалық
әрекеттер механизмінің негізін үйрену басты тапсырма болады:
1) тұрақтылы оқу жағдайларында технико-тактикалық әрекеттерінің
бөлшектерін үйрену;
2) тұтас техникалық-тактикалық әрекеттің бөлшектерін дұрыс орындай
білу.
Үшінші кезең дәрежесі бар спортшыларға қатысты және вариативті
жағдайларда қозғалыс әрекеттерін жетілдіруге бағдарланған, сондықтан,
бастапқы үйретуде қолданылмайды.
Спорттық күрестің техникасын оқыту әдістемесінде дәстүрлі үш үйрету
әдістемесі құралған: тұтас, бөлшекпен, жақындату жаттығулар көмегімен.
Біраз жұмыстарда тұтас үйрету әдісі мен бөлшекпен үйрету әдісін аралас әдіс
қылып қосады, ал жақындату жаттығулар әдісін серіктеспен бірге жасайтын
арнайы жаттығуларға сияқты қарайды.
Бастапқы үйретуде техниканы үйретудің екі жолы бар екені маңызды:
a. техниканы тұтас, бөлшектелген және аралас оқыту әдістері арқылы
үйрету;
b. жақындату жаттығуларының көмегімен.
Балуандардың алғашқы дайындығындағы күрестің техникасын үйрету туралы
оқулықтарда толығымен жазылған, ал техниканы жақындату жаттығулар көмегімен
үйрету мәселесі әлі кең таралмаған. Жалпыдамыту және мамандандырылған
жаттығуларды кең қолдану бірте-бірте айналысушының ағзасын спорттық
күрестің күрделі техникасын меңгеруге дайындайды.
Күреспен айналысудың алғашқы жылында жақындату жаттығуларға көп мән
беру керек. Жақындату жаттығуларға жалпыдамыту және мамандандырылған
жаттығулар жатады. Алғашқысы жалпы дене дамытуды туғызуға және дене
сапалары мен қозғалыс әрекеттерінің жалпы фундаментін жетілдіруге
бағытталған, екіншісі күрестің техникасын сәтті үйренуге және оған қажет
дене қызметтерін жетілдіруге бағытталған.
Жақындату жаттығуларына жалпы және мамандандырылған дене дайындығында,
оған қоса техникалық-тактикалық әрекеттерді үйренуде қолданылатын ойындар
мен ойынды жаттығулар жатады.
Күрестің техникасын еркін түрде үйрену тәсілдерді, қорғаныс пен қарсы
тәсілдерді үйренумен байланысты. Техникалық-тактикалық әрекеттерді үйрету
жарыстардағы ұстасуларда қолданылатын тәсілдерді қарсыласпайтын серікпен
үйретуден басталады. Бұл өзіне жеңілдетілген және қиындатылған техникалық-
тактикалық әрекеттерді әр-түрлі жағдайларда әр-түрлі спарринг серіктермен
орындауды жатқызатын ұзақ үрдіс. Дағдының тұрақтылығы тәсілдерді серікпен
және жәй ғана ұқсас қимылдарды жиі жасау кезінде, ал дағды вариативтілігі
оқу, оқыту-жаттықтыру және жаттықтыру ұстасулар кезінде пайда болады.
Бастапқы оқыту әдістемесінде техникалық-тактикалық әрекеттердің
элементтерін оқытуға өте көп назар аударудың керегі жоқ (тұрыс,
арақашықтық, ауыстыру, қапсыра ұстау, қапсыра ұстаулардан босату, тигізу,
айла және техникалық әрекеттердің басқа да элементтері), ол кездейсоқ емес,
өйткені дәстүрлі түрде ең бастысы – тәсілдерді орындау. Тәсіл жеңіске
жетудің ең нәтижелі құралы болып саналады. Тәсілдерді, қиыстыруларды және
техникалық-тактикалық кешендерді үйрету жекпе-жекті жүргізу дағдыларын
дамытуға арнайы бағытталмаған, олар (дағдылар) санасыз түрде жетілдіріледі.
Енді тактикалық әрекеттердің, мінездемелі құралдардың және олардың
спорттық күресте қалай жетілдірілетінін қарастырайық.
Е.М. Чумаков тактиканы үйретуде қолданылатын келесі әдістерді
белгілейді:
1. Талдап қорытылған ережелер, заңдар, аксиомалар әдісі. Бұл ережелер
былай көрсетіледі: қарсыласың қай жаққа қарай жылжыса, сол жаққа лақтыр,
тәсілді қарсыласың күш салған бағытта жаса және т.б.
2. Проблемалы әдіс. Ол қатысушының өзімен эксперимент жасауын және
тәжірбие қорын өсіруді алдын-ала ескереді. Осы әдіс бойынша үйретуде екі
жолмен жүруге болады: тәжірбие қорын жарыс пен жаттықтыру кезіндегі
ұстасулар көмегімен ұлғайту; эксперименнтерді мақсатқа бағыттылған түрде
және дұрыс жасау. Қазіргі кезде үйрету тәжірбиесінде алғашқы тәсіл көбірек
қолданылады.
3. Эвристикалық әдіс. Балуанның тәжірбиесі қалай көп болса, оның
сезімталдығының жақсы дамып, дұрыс шешімді қабылдауға көмектесетінін анық
екенін бәріміз де білеміз. Тәжірбиені жинау үшін келесі әдістік тәсілдер
қолданылады:
1. фиксация – жағдайларды балуанмен бірге талдау;
2. түрлендіру – жағдайларды мүмкінді серікпен үлгілеу немесе тактикалық
шешімдерді әр-түрлі жағдайларға байланысты қабылдау;
3. уақытты шектеу. Тактикалық жоспарды орындау үрдісін өз әрекеттеріңді
жағдайлардың жылдам ауысу шартында басқару сияқты түсінуге болады.
Бірінші әдісті үйрету мен қолдану көбінесе мағынасы мен рөлі өте
маңызды теоретикалық сабақтарда өтеді. Осы жайында А.Н. Ленц былай деген:
теореткалық сабақтар тактиканы жетілдіру үшін өте үлкен пайда әкеледі.
Бірақ жаттықтырушылар спортшылардың өз тәжірбиесіне сенеді. Сондықтан,
тактиканы жетілдірудің негізгі құралы болып ұстасу бөлінеді. Ұстасуларды
ескерте, жаттықтырушы айқынды бір тактикалық жағдайды тудырады, осылайша
өз оқушысына жекепе-жек кезінде тактикалық сұрақтарды шешуді үйренуге
баулайды (дифференцистік әдіс). Ары қарай болашақта олар еркін ұстасуларда
нықталып бекітіледі. Техникалық сұрақтардың ерекшелігі мен келісімділігін
әр оқытушы өзінше, өзінің тәжірбиесіне байланысты анықтайды. Ол спорттық
жекпе-жектің тактикалық құрылымы әлі де анықталмағандықпен байланысты.
Тактикалық әрекеттерді жетілдірудің екінші мен үшінші әдістеріне
тоқталсақ, оларды жоғары білікті балуандармен қолданған дұрыс болады.
Сайып келгенде, спорттық күрестің теориясы мен тәжірибесінде
парадокстық жағдай құралып шықты: балуандар техникаға үйретіліп,
қарсыласудың, яғни күрестің өзі қандай тактикалық заңдар бойынша жүретініне
үйретілмейді. Алдағы мамандардың пікірлері бойынша, қатысушылар бұл
заңдылықтарды оқыту және жарыстық ұстасуларда өздері түсініп, меңгерулері
тиіс. Бірақ та, бұл игеру үрдісі қателіктер мен сынаулар әдісі бойынша
өтеді де, тактикалық іскерлік пен дағдыны үйрену үрдісі ұзақ және былықпен
өтуі мүмкін. Ең бастысы, әрқашан да дұрыс жетілдіруді қамтамасыз ете
алмайды.
Ересек спортшыларды техникалық-тактикалық әрекеттерге үйрету
әдістемесінде пайда болатын жәйт балалармен жұмыс істегенде одан әрі
қиындайды. Техниканы үйретудің дәстүрлі әдістемесі балалар үшін өте
бірдауысты және зеріктіріп жіберуі мүмкін, ал балалар үшін техниканы үйрету
әдістемесі әлі ешкіммен өңделген емес. Қазіргі кездегі спорттық жарыстардың
адам организміне және жүйке жүйесіне түсіретін өте жоғары әсерін ескере
келіп, спортшыны жаттықтыру кезінде қоршаған ортаның және жарыс барысындағы
болатын экстремалды жағдайлардың бәріне төтеп бере алатындай жүктеме беру
арқылы спортшының ағзасын қалыптастырып, жарысқа дайындау кажеті туындап
отыр.
Адамдардың қандай да болмасын еңбек түрін алсақ та, дәл спорттық жарыс
кезіндегідей адам ағзасының ең шегіне дейін жұмыс істеу дәрежесіне
көтеріліп қызмет етуі байқалмайды. Сондықтан спорт саласында спортшылардың
үлкен жүктеме кезінде жұмыс істей білу және оған қалыптасуы туралы қажетті
еңбектер жинақталған.
Жалпы қалыптасу деген ұғымға барлық тіршілік түрлерінің күн көрісі үшін
сыртқы қоршаған ортаға сәйкестеніп, бейімделіп қалыптасуын айтады.
Қалыптасудың генотиптік, яғни тұқымдық (түрлік) және фенотиптік екі
түрі болады.
Генотиптік қалыптасуға сол тіршілік иесінің ұзақ уақыт бойына қоршаған
ортаға бейімделіп, өсіп-өніп көбеюін айтады. Генотиптік қалыптасу көбіне
тіршілік иесінің бір түріне немесе бір-біріне өте жақын семьясына
байланысты айтылады.
Фенотиптік қалыптасуға сол тіршілік иелерінің әрбіреуінің жеке-жеке
өмір сүру кезеңіндегі қоршаған ортаға бейімделіп қалыптасуын айтады.
Соңғы ондаған жылдан бастап осы фенотиптік қалыптасуға байланысты
адамдардың өмірі мен қызметін зерттеуге арналған үлкен-үлкен ғылыми
ізденістер жүргізілуде.
Қазіргі техникалық дамудың өте жылдам өсуіне байланысты адамның
күнделікті сол өзгерістерге бейімделіп-қалыптасуын зерттеу үшін
социологтер, психологтер, инженерлер, педагогтер т.б. сала қызметкерлері
ізденістерін біріктіруде.
Адам ағзасының үлкен және өте жоғары қарқында жұмыс істей алу қызметін
арттыру мақсатында спорттық теория мен әдістемелер, физиологиялық,
биохимиялық, биомеханикалық зерттеулер өткізілуде.
Бейімделу және қалыптасуды орындалған жүктеме мен оның нәтажесі ретінде
қарастыру қажет. Оның басты мақсаттары:
а) қалыптасуды адам ағзасының сыртқы және ішкі жағдайларға бейімделуі
үшін қарастырады;
ә) қалыптасуды адам ағзасы мен сыртқы ортаның арасындағы тепе-теңдікті
сақтау үшін қарастырады;
б) қалыптасуды адам ағзасының бейімделу мерзімі үшін қарастырады.
Бейімделу және қалыптасу спортшы дайындау кезеңінде.
Спорттық жаттықтыру адам ағзасының сол жүктемеге бейімделу-қалыптасу
мүмкіндігінің өте жоғары екендігін көрсетті.
Қандай да болмасын өте ауыр және экстремалды жұмыс атқаруды қажет
ететін қызмет түрлері адам организмін бейімделу қалыптастыру мүмкіндігі
жағынан спорттық жүктеме арқылы жаттықтыруға жетпейтіндігі анықталды. Оның
себебі спортшының күн сайынғы көптеген сағаттар бойына үлкен жүктемелер
арқылы жаттығуы және оған климаттың әсері, сонымен қатар жарыс үстінде
спортшының экстремалдық жағдайларда жиі болуы ықпал етеді.
Спорттық жаттығу кезінде спортшы әртүрлі қозғалыс түрлерін орындауымен
қатар, оның жылдамдығын, көлемін, орындау түрін өзгертеді, әртүрлі әдіс-
айланы, тәсілдерді пайдаланады сонымен қатар психологиялық әсерлер қоса
жүреді.
Өткізілетін жарыстың деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын спортшы
ағзасына түсетін жүктеме және психологиялық әсер көп болады, осыған
байланысты бейімделу деңгейіне де жоғары талаптар қойылады.
Спорт түрлерінің ерекшелігіне байланысты қолданылатын құрал-жабдықтар
әртүрлі болып келеді (доп, штанга, семсер, бокс қолғабы т.б.), ал спорттық
кезінде екі адам бір-бірімен жекпе-жек жағдайында болғандықтан, бейімделу —
қалыптасу жағдайына басқаша талаптар қойылады.
Спортшының түскен күшке, атқарған жүктемеге қалыптасып-бейімделуі
машықтану кезеңдеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Көпжылдық жаттығу
жоспары кезеңінде алдағы өткен мерзімде болған бейімделу жағдайын бұзып,
одан да жоғары талаптарға бейімделу қажеттігі туады. Осылай әр кезеңге
қойылатын талаптардың өзгеріп және артып отыратындығына байланысты, адам
ағзасында ерекше бейімделу процестері пайда болып отырады.
Әр спортшының спорттық жолының 5-6 жылдан 20-25 жылға дейін және одан
да көп әр кезеңдегі бейімделу-қалыптасу кезеңдері бір-бірінен жоғары болып
отырғанда ғана жететіні белгілі болды.
Спортшының үлкен жүктемелерді женуге бейімделу мүмкіндігін ең жоғары
деңгейде ұстап тұру мерзімінің ұзақтығы, әр спорттың түріне және әр
спортшының феногенетикалық ерекшелігіне және атқарылған жаттығу жұ-мысының
адам ағзасына әсеріне байланысты.
Осы жағдайда адам ағзасына берілетін жаттығу жүктемесінің мөлшері оны
орындату әдістемесіне байланысты және оған адамның бейімделуі сол деңгейде
ұстап тұру мүмкіндігі тікелей әсер етеді. Осы кезеңде адам ағзасының дене-
күш қуатының сарқылып шаршамауын, зорықпауын қадағалау қажет.
Жаттығудың әр кезеңдерінде адамның дене-күш қабілетінің бір түрінің
азаюы екінші бір түрінің артуы сияқты құбылыстарды дөп басып байқап отыру,
спорттық жарыстарда нәтижелі жетістіктерді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Спорттық өте тез өзгеріп отыратын болғандықтан ұзақ, уақыт сақталатын
бейімделу процессімен қатар, аяқ асты өзгерген жағдайға қажетті тез
бейімделу процесі пайда болады.
Қазіргі жоғары спорт жетістіктерінің талабы спортқа дарынды балаларды
алдын ала анықтау, сол арқылы болашақта үлкен спорттық көрсеткішке жету
жолын іздестіру болып табылады.
Шеберліктері өте жоғары және үлкен спорттық жетістіктерге жеткен
спортшылардың туа біткен қабілеттері басқа спортшыларға қарағанда ерекше
және олардың жаттығу, жарыстық кезеңдерге бейімделу мүмкіндіктерінің жоғары
екендігі белгілі болды.
Артпайтын болса, онда сол қоздырғышқа қалыптасу, адам күшін реттеу
арқылы бейімделу процессі жүреді. Стресс-синдромның бірінші түрі, көбіне,
жарыстық кезеңде және спортшыға өз мүмкіндігінен артық жаттығу жүктемесін
жоспарлап орындатқан жағдайларда байқалады.
Екінші түрі жаттығу жүктемесіне бейімделудің негізі болып табылады. Осы
жағдайда қан құрамында глюкозаның, майлы қышқылдың, аминді қышқылдардың,
нуклейдтердің көбеюі байқалып, жүрек-қан, тыныс алу жүйесінің жұмысы
жақсарып, қан мен оттегінің жұмыс жасаушы мүшеге жақсы жеткізілуін
қамтамасыз етеді. Сөйтіп жұмысты көп атқарушы мүшеге жұмысқа араласпайтын
органнан қосымша ресурстар бөлінеді. Мысалы, қалыпты жағдайда адамның
бұлшық еті жеткізілетін оттегінің — 30%, ми — 20%, бүйрек -7% пайдаланатын
болса, үлкен жүктеме арқылы жаттығу кезінде бұлшық ет оттегінің — 87%, ми —
2%, бүйрек — 1% жұмсайды.
Адамның күш қабілеті оның бұлшық еттерінің физиологиялық ерекшелігімен
және жүйке жүйесінің өзіндік қозғалыс күшімен сипатталады.
Жалпы күші дегеніміз — бұлшық ет күшін пайдалану арқылы қажетті
қозғалыс жасап, өзіне қарсы бағытталған күштерді жену.
Күшті арттыру мақсатында адам мүмкіндігінің шегіне жақын жүктеме беру
арқылы немесе соған жақын күш жұмсап орындалатын жаттығулар пайдаланылады.
Орындалатын жаттығудың түріне және берілетін жүктеменің көлеміне
байланысты жаттығуды қайталау саны бір реттен бірнеше ретке дейін
көбейтіледі.
Адамның бұлшық етіне шектеулі немесе шектен тыс жүктеме берілсе, бұлшық
еттің жуандап өсуіне әсер етіледі. Осы жағдайда берілген жүктемелерге
бұлшық еттің үйрену қалыптасуы пайда болады. Адамның өз шамасына сай
немесе шамасынан көп берілген жүктеме негізінде адамның жүйке жүйесіне күш
түсу жағдайлары ұлғайып, ми жүйесінде бейімделу процестері пайда болады.
Жаттығу үстінде негізгі жұмыс атқарушы бұлшық етпен қоса жұмысқа тікелей
қатысы жоқ бұлшық еттер де қамтылады, осының салдарынан антогонистік бұлшық
еттер қозғалысқа кедергі келтіреді. Сондықтан арнайы жаттығу жұмыстарында,
әсіресе әдісті дәл және шебер орындатуды үйрету кезеңдерінде шамадан тыс
жүктеме бермеген дұрыс.
Дене-күштерін қолданудың статикалық және динамикалық түрлері алмасып
отырады. Бұлшық ет күшінің динамикалық түрі адамның шаршау кезеңінде немесе
тың күйінде, бұлшық еттің босау немесе жиырылу кезеңінен кейін де орындалуы
мүмкін. Сондықтан динамикалық жұмыс түрі кезеңінде күшті арттыруға
қолданылатын әдістеменің бірнеше түрін береміз.
Арнайы дене күші дегеніміз — аз күш жұмсау арқылы қажетті нәтижеге жету
үшін қолданылатын күш мөлшері.
Спортында бұл нәтиже бұлшық ет күші ғана емес, басқа да күштердің
тікелей қатысуымен іске асырылады. Оған әдіс орындау кезінде дене бұлшық
еттерінің күшімен қоса балуан денесінің салмағы, қозғалыс екпіні және
қарсылас күшін жатқызуға болады. Мысалы, балуан өзінің бұлшық етінің күші
арқылы 70 кг-ға. тең итеру күшін жұмсады делік, оған қарсылас балуан 70 кг-
дық қарсы күшпен әсер етіп, оның күшін жоққа шығарып, тағы 5 кг-ға тең күш
қосу арқылы өзі қарсы әдіс қолдануы мүмкін. Сондықтан балуан 70-ға кг. тең
бұлшық ет күшіне өзінің дене салмағының күшін қосса (тағы 70 кг.), онымен
қатар қарсыласының дене салмағы (70 кг.), оның бұлшық ет арқылы қосқан
күшін (75 кг.) және қосса, онда қарсылас балуанға 285 кг. тең күш
қолданылған болар еді.
Денені жаттықтыру арқылы пайда болған дене- күшіне қарап, күші көп
немесе аз деп топшылау көп жағдайда қате пікірге әкеп соқтырады. Сыртқы
бұлшық еттері жақсы дамыған, күшінің аз екендігі байқалып жататындығы жиі
кездеседі. Оның себебі ішкі күштің, қажыр-қайраттың, төзімділік
қабілеттің аз дамығандығынан болады.
Қорытындылап келгенде, жаттыққан спортшыларды жарыс алдында жаттығу
үрдісін үзбей, әрі оларды баптап, жарыс алдында аз уақыт ішінде дем алдырту
қажет, өйткені алғашқы белдесулер қиын әрі ауыр болмас үшін.
1.2 Еркін күресіндегі жас палуандарының күш қуатының дамуының
алғышарттары
Педогогикалық үрдіс спорттық машықтануда ағзаның іс қызметімен және
бұлшық еттің қызметінде өте тығыз байланысты. Дені сау спортшы – адамда
табысты жұмыстың орындау әсері бастапқы мөлшері бұлшық еттің жақсы дамуы
мен жетілунен байланысты. Бұл құбылыс жүрек қызметінің көрінісі. Сондықтан
бұл кездейсоқтық жағдай болмағаннан кейін бірінші назар биопедогикаға үндеу
салдық, жүрек қызметіне және бұлшық етке жұмыс істеу.
Электрокардиография – ең танымалы және таратылған әдістердің бірі. Осы
әдісті байқап көру және қолдану жарыс кезіндегі қарқынды жұмыс орындау үшін
қайшылыққа кездестірді оған қайсы бір болған теория жауап бере алмады.
Жалпы қабылдау ұсынысы бойынша тістер аралықтар (сегменттер)
электрокардиограммалар (ЭКГ) жүрек циклі екі негізгі фазаға бөледі немесе
кезеңге (1 а сурет) – систола – жүрек қарыншасынан қан итеруі (тістер QRS
сегмент S – T, тісше – Т) және диастола жүректің қарыншалары қанмен толу
(тісше U сегмент U – P, тісше Р, сегменттер Р – Q). Сонымен қатар болжау
бойынша систола миокард қарыншасының жиырылына байланысты белсеңді болып
саналады, ал диастола одан қарағанда ауыр және екі кезеңнен тұрады: сылбыр
– тісше U, сегменттер U – P, қысымның түсуінен байланысты жүрек тамырлары
қанға толады және белсеңді-тісше Р, жүрек құлақшасының жиырылуынан
байланысты және құрамы жалпы қан толу көлемінен 15 % құрайды.
Бұлшық еттің қарқынды жұмыс кезінде жүрек соғу жиілігі 180 – 200
соғ.мин. жеткен кезде электрокардиограмманың суреті негізінен өзгереді (1
б сурет). U – тісшесі, U – P сегменттері, Р – тісшесі жоғалып кетті,
сонымен қатар диастолалық аралық толық жоғалып кетті (!?), жүректің іс
қызметінде ең басты мәселелердің бірі – жүрекке қан толуы. Адам қарқынды
жұмыс істеген де жүрек өзінің өнімділігін тоқтатады, осы жерден
келіспейміз. Машықтану және жарыс кезінде спортшыларда жүрек соғу жиілігі
200 соғ.мин. Жоғары, минуттық қан көлемі 50 литрге жетеді, яғни мұнда
жүректің бір жиырылуында перефериясына 200 мл. – дан жоғары қан мөлшерін
лақтырады. Тыныштық кезіне қарағанда ол 4 – 5 рет есе көп (!), мұның бәрі
жоғалған диастола кезінде ме? Ақылға симайтын жағдай, бірақта факт. Осындай
жүрек циклындағы диастоланың фазасын шығарып тастауға болмайды, өйткені қан
толмаса итерілмейді, шықпайды, ал қан айналымы болмаса бұлшық ет жұмыс
істемейді. Тәжерибеде, жұмыс қарқыны жоғары болса, онда қан айналымы да
жоғары болады.
Аринчин Н.И және Сенько Ф.Н. ойлауы бойынша, QRST ағынының жалғасуы
кешені бойынша систолада жүректі іске асырады, диастолада, ал ара қашықтық
T-PO(R) ЭКГ үшінші фазаға мінездеме береді – тыныс үзілісі (тыныштық), ол
ритмнің жиілігінен жоғалуы мүмкін, ал кешен QRST ЭКГ құбылысы систола-
диастолалық, систолалық емес.
Түсіндіру ыңғайлы, бірақта ол да үлкен кемістік, сонымен қатар келесі
факт қайшы болып тұр. Ерте экстросистолары (жүрек жиырылуының ретсіз болуы)
R T – ға түрі, QRS кешендерінің экстросистолалары шыңына қабаттасады
немесе келісіміне жетпейтін тізе алдындағы Т тісшесі, гемодинамикалық
эфекті емес (Дехтярь Г.Я.,). Осының бәрі, бұл жағдайда диастоланың үрдісі
жоқ және жүрек жиырылған кезде қанды итеріп шығара алмайда, сонымен қатар
QRST кешені бәрі бір де систолалық болып табылады. Ақылға симайтын жағдай,
бірақ та факт. Сонда диастола қайда кетті?
ЭКГ – де диастолалық бөлімшесін зерттеу негізінде бізбен қағида
қойылды, негізінде, егер жақсы жүрек циклі экстросистоламен тоқталса, онда
ретсіз (экстросистолалық) жүрек қарыншаларының жиырылуы сол кезде ғана
пайда болған қан көлемін итеріп шығарады, алдындағы жиырылудан кейін. Бұл
зерттеудің нәтижесі бір мағыналы қорытынды жасайды, жүрек қарыншалары екі
кезеңде толады, біріншісі U тісшесіне сәйкес келеді ЭКГ – де – меншікті
қарыншалар диастоласы, ал екінші – Р тісшесі – предсердия систоласы (4,5).
Тағы да міндет. U тісшесінің жалғасуы өте қысқа – 0,16 – 0,20 с.
сонымен бұл кезеңде (негізгісі 85% дейін) жүрек жағынан белсеңді болуы
қажет, өйткені көк тамыр қысымы диастола кезінде тез төмендейді және теріс
болып кетеді. Соңғысының айтуы бойынша, жүректің өзі тек қана көк тамырдың
жылдамдығына әсер етпейді (сіңуіне), ол жүрек аймағын белсеңдетеді. Бұл
қандай механизм?
Парин В.В. және Лукьянов Е.К. айтқан ойлары, жүрек, жүрек жиырылу
кезінде кішірейіп, көк ет бөлімінің краниальді бағытын тартады, ол
перикардпен бірігіп өскен. Көк еттің кері өзгеріске ұшырауы, жүрек
қарыншалары босаңсыған кезде болады және оны ұстап тұрмайды; көк ет, ол
серіппелі, серпінді элемент, жиналған энергия жүректі созады, жүрек
қарыншаларын тез толуын қамтамасыз етеді. Бұл таңғажайып идея, біздің
алдындағы зерттеулерімізге тікелей емес анықтама береді, одан да терең
анализге шалдыққанбыз және бұл жұмыстың болашақта жемісті болды.
Белсеңді диастоланың механизмін суреттеп, Парин В.В. және Лукьянов
Е.К., өте маңызды бөлшекті жіберіп алды – көк еттің байланысын әлде
серпінді құрылымды миокардпен. Шыныменде, перикард пен көк еттің тығыз
байланысы бар, бірақ миокард перикардпен және көк етпен перикардттың
бірігіп өсу аймағы, тікелей байланыс жоқ, өйткені жүрек перикардтта
бекітілген үлкен тамырлардың кіріс және шығыс негізі. Осындай бейнемен
тікелей механикалық байланыс миокардпен көк еттің және серіппелі құрылымы
болмайды.
Жүрек, тек тығыз қапта ғана бекітілген, перикард қуысында салыстырмалы
еркін орын ауыстыра алады. Өз ретінде, перикард кеуде қуысына өте мықты
және тығыз бекітілген. Көк ет бөлімшесі жүрек сөмкесінде мықты бекітілген,
көк еттің сіңірлі орталығымен бірігіп өскен. Үстінен, жандарынан және
артынан периетальді жапырақ жүректің үлкен тамырларында перикард
бекітілген, жеке қосқыш – тканьді ауырыменде. Перикардтың алдыңғы жағы
кеуденің екі сіңірімен байланған, олар өз дамуларымен байланысты. Бұл
сіңірлер ортасынан шегінеді плевра бөлімшесінен еркін перикардттың алдыңғы
жапырағында. Жоғары кеуде – перикардиальдымен байланыс жалғанады артқы
жағындағы кеуде тұтқасына және бірінші қабырға шеміршегіне. Астынғы кеуде-
перикардиальдымен байланыс жалғанған қуық өскіндісіне. Дененің бүйір
жағынан кеуде омыртқалары перикард жапырақтары бүйірге дейін әдетте
сіңірлер болады, омыртқалы – перикардиалық, пайда болған кеуде ішіндегі
фасциялар. Есептен алып тастауға болмайды қопсыған-тканьді байланысты,
берік емес байланысы бар (амалданған жағдайда соңы өткір емес болуы
мүмкін), бірақ та кең алаңды білімді мекенді қамтиды, сонымен өзімен
байланыстырады систолалық күрделі қақтығысын жүрек ығысуын және басқа
сіңірлермен көк еттің байланысына қақтығыса алады. Толық мінездемеге
ескерту қажет, теріске шығаратын қысым перикард қабырғасын бүкіл үстінен
сыртына дейін тартады. Соңғы жағдай перикардтың тұрақты жағдайына жүректің
әс-әрекеті байланысты.
Зерттеулер құрылымды – фунционалды жүрек – перикард пайда болғанын
көрсетті, оның анықталған мән маңызы механизмі құрамы, бірінші рет тауып
анықтаған көрініс адам жүрегінің қарыншалары қанға толуы теріске шығару
қысымымен, сол уақытта систола қарыншалары герметикалық перикард қуысында
болады. Мағынасы, осында алдында болған жүрекке қан толуын толық түбінен
өзгертті, жүрекке қан толуын және қан құюлу механизмін анықтап.
Бұл көріністі анықтап жүрек қызметінің теориясына ғаламдық, кең
ауқымдығ дүние жүзілік өзгеріс енгізді, болжамды анықтама табылды айдайтын
– соратын топта, сонымен қатар жүрек қызметі екі жақты, миокардтың жиырылу
күші анықтағанда диастола жылдамдайды және перикард диастолалық үрдісте
қатысуымен.
Бірегелі, сапалы және өмірге маңызды мүшеге біліміміз артты,
артериялық жүйеде тек қана қанды айдамайды қимыл-қозғалыс үшін, мықты
сорғыш эфектісімен сол қанды қайта келуін қамтамасыз етеді, мықты қан
итеруінен тәуелді болатын. Ритм жиі болса, қан итерілісі де көп болады, ол
жүктеме түскен кезде байқалады, сорғыш қызметі мықты жұмыс істейді
миокардтың жиырылуына байланысты, қан толуы үлкен жүктеме және ритмі жоғары
болса да, қамтамасыз етеді.
Табылған көріністің тәжерибелік маңызын тым көп бағалап жіберген қиын.
Ол потологияда диагностикалық жағын кеңейтеді, хирургиялық араласудың
тиімділігін арттырады, жүрек орын алмастыру кезінде үлкен маңызы бар,
жасанды жүрек жасағанда, толық тиімді болмаған кезде, егер онымен
пайдаланбаса бұл жүректегі маңызды көрініс және тағы да көптеген, көптеген
басқа жағдайлар.
Қорытындылап келсек осы бөлімді, оқырманның назар аударған жөн,
биопедагогика өзінің өмір сүруіне алғашқы маңызды қадамын жасады.
1.3 Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының моделі
Спортшылардың денсаулығын бақылаудың кең тараған түрі – ол тамыр
соғуын анықтау. Бірақ та, тәжерибеде көрсеткендей бұл әдіс қарқынды
жұктемені мінездейді, шаршауды сол түрімен анықтауға керек емес екенін
көрсетті. Тамыр соғуының өзгерісі жүктеме кезінде әлде одан кейін де бір
мағыналы жауап бере алмайды – бұл жағдай шаршау пайда болғаннан кейін
болды, жүктемені төментету немесе қосу, жоғарлату әлде өзгерту экономикалы
түрде жұмысты орындау, егер жұмысты өлшеу қиын болса, мысалы, күресте.
Артериялық қысым, систолалық және қанның минуттық көлемі – бұл көрсеткіштер
жұрек тамырларының жүйесі, сау адамның қарқынды жұмысын мінездейді,
шаршауды анықтау үшін қажет болмай қалды. Қанның минуттық көлемі реакцияның
аралық көрсеткіші сол жүйенің бұлшық ет жұмысына өте тиімді болды, үнемді
жұмыс спортшыны стандартты жүгіріс тестте анықтағанда. Машықтану, жаттығу
кезінде басқаруға сүйкімді объект миокард болып табылды. Егер жүректі насос
ретінде қарастырсақ, онда қан тамыры бұл жағдайда қиындаттырыған жүйеде
(дәл, парапар емес реакция) немесе жеңілдетілген (дәл, парапар реакция).
Дәл, парапар емес реакция жүрек қан тамырлары үлкен қысымда болса да
керекті қан көлемін қайта ауыстыруна қабілетсіз, осында қамтамасыздандыру
керек адамның жоғары эфектілі күш салатын, ол миокардтың шаршауына әкеледі
және ағзаның жұмыс істеу қабылетінің төмендеуіне әкеледі. Дәл, парапар
реакцияда қан тамырының, жүрек жұмысының жеңілдеуін қамтамасыздандырады,
спортшы машықтану, жаттығу және жарыс кезінде атқаруына қабілетті. Бірақ
та, мұнда шектегіш фактор жоғары машықтанған, жаттыққан спортшылардың
дамуында миокард тұрса, осында бірінші жағдай күш салатын жұмыста шаршау
әсері, факторы болып тұр. Сонымен, білікті бақылау миокардқа жаттығу және
жарыс кезінде басты әдістеме болуы мүмкін оңтайлы басқару спорттық
машықтануда.
Миокардтты бақылау үшін жақсы жетілдірілген клиникада әдіс
электрокардиография. Оның жетіспеушілігі осы змандағы кезеңде болып
келетін, бұл әдіс жолдама потологияда жүз жылдар бойы жетілдірілген,
белгілі болса да физикалық жүктемемелерге өте сезімтал. Бейімделу
қажеттілігі спорттық машықтануға бұрында пісіп, жетілген. Сондықтан, бұл
өте таңғажайып әдіс, жағдай жасайды, тез ішіне кірмей сыртқы көрініс пен
ақпарат алу, алмасу үрдісін микардтың жасуша, тор деңгеінде. Әдейі
жасушаларда, торларда, өйткені электрокардиограмма графикалық көріністе
аралық электрикалық жүрек белсеңділік уақытында және мінезделеді электрлік
белсенділік жүрек бөлімшелерінің қозған құрылымдарында (жасуша, тор
потенциалы) және дәйектілігі потенциалдық қосуы басқа жасушаларда,
торларда, сол уақытта бүкіл кезеңнен өткен жүректің электорлық белсеңділігі
өз кезегінде жүректің электорлық белсеңділігі (жасуша, тор динамикасының
потенциялы) жасушада, торда зат алмасу белсеңділігімен байланысты (иондық
қимыл-қозғалыстар) бүкіл өзгерістер әр мүшелерде болса да, олар ең алдымен
жасуша, торлардан басталады.
Кесте 1
Бұлшық ет қызметінің әсерінен тыныштық кезеңіндегі қалып пен жүктеме
кезеңіндегі жағдай сәйкестігі
Жүктеме Тыныштық
Қалып, жағдай Шифр Қалып, жағдай Шифр
Шаршау Болмауы, 1.1 Мөлшер, шама 0.0
жоқ болуы
Кішігірім,1.2 шаршау Кішігірім, үлкен 0.1
үлкен емес емес
Нысап, 1:3 Нысап, орынды 0.2
орынды
Жедел, 1.4 Жедел, өткір 0.3
өткір
Қажу 1.5 Созылмалы 0.4
Жедел, өткір мен 0.5
созылмалы
үйлесімімен
Потологияның 1.6 Созылмалы қажу 0.6
алдындағы кезең
Күш салу, зорлану 1.7 Күш салу, зорлану 0.7
Бұлшық ет жұмысын орындауында адамның ағзасының энергетикалық
функциясын жоғарлатуын талап етеді. Ол, сәйкес, лайықты мүшенің және
жүйенің күш салуына әкеледі, өз кезегінде ол шаршауға кезіктіреді
(физиологиялық реакция … жалғасы