4-сыныпқа арналған бірнеше оқулық комиссияның қарауына қайта жіберілді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Наурыз айының басында республикалық комиссияның отырысы өтіп, 4, 9, 10-сыныптарға арналған оқулықтар қаралған

 

АЛМАТЫ, 29 наурыз – Sputnik. 4-сыныпқа арналған бірнеше оқулық республикалық комиссияның шешімімен пәндік комиссияның қарауына қайта жіберілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

2 наурызда республикалық комиссия 4, 9, 10-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын қараған.

«Республикалық комиссия мүшелері өзара ортақ пікірге келе алмағандықтан, қазақ және орыс мектептеріне арналған 4-сынып оқулықтары – «Математика», «Дүниетану», «Жаратылыстану» және қазақ мектептеріне арналған «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» оқулықтары пәндік комиссияға қайта қарауға жіберілді. Бұл арада сараптама жайлы сөз болып отырған жоқ, оқулықтарды басқа құрамдағы комиссия қарайды», — деді «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының басшысы Бейбіткүл Кәрімова.

Оның айтуынша, оқулықтарды тексеретін сарапшылар мүдделер қайшылығы болмас үшін өз ісін құпия жүргізуде. Яғни оқулық авторлары сарапшылардың кім екенін білмейді.

Тағы оқыңыз: «Заң қабылданған жағдайда…» Қазақстандық мұғалімдер нені білуі тиіс?

Сондай-ақ, Кәрімова білім және ғылым министрлігінің бастамасымен күн сайын оқушы көтеретін сөмкенің салмағы алдын ала бекітілгенін мәлімдеді.

Мәселен, 2018 жылдың қыркүйегіндегі жаңа ережеге сәйкес, 1-3-сынып оқушыларының сөмкесі 1-5,2 келіден, 4-5-сыныптікі 2-2,5 келіден, 6-7-сыныптікі 3-3,5 келіден, 8-11-сыныптікі 4-4,5 келіден аспауы тиіс.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда мұғалімдер 48 жасында зейнетке шығуы мүмкін

«2018 жылы шыққан, 3, 6, 8 сыныптарға арналған оқулықтар мен қосымша оқу құралдары министрлік бекіткен нормаға сай. Оқулықтың мазмұны типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалады», — деді орталық басшысы.



sputniknews.kz