Мереке Пішембаев жаңа қызметке келді — Қазақстан жаңалықтары
Президенттің өкімімен Мереке Пішембаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Сурет: Қалижан Оспанов/Kazpravda.kz
«Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды», — делінеді хабарламада.
Ал аталған қызметте болған Замир Сағынов мемлекет басшысының өкімімен қызметінен босады.
Сонымен қатар Әділ Тұрсынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды. Бұл қызметке Сатыбалды Бұршақов тағайындалды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz