Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ажырасқан — Қазақстан жаңалықтары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ажырасқан.
27 наурызда облыс әкімдерінің, Нұр-Сұлтан мен Алматы, Шымкент әкімі бас қосқан жиынға ел президенті неке жүзігімен қатысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ажырасқан. Ақорданың ресми сайтында осындай ақпарат жарияланды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қатынастар бойынша 10 кітаптың авторы.
Қазақстан Республикасының және шет елдердің көптеген мемлекеттік наградалары, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Салауатты өмір салтын қолдайды. Ол фантастикалық, саяси және мемориалды әдебиеттерді оқығанды жақсы көреді. Ажырасқан.
Ұлы — Тимур Қасымжомартұлы Тоқаев», делінген хабарламада.
Википедия мәліметіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Надежда Давыдовна Тоқаеваға үйленген.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz