Назарбаев: Алматының алма ағаштары гүлдегенде жыл сайын келіп суретке түсем — Қазақстан жаңалықтары
Қазақтанның тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев не себепті әр көктемде Алматыға келеді. Бұл туралы ҚР президентінің телерадиокешені мәлімдеді.
Фото: Ақорда
Қазір елбасы Алматы қаласында. Алматы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізді. Мұрағаттағы видеода Нұрсұлтан Назарбаев Алматымен өзін не байланыстыратынын айтты.
«Алматы әдемі, жасыл қала. Менің сүйікті қалам, туған өлкем. Әр келген сайын жаным толқи бастайды. Бұл еліміздегі ең әдем қала. Біздің үйіміздің айналасы бақ болатын. Жарты гектар жерді алып жататын. Сол жарты гектар алмақ бақ отбасының қажетіне жарады. Жыл сайын алма ағаштары аппақ болып гүлдейді. Сондықтан жыл сайын осында келіп, алма ағашының қасында суретке түсем. Себебі дәл осындай аяулы сәт менің жадымда мәңгіге сақталған», — дейді елбасы.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz