Ырым Кененбай | өмірбаяны

0

Кененбай Ырым Суанбайұлы— белгілі журналист, жазушы, баспагер Ырым Суанбайулы Кененбай 1947 жылы 19 маусым куні Алматы облысы Талдықорған ауданында дүниеге келді. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне түсіп, оны 1969 жылы бітіріп шықты . 

Ырым Кененбайдың сан қырлы журналистік талантының танылған тусы жетпісінші жылдар болды. Ол «Лениншіл жас» газетінде 11 жыл бойы қызмет жасап, газеттің мәдениет және ғылым, шаруа жастар, насихат бөлімдеріне жетекшілік етті, редколлегия мүшесі болды. Ырымның жеке әңгімелері «Жетісу», «Лениншіл жас», «Мәдениет және түрмыс» газет-журнал оқушыларына жақсы таныс оның «Аққулы мекен» повесі шығармашылық ортада жоғары бағаланды. 

1979—1985 жылдар аралығында «Қазақстан» баспасында аға редактор, «Мектеп» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды. Ана тілімізге бетбұрыс жасалып, арнайы үкімет каулысымен жаңадан «Ана тілі» баспасы ашылғанда, оның алғашкы ұйымдастырушыларының бірі (1985—1994) бас редактордың орынбасары, директордың бірінші орынбасары, директоры болды. Жоғары оқу орындарында дәріс қазақ тілінде жүріп, ана тіліміздегі оқулықтарға зөрулік туғанда үкімет шешіміне сәйкес «Білім» баспасын ұйымдастырып (1994—1995), оған басшылық етті. 

1995 жылы Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқараралық ақпарат министрлігінің 13 мамырдағы алқа шешімімен «Алатау» мемлекеттік баспа-полиграфиялық корпорациясы құрылды. Ал, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 29 кыркүйектегі №1470 арнайы қаулысымен ол Акционерлік қоғамға айналды. Ырым Кененбай басшылық ететін бұл корпорация қазіргі кезде республикамыздағы нарықтық экономикаға нық кадам басқан табысты шығармашылық — баспагерлік кәсіпорындардың бірі. 

Ырым Суанбайулы Кененбай журналистік — қайраткерлік қызметі үшін көптеген мемлекеттік Грамоталармен, КСРО Жоғарғы Советі Президиумының 1997 жылғы 25 кантардағы Жарлығы бойынша «Еңбектегі ерлігі ушін» медальмен марапатталған. 1978 жылдан КСРО Журналистер Одағының, 1987 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі. 

Үш мәрте Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының (1979, 1981, 1985) иегері. Бірнеше көркемсөз, аударма кітаптарының авторы: «Лабасы етегінде» («Қайнар» 1971), «Қырда өскен қызғалдақтар» («Мектеп» — 1977), «Жас шопандар ауылы» («Кайнар» — 1978), Інжу-маржандар («Жалын» 1980), «Біруыс дән» («Жалын» -1983), «Қолғанат» («Жазушы» 1987), «Ер жүрегі» («Жалын» 1988), «Мәңгі жаз елі» («Рауан» -1989).