Балабақшамен қоштасу ертеңгілік сценарий сценарий балабақшада

0

Тақырыбы «Қош бол ,даярлық сыныбым»
Мақсаты: Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған   білімінің,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету,балалардың сөздік қорын,тілін,ой өрісін, кеңейтіп дамытумен бірге оларды Отансүгіштікке , бауырмалдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды.

Барысы:
Тәрбиеші: 
         Қазіргі мынау мереке,
         Бәрінен де ерекше,
         Өйткені біздің балалар,
         Барады ертең мектепке

Құрметті ұстаздар,ата-аналар !Бүгінгі «қош бол ,даярлық тобы»атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен тәлім –тәрбие алып,өнер үйреніп ,жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып ,1-сыныпқа қадам  басқалы отыр.Балалардың қадамдары құтты болсын дей отырып бугінгі «қош бол ,даярлық тобы»атты ертеңгілімізді бастаймыз.
Сахнада  Ринат,Бексұлтан ойнап отырады.Азиз қолына сөмкесін  ұстап кіріп келеді.
Азиз:
 Ринат,Бексұлтан ,
қараңдаршы кітаптарда ,қаламда ,
көп болатын ағамда .
менде бұрын жоқ еді ,
әкелді анам мағанда .
Бексұлтан:Қараңдаршы !
Тазалап жуып басымды ,
Тарап қойдым кекілді,
Бола қалдым лезде ,
Мержан ағам секілді.
Ринат :МАДС- ім қош енді ,
әркез аман бол деймін 
әкем менен шешемді ,
енді ертіп келмеймін .
жыламаймын енді мен, 
сабақтанда қалмаймын,
ата-ана үмітін ,
әрмен қарай жалғаймын.
 Диляра :қызық күндер өткіздік ,
Даярлықтың бағында 
Көп оқыдық, көп білдік ,
Ел менен Отан жайында ,
Мектепке енді барамыз,
Мұңаймаңыз сағынып.
Қашықта болса арамыз,
Сыныпқа келіп тұрамыз.
Барлығы :
Сәлем саған мектебім ,
Сәлем білім ордасы,
Жасыл бақты көктемім
Жастық шақтын ордасы.

Ән: «Біз мектепке барамыз!»
Олай болса балалар,әдемі –ойын сауық құрып,бесеуіне ақ жол тілеймін.Қадамдарын құтты болсың!
Сахнаға Сайқымазақ   Еркетай кіріп келеді.
Сайқымазақ Еркетай :Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:Сәлеметсіз бе ?

Тәрбиеші :Балалар бұл кім екенің білеміз бе ?
Балалар:Иә, бұл Сайқымазақ Еркетайғой.
Тәрбиеші :Иә,Еркетай сені балалар танып жатырғой,жол балсын ,қайда бара жатырсың?
Сайқымазақ Еркетай :Мен цирктен шаршадым ,барлығы мені мазақтап күле береді,енді мектепке барамын,міне бүкіл ойыншықтарымды да салып алдым.
Диляра :Мектепке бізде барамыз ,бірақ онда ойыншықтар керек емес.
Сайқымазақ Еркетай:Сонда мен мектепке ойыншықтарымды апармасам не үшін барамын?
Барлығы : Мектепке оқу үшін барамыз.
Тәрбиеші:Еркетай ,сен әлі мектепке дайын емес сияқтысың,балалар «Кім мектепке тез жиналады»ойыны арқылы Сайқамазақ Еркетайға мектепке  не апаратына жайлы үйретіп жіберейік.
Ойын : «кім мектепке тез жиналады» барысы: ортаға 2 бала шығарылады,жіпке  оқу құралдары ілінеді , балалардың қөздерін жауып балалар оқу құралдарын тауып алып қайшымен қиып жинап алады.

Сайқымазақ Еркетай :Балалар рахмет сендерге мен мектепке барып ойнайды теп ойыншық алып келсем,енді қайттім?иәәә,таптым мен бұл ойыншықтарды балабақша балдарына  сыйлайын,ал өзіме оқу құралдырын сатып  алайын.
Балабақша бүлдіршініне апарады.
Сайқымазақ Еркетай:бұл сендерге ,кележатырған мейрамдарынмен!
Нүрбибі :Рахмет саған Сайқымазақ Еркетай.
Сайқымазақ Еркетай:Балалар маған ән айтып беріндерші.
Ән: «Бал балалық»
Сайқымазақ Еркетай :Балалар байқадыңдар ма ?менің машинамның артында шарлар бар енді мен сендерге ойын азірлеп келген едім мен сол ойынымды ойнатайын иә?
Ойын : «шарды кім тез жарады»
Ойынның барысы:әр бала шарды тез жарып,ішіндегі тапсырманы алып орындайды.
Тапсырмалар:1.орманда аю,тулкі жүрді оларға  қасқыр мен жолбарыс келіп қосылды сұрақ орманда неше аң бар? 2+2=
2.Мына сөзді оқы ( ана)
3.10 дейін тура және кері сана
4.мына фигуралардан кандай сурет құрастыруға болады?
5.санамақ айту  
Және сұрақтарға қосымша аңдардың суреттері болады балалар сол аңдардың бейнесін салып берулері керек.
Сайқымазақ Еркетай :
-Балалар қараңдаршы  шардың ішінен кәмпит шықты .кәмпитті ашып берейін.
-ой ,мынау кәмпит емес қой бұл тағы Сайқымазақ Еркежанның істегені ғой ,енді қайттім? 
Тәрбиеші :
-әкел маған мен балаларға оқып берейін .(кәмпиттін ішінде Сайқымазақ Еркетайдың хаты жасырынған балалараға хатты оқып беру.)
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Ойын:  « мектеп және мен»балалар белгілі бір жерге мектепке қатысы бар сөздерді  атап барулары керек
Сайқымазақ Еркетай:Білімді болған қандай жақсы,балалар білімдерің өсе берсін,
Қадамдарыңа гүл бітсін, менде мектепке баруға жиналайын.
Сау болындар балалар.
Есік қағылады.
Дәрігер:Сәлеметсіндер ме балалар  биыл мектепке баратын балалар сендер ме ? мектепке бармас бұрын сендер дәрігерге қаралуларын керекқой 
Олай болса қарап жіберейін.
Дәрігер:
Жарайды онда ,балалар,
Қане бірің тұрындар.
Тапсырманы ұғындар 
Көтер қолды ,түсір қолды 
Бұрыл жедел,онды-солды.
Енді отыр қайта тұр.
Қан соғысын көрейін
Жарамсызы бар болса 
Ақыл кеңес берейін,
Бәрі тегіс қаралды ,
Бәрі тегіс жарамды
Бәрі тегіс салауат,
Бәріне де рұқсат.
Тәрбиеші :Ақ халатты абзал жан келгеніңізге куанып қалдық рахмет сізге.
Дәрігер :Ал балалар жолдарын болсын !сау болындар.
Ән:Мектебім
                          Айналайын гүлдерім,
                            Ақ шуақты күндерім.
                            Ерекше қызық тілдерің,
                            Естен кетпес үндерің.
                            Сүйкімді балғын болашақ,
                            Сендердікі болашақ.
                            Озат болып оқыңдар,
                            Ойға білім тоқыңдар.

Тәрбиеші  балаларға естелік ашық хатын сыйлайды.
Би :Қоштасу вальсі 
Құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Тәрбиеші:құрметті қонақтар осымен  бүгінгі ертеңгілігіміз  осымен аяқталды . Көріскенше күн жақсы болсын!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!