Бекет Қарашин | өмірбаяны
Бекет Қарашин 1953 жылы 23 қазанда Атырау облысы, Индер ауданында туған. 1970–1972 жж. Алматы қаласында құрылыста жұмыс істеген. 1979 жылы ҚазМУ-дің философия-экономика факультетін тамамдаған.
1979–1993 жж. Қарағанды жоғарғы милиция мектебінде оқытушы болып қызмет етіп, Мәскеуде, Таулы Қарабақта, Жаңа Өзенде тыныштық пен тәртіп сақтау істеріне араласқан.
1983–1986 жж. Қазақ ССР Ғылым академиясының философия және құқық институтының аспирантурасында оқыған. 1993 жылдан Атырау қаласында тұрады. Қазір «Алшы» әдеби-тарихи, мәдени қорының құрылтайшысы, «Наргис» ААҚ Бас директоры, «Атырау-Ақпарат» агенттігінің әдеби қызметкері.
Ақын Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін орысшаға аударып, «Жыр – Жебе» («Стихострелы») деген атпен шығарған. «Бейбарс: эпоха и личность», «Испытание лука и лиры», «Менің Қазақстаным», «Тюрк и Я», «Скиф и Я», «Слова» кітаптарының авторы.