Балалардағы асқазан ойық жарасы ауруы слайд,презентация
Балалардағы асқазан ойық жарасы ауруы слайд,презентация
Жоспары
1. Асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасының таралуы
2.Себептері және патогенезі
3.Жіктелуі
4.Клиникалық көрінісі
5.Диагностика және ажырату диагностикасы
6.Емдеу және алдын алу шаралары
7. Пайдаланған әдебиеттер
ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫ
Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы (ОЖА)- созылмалы рецидивті кесел, жергілікті қорганыс факторлары мен агрессия арасындағы тепе-теңдік жойылуынан болган асқазан шырышы мен 12 елі ішек шырышының тін мүкістігі. Таралымы.Балаларда ОЖА сирек кесел емес, қала тұрғындарында 3,4 % болса, ауылда -1,9 %. Соңғы онжылдықта ОЖА 2,5 есе көбейді, қыз бен ұл балада бірдей. Ең жиісі -12 елі ішек ОЖ-ы (81 %), асқазан ОЖ-13 %, бұл екі аурудың аралас түрі 6 %. Этиологиясы.
ОЖА-полиэтиологиялық ауру. Кеселдің дамуында ең мәнді жай –тұқымқуалау ауыртпалығы, бұл науқастардың 30-40 % -да.
Қазіргі кезде гендік факторлардың мәндісіне асқазан сөлінің жоғары агрессиясын жатқызады, бұның көрсеткіштері:
Тұз қышқылының максимальды секрециясының жоғары деңгейі.
қан мен зәрде пепсиноген 1-дің жоғары мөлшері;
үстемелеуге сай гастриннің аса көп бөлінуі. Ең мәндісіне жататыны 2- көрсеткіш, бұл жайт аутосомды-доминантты беріліп, дуоденалдық ойық жарамен науқастардың 50%-да анықталады; жара болу қаупін 8 есеге асырады.
Қан тобының О (I)- тобына жататындарда бұл кесел 1,5 есе артық, әрі оларға ауру ағымының аурлығы ауырлығы тән.
Асқазан сөлінің АВ (О) жүйесінің антигендік түзу қабілетінің жоқтығы, бұл шырыш пен гликоопротеиндер бөлінісіне қатысты. Бұндай науқастарда (секреторлар еместер) дуоденалды ойық жара ауруы секреторларға қарағанда 1,5 есе жиі, егер секреторлық статус О (Ш) қан тобымен бірге болса, кесел жиілігі 2,5 есе артады.
Науөқастарда В5, В15, В15 HLAантигендері жиі анықталады.
Келтірілген факторлардың әрқилылығы ОЖА-ның генетикалық гетерогендігіне көңіл аударады. Түрлі ұнамсыз факторлардың қосындысы ауру дамуының қаупін арттырады. аталған гендік стигмалар ОЖА-ның даму мәжбүрлігін анықтамайды, олар тек сыртқы жайлар әсерінен кеселдің тууына ықпал жасайды.
Этиологиясы.
Сыртқы этиологиялық факторлардың ішінен Helicobacter pylori (Нр) басты орында, себебі ОЖА –да оның анықталуы 99,9 % ал оның эрадикациясынан соң жара қайталауы тек 5%. Дегенмен ОЖА-н Нр-инфекциясының тіке салдары деуге болмайды, себебі кеселдің эпидемиологиялық «мінезі» жоқ, ал Нр жұқтыру тәжірибесінде дамитын ауру жара емес,-созылмалы гастрит; жараның орны 12 елі ішек, асқазан емес, -Нр-дің өсіп-өнетін жері. Сірә, Нр-ден болатын белсенді антральды гастриттің осы ауруға гендіқ бейімділігі бар балаларда ОЖА дамуына ықпал етуі мүмкін.
басқа эндогендік факторлар (алиментарлық, нерв-психикалық, зиянды әдеттер т.б.) ОЖА –да тек қосымша мәнде, дегенмен, олардың бар ауруды асқындырып, ағымын ауырлататын әсері бар.