Ахмет Байтұрсынов Қара бұлт слайд,презентация — Әдебиет
Ахмет Байтұрсынов Қара бұлт слайд,презентация
Мақсаты : Білімділік . Ақын Ахмет Байтұрсынов туралы білімдерін байқай отырып, қосымша білім беру ,өлеңін талдата отырып, ақын шеберлігін аңғарту ,мысал туралы білімдерін тексеру, «Қара бұлт» өлеңі арқылы адам бойында
болатын мінездерін аңғарту;
Дамытушылық : Ақынның өлеңімен таныса отырып , оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Жақсы мінезге ,еңбекке ,ел қамын ойлайтын адам болып қалыптасуға шақыру.
1/ Бұлт- Атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары мен мұз кристалдарының жиынтығы ,ауадағы су буының молаюынан пайда болады.
2/ Тау- Әр түрлі жолдармен пайда болған, биіктігі теңіз деңгейінен 200 м-ден астам оқшауланған шың, бұйрат, массив, жота .
3/ Егіншілік- Халыққа тағам, малға азық ,неркәсіпке шикізат ретінде қажет өсімдіктерді өсіретін ауылшаруашылықтың бір саласы, ауылшаруашылық өнімдерін өсіру ,күту, өнімін арттыру ,жерді тиімді пайдалану және оның құнарлықтарын арттыруды зерттейтін ғылым. Оған : егін егу, жеміс, гүл ,жүзім, шабындықты пайдалану т/б жатады .
4/ Аптап – ыстық
5/ Теңіз- Мұхит айдынынан құрлықпен бөлінген және одан гидрологиялық ,метерологиялық және климаттық режимдермен ажыратылатын дүние жүзілік мұхит бөлігі немесе мұхиттың ашық бөліктері .
6/ Пәрмен – екпінді , қатты
7/ Мырзасыну- жомарттану , қолы ашылу
8/ Қайран қалу- таң қалу
9/ Қадарлы жер –
10/ Қайыр- пайда
11/ Ғибрат- үлгі , өнеге