Қызылордадағы тікұшақ апаты: Прокуратура қылмыстық іс қозғады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысында құлаған тікұшаққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы парламент кулуарында Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді.

Қызылордадағы тікұшақ апаты: Прокуратура қылмыстық іс қозғады

Оның сөзінше, Бас әкери прокуратура «Ұшу ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Бүгінде ол қозғалған және тергеліп жатқан қылмыстық істі бақылауда. Түрлі сараптамалар, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстанның бас прокуроры мұның бәрін бақылауда ұстап отыр», — дейді Лукин.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке  ұшып бара жатқан. «Алтын Жебе» атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген. 

Президент Тоқаев қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтып, тергеу жұмыстарын бастауды бұйырды

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, апат орнына жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz