Головкиннің келесі жекпе-жегі қай жерде өтетіні белгілі

0

Бұрынғы чемпионның командасы мүмкіндігі басым төрт локацияны қарастыруда: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес жәнеЛас-Вегас.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін өткізуі мүмкін қалалар белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

GGG шаршы алаңға маусым айында оралуды жоспарлап отыр. ExpressNews.com сайтының хабарлауынша, экс-чемпионның командасы мүмкіндігі басым төрт локацияны қарастыруда: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас.

Аламо Сити Лестера Бедфордтан шыққан промоутердің айтуынша, Alamodome аренасы (Сан-Антонио) бұл таңдауда фаворит болып отыр. Себебі, Геннадий былтыр Лас-Вегас, Нью-Йорк және Лос-Анджелесте де жекпе-жек өткізген болатын.

— Менің ойымша, Головкиннің жекпе-жегін өткізу үшін бізде жақсы мүмкіндік бар. Ақпарат апта аяғында нақты белгілі болады, — деді ол.

Головкиннің алдағы жекпе-жектегі қарсыласы әлі белгісіз, бірақ мүмкіндігі басым үміткерлердің тізімінде поляк Камил Шеремет пен америкалық Брэндон Адамс бар.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz