Қазақша реферат: Үш сыңарлы авиация терминдері |

0






Көп сыңарлы тіркестердің белгілі бір ғылыми ұғымды нақтылай беруде алатын орны ерекше. Қазіргі таңда ғылым саласының барлығында да тіркесті терминдер көптеп кездеседі. Бұл ұғымды бір сөзбен айтып жеткізудің мүмкін еместігін және термин сөздердің мағынаны дәл беру принципінен туындайтынын көрсетеді. Тіркесті терминдер жөнінде орыс ғалымы В.П. Даниленко: «Термины-словосочетания по количеству занимают одно из первых мест почти в любой отраслевой терминологии. Этот традиционный способ создания специальных наименований в словообразовании современной русской терминологической лексики также занимает ведущее место. Терминам-словосочетаниям отдается предпочтение в силу того, что они способны наибольшей полнотой отразить необходимые отличительные признаки именуемого понятия» деген пікір айтады [1, 132]. Қазақ тіл білімінде көп сыңарлы тіркесті терминдер жайлы ғалымдардың әртүрлі ғылым салалары бойынша жазған зерттеу еңбектерінен кездестіруге болады. Ғалым С.Әлісжанов «Қазіргі қазақ тіліндегі философиялық терминдердің қалыптасу процесі» деген ғылыми еңбегінде екі сыңарлы, үш сыңарлы, төрт сыңарлы терминдер болатындығын атай келе, тіркесті терминдердің құрамындағы сөздердің терминге қатыстылығы туралы сөз қозғайды [2,25]. Сол сияқты тілші Б.Ақшалова сыңарларының санына, лексика-грамматикалық категорияларына байланысты сөз тіркесінің бірнеше үлгілерін келтіріп, «күрделі тіркестер әлі де болса мұқият зерттеуді талап етеді» деген ой білдіреді [3, 17]. Бұдан ғылыми термин жасауда көп сыңарлы тіркесті терминдердің маңыздылығы байқалады.













.

Термин ретінде неғұрлым жиі қолданылатын күрделі сөз тіркестері құрамының анықталушы сыңардан және оның алдында тұрып анықтаушы бір немесе одан да көп сыңардан құралатындығы белгілі. Екі сыңарлы тіркесті терминдер сыңарлары бірі анықтаушы, екіншісі анықталушы сыңардан ғана тұрады. Мұны тіркесті терминдердің сөз тіркесуінің қарапайым түрі арқылы жасалуы деп атауға болады: «артық қысым», «ұшу қашықтығы», «оптикалық индикатор» және т.б. Анықтаушы сыңар мен анықталатын сыңарға тән белгілерді орыс ғалымы Д.Лоттенің мына бір пікірінен білуге болады: «Форма определяющего элемента должна наиболее правильно отражать действительное отношения между определяемым и определяющим элементами, другими словами, наиболее ясно отражать признак понятия, выбранный для его характеристики» [4.5]. Авиация саласы бойынша жарық көрген Қ.Бектастың [5] және Р.Қыдыржановтың [6] сөздіктері бойынша үш сыңарлы тіркесті терминдерді қарастырып көрейік. Сөздіктердегі үш сыңарлы тіркесті терминдердің анықтаушы және анықталушы сыңарларының өзара байланысын былайша топтастыруға болады. Алдымен тіркесті терминдер сыңарларын шартты түрде А,В,С әріптерімен белгілеп алайық, мұндағы: А – екінші анықтаушы сыңар, мысалы, «авиациялық техникалық база» терминіндегі «авиациялық» сөзі А арқылы белгіленеді; В – бірінші анықтаушы сыңар, мысалы, «авиациялық техникалық база» терминіндегі «техникалық» сөзі; С – анықталушы сыңар, мысалы, «авиациялық техникалық база» терминіндегі «база» сөзі. Осы шартты белгілеу арқылы «авиациялық техникалық база» терминін былайша беруге болады: А → (В → С) авиациялық → (техникалық → база). Егер анықталушы мен анықтаушы сыңарлар тіркес емес, күрделі сөз ретінде келетін болса, → белгісін белгісімен белгілейміз. Сонда анықтаушы сыңарлары сын есім, есімше, ілік септікті зат есім, тұйық етістік арқылы анықталушы сыңармен байланысатындығы көрінеді: 1. Анықтаушы сыңарлардың екіншісі ілік септігінде, біріншісі сын есім, ал анықталушы сыңар тәуелдік жалғауында тұрып байланысуы: ұшудың абсолют биіктігі, ұшудың ақиқат/ шынайы (истинная) биіктігі, ұшудың салыстырмалы биіктігі, ұшудың техникалық алыстығы, ұшудың навигациялық бағдарламасы, ұшудың навигациялық бөліктері, шуылдың таралу өңірі, қонудың навигациялық жүйесі, ұшақтың электр жабдығы, отынның меншікті шығыны, қалақтардың қағу қозғалысы, қысымның көтерілу дәрежесі, қозғалтқыштың меншікті қуаты, қозғалтқыштың меншікті саламағы, турбинаның соплолық аппараты. Мұндай тіркесті терминдердің бірінші анықтаушы сыңары мен анықталушы сыңарын анықталу бөлігі ретінде бірге алуға болады да, оның анықтау бөлігі ретінде екінші анықтаушы сыңармен байланысын алуға болады. Мұны шартты түрде былайша белгілеуге болады: Екінші анықтауыш сыңар бірінші анықтауыш сыңар арқылы анықталушы сыңармен байланысады, яғни А → (В → С). А → (В → С).





.

2. Анықтаушы сыңарлары сын есім күйінде зат есімді анықталушы сыңармен байланысуы: сыңарын анықталушы сыңармен жеке-жеке байланысқа түсіруге болады. Бұл авиациялық техникалық база, авиациялық химиялық жұмыстар, радиациялық жылулық ағын, аэродинамикалық орташа хорда, қауіпсіз асқын биіктік, қауіпсіздік жанама жолақ. Мұндай тіркесті терминдердің әрбір анықтаушы жағдайда жалпылық ұғым үстем болады, ал осы тұтас тіркесті күйінде күрделі бір ұғымды білдіреді. Мұны шартты түрде былайша белгілеуге болады: Аı А2 С. 3. Анықтаушы сыңарлары бір-бірімен байланыса келе анықталушы сыңармен тіркесуі: төмендеуді бастау биіктігі, төменгі шекара биіктігі, шешім қабылдау биіктігі, тартымды (тяга) азайту биіктігі, газ турбиналы қозғалтқыш, қызуға шыдамды қорытпалар, жылдамдықты шектеу өңірі, әуе қозғалысының өңірі, жоғары қарқындылық өңірі, биіктікке көтерілу өңірі, қалақтардың қағу қозғалысы, жергілікті әуе желісі, компрессордың бағыттаушы аппараты, ұшу жағдайының күрделенуі, ортадан тебетін компрессор, кең флюзеляжды орындық, авиациялық техниканы пайдалану, ұшақ агрегаттарының қорабы, бағыт рулін басқару, биіктік рулін басқару, дөңгелек тежегіштерін басқару, берілген жолдың сызығы, әуе кемесінің орны, басқару жүйесіндегі ақаулық. Мұны шартты түрде былайша белгілеуге болады: (А → В) →С.





.

Біз мұнда ұғым атауын нақты білдіру үшін жасалған авиация саласының тіркесті термин сыңарларының өзара байланысуына ғана тоқталдық. Әрине, тіркесті термин бір күнде ғана қалыптасатын және бір сәттік қолданысқа түсетін сөздер тобы болып табылмайды. Авиадинамикалық көп сыңарлы терминдердің жасалу жолдары түрлі тілдік аспектілермен байланыстыра зерттеуді қажет етеді. Атап айтқанда, толық мағыналы сөздердің бір-бірімен тіркесе отырып, жаңа бір ұғымның атауы ретінде берілуі, олардың тіркесу тәсілдері мен оған сөз табының, сөзжасам формаларының қатысымы, авиациялық көп сыңарлы терминдер қалыптастыруда төл сөздер мен кірме сөздердің қолданылу аясы сияқты мәселелер.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!