Бердібек Соқпақбаев Түбінде адам болатын бала слайд,презентация — Әдебиет
Бердібек Соқпақбаев Түбінде адам болатын бала слайд,презентация
Күні: 30.01.2010ж.
Класы: 6 А
Пәні: Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра
отырып мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын
арттыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға,
өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушының
өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше
ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем
шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту,
ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке,
мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі — өнеге алуға
шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық,
Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы,
Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен
үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер,
веен диаграммасы.
Сабақтың өтілу жоспары: 1. Мынау кім ?
2. Оқиғалар тізбегі
3. Үнсіз бейнеле
4. Теріп алу стратегиясы
5. Ой тастау
6. Өз – өзіңе есеп бер!
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу;
ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау,
ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау;