Науқас әйел интернет-дүкеннің жеңілдігіне бола отаны кейінге қалдырды

0
Науқас әйел интернет-дүкеннің жеңілдігіне бола отаны кейінге қалдырды


Қытайда пациент соқыр ішекті алдыру бойынша отаны кейінге қалдыруды сұраған.

Оған жылына бір рет болатын ең үлкен онлайн-жеңілдік себеп болыпты.

Бұл туралы Asia One порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Чжэцзян қаласында 10 қарашада, Бойдақтар күнінің қарсаңында орын алған. Бұл күн жылына бір рет жасалатын ең үлкен жеңілдіктермен белгілі. Провинциядағы ауруханалардың бірінде жұмыс істейтін Сунь дәрігер сол күні болған қызықты жайт туралы айтты.

Оның сөзінше, шамамен 30 жастағы пациент ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. Одан соқыр ішектің асқынған түрі анықталып, дәрігерлер ота жасау керектігін айтқан. Алайда көзіне жас үйірілген әйел отаны бір тәулікке шегеруді сұрапты.

Әйелдің өміріне қауіп төніп тұрмағандықтан, Сунь оның қалауын орындаған. Ал ауруды дәрілердің көмегімен уақытша басыпты. Десе де әйел дәрігерден жағдайы нашарламағаны туралы бірнеше рет сұраған. Дәрігер алаңдауға себеп жоқ екенін айтқанда ғана әйел тынышталыпты.