Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер слайд,презентация — Әдебиет
Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер слайд,презентация
Мақсаты: а) Білімділік: Қимыл, іс — әрекеттің болу — болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгерту, оларды салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу; оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту көркем жазуын дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту. б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Ақынның тек өз өлеңдерінен ғана тұратын жеке жыр табағы жарық көрді.
Жан — жануарлардың азығы қардың астында қалды.
Ой тастау. Балалар, бұл сөйлемдерде өздерің байқағандай іс — әрекет жүзеге асты ма? Берілген сөйлемдерде не айтылады? Ал енді бұл сөйлемдердегі іс — әрекет жүзеге аспаса, сөйлемді қалай құрар едіңдер?
Тыйым сөздермен жұмыс.
Бос бесікті тербетпе. Малды теппе. Үй ішінде ысқырма. Көпке топырақ шашпа. Жібер – жіберме
Қаз – қазба
Шақыр – шақырма
Төз – төзбе
Тізеңді құшақтама!
Құр бесікті тербетпе!
Бүйіріңді таянба!
Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе!