Бұлшықет тіндері слайд,презентация

0

Бұлшықет тіндері слайд,презентация

 

Бұлшықет тіндері

 

 Кіріспе
 Негізгі бөлім
     Бұлшықет  тіндері
     Бұлшықет  тіндерінің   классификациясы  және жалпы     морфофункционалдық сипаттамасы.
     Бұлшықет  тіндерінің  шығу көздері
     Көлденең  жолақты  бұлшықет тіні
     Тегіс  салалы бұлшықет тіні
 Қорытынды
 Пайдаланылған әдебиеттер. 
Бұлшықет тіндері  құрылысы мен шығу тегі әртүрлі  атқаратын  қызметі ұқсас. Дененің  орын  ауыстыруы, жүректің соғуы, қан  мен  лимфаның  жылжуы, асқазан, ішек бойымен тағамның жылжуы, несептің  шығу , жатырдың жиырылуы т.б қозғалыстарға қатысып, ағзадағы жиырылғыш қызмет атқаратын  ет тіндері.  
Ет тіндері элементтерінің  құрылысы: ұзынша пішінді, миофибрилдер, яғни олардың жиырылуын қамтамасыз етеді. Бұлшықет тіндерінің жиырылғыш элементтерінің пішінді өзгертуі – жиырылғыштық қасиеті бар  ақуыздар молекулаларының өзара әрекеттесуінен болады. Олар: актин және миозин. Сонымен қатар бұлшықет тіндерінің жиырылуына кальций ионы мен басқа да ақуыздар қатысады. Жиырылуға өте көп мөлшерде АТФ қажет. Тіндердің құрылымдық элементтері  митохондрияларға өте бай. Цитоплазмасында гликоген мен миоглабин  бар.    
Полимерзациялану қасиеті кальций ионының қатысуымен жүзеге асатын, көлденең жолақтары жоқ, бірыңғай, біркелкі орналасқан – миоциттері болады. 
Мезенхималық тегіс салалы бұлшықет тіндері: қызметтік құрылымдық бірлігі – миоцит. Тегіс миоцит  ұзындығы 20-500 мкм, ені 5-8 мкм  жіп тәрізді жасушалар. Ядросы таяқша пішінді,  оның орталық бөлімінде орналасады. Миоцит жиырылған кезде пішіні өзгеріп майысып, тіпті бұралып кетеді. Органеллаларының ең көбі – митохондриялар, Гольджи комплексі мен т-ЭПТ аз болғанымен, бос рибосомалары болады. Актин филаменттері  көбінесе миоциттердің цитоплазмасында ұзынынан орналасып  плазмолеммаға арнайы тығыз денешіктер арқылы байланысады. Миозин мономерлері актинмен қосақтаса орналасады. Цитолемма – көпсанды  пиноцитозды көпіршіктер және кавеолалар түзеді. Кавеолаларда Са ионы жинақталады. 
Актин миофиламенттері – көлденең орналасқан. Үшөлшемді тор түзеді. Олардың цитолеммаға байланысуы – электронды тығыз  денешік секілді көрінеді. Олар L- ақуызынан тұрады. Тығыз денешіктерде винкулин болады. Әрбір миоцит базальді мембранамен қоршалған.  Оларда өсінділер болады. Яғни, миоциттер — нексустар арқылы бір-бірімен байланысады.  Базальді мембранада көпсанды ретикулярлы фибриллалар бар. Миоциттер  митоз  жолымен көбею арқылы  немесе физиологиялық   гипертрофия   арқылы  қалпына келеді. Дәнекер ұлпасының қабатында қан тамырлары мен жүйкелік  аяқтамалар орналасқан. Жүйкелік импульстің әсерінен  цитоплазманың поляризациясы жүреді. Кавеоладан Са ионы бөлініп шығады. Са ионының  концентрациясы жоғарылағанда актин мен миозин жіпшелерінің жиырылуына әкеледі. Актин және миозин  жіпшелері бір-біріне тартыла бастайды. Актин жіпшелері цитолеммаға бекініп, жасуша көлемі қысқарып, кішірейеді. 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!