Аяулы менің ақ әжем балабақшадағы ертеңгіліктер
Аяулы менің ақ әжем
Мақсаты:Ел іші ,отбасының бүтіндігін ойлайтын –ел анасы әжелерді құрметтей білу. Осындай салт-дәстүрді сақтап,кейінгі ұрпаққа отбасының ,дастархан берекесінің ,ағайын-туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші ,әрі ақылгөйі,тілеуқоры –әжелерді қадір тұтуға үйрету. Оқушылардың әжелерден естіген ақыл сөздерін ,істерін есте сақтай отырып ,танымын кеңейту,ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілік:Сахна қанатты сөздермен ,гүлдермен ,шарлармен безендірілді.Әже-аналарымыздың өнегелі өмірінен слайдтар көрсетілді,әжелер отбасында,жұмыста қоғамдық жұмыстарда түскен фотосуреттерінен көрме ұйымдастырылды.
Түрі:Әже мен немере арасындағы қарым-қатынас топпен жұмыс.
Барысы:Кіріспе сөз оқылады.
Мұғалім: Үйдегі алтын қазық-ана . «Ана ақылды болса,бала дана болады», «Ана тәрбиесі қызға,әке –тәрбиесі ұлға үлгі», «ана-ақылшың,әке-қамқаршын,ағаң-қорғаушын,інің-сүйенішін,қарындасың-қанатың екенін ұмытпа», «Ананы сыйламағанның ақылы кем,әкені сыйламағаның жақыны кем», «Ананың мейірімі өзінде ,ықыласы көңілінде,ақылы сөзінде»деген екен қарт даналарымыз.Қандай керемет сөздер десеңші.Қыз бала мен ер баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан ерекше мән беріп келеді.Отбасында ұл балаға қарағанда қыздарға көп көңіл бөлінеді,себебі ертең бойжетіп өскен соң шешесінен , әжесінен алған тәлім тәрбиесін,өзге шаңырақтың түтінін түтетіп ,ошағының отын жағатын ,әйел,ана болатынын айтсақ жеткілікті.Бүгінгі қыз ертеңгі ару,ана,әже.
Ендеше ,құрметті қонақтар,ортаға әжелерімізді немерелерімен шақырамыз .
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді әділ-бағалайтын әділ-қазылармен таныстырып өтейік.
Анам маған «үлкендерді сыйла» деген,
Сол сөз ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем,-десек керек Мұқағали Мақатаев .
4-сынып оқушысы Асетова Назерке «Асыл әжем» әнін орындайды.
Бірінші кезең : «Сәлем –сөздің анасы»
(Бұл кезеңде әжелеріміздің өнегелі өмірінен слайд арқылы әжелер отбасында,жұмыста,түскен фото суреттерінен көрме арқылы таныстыру.)
Екінші кезең : 8-наурыз мерекесіне байланысты жарнама жасау.
(бұл кезеңде қатысушылар 8-наурыз мерекесіне байланысты жарнама көрсетеді)
Өздеріңді өнерлі жанға балап,
Отыр ғой көрермен боп жандар қарап,
Ендеше ,заманға сай бұл мейрамды,
Қалайша көрсетер ең жарнамалап.
Үшінші кезең: «Салт-дәстүр-асыл қазынам» (Сұрақ-жауап
бөлімі)
Арулар ғұмырдың сен жалғасысың,
Қуантқан әр бір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап,сыналарда,
Сұрақтан сен сүрінбей самғап ұшқын.
Әжелерге
1.Наурыз шешек дегеніміз не?(наурыз айында гүлдейтін көп жылдық өсімдік)
2.Шанаш дегеніміз не? (шанаш-малдың терісінен істелетін түрлі зат салуға арналған ыдыс)
3. Шашу қандай ғұрып? (шашу бұл қуанышқа арналып,жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым)
4. Мосы деген не ? ( тұрмытық сайманның бір түрі.Мосы –шәйнек іліп отқа қоятын,темірден жасалған үш аяқты мүлік)
5. Зырылдауық деген не? (тұрмыста қолданылатын дабыл қағып мал үркіту үшін жасалған құрал)
6. Самар деген не? (қымыз құятын,ет жасайтын үлкен сопақ астау)
7. Шағы деген не? ( Жұқа келген жұмсақ мата)
8. Торғын деген не? ( қымбат бағалы жібек матаның түрі)
9. Наурызша дегеніміз не? ( Парсылық –нау жаңа ,руз-күн ,яғни жаңа күн деген сөзден шыққан.Осы айда әдемі қиыршық қар түседі оны-наурызша деп атайды)
10.Қарқара деген не? (ұлттық әйелдің бас киімі)
Немерелеріне сұрақтар
1. Киіз үй жиһаздары ?
(абата,абдыра,ағаш төсек, кебеше,сандық т.б)
2. Ұлттық ойын түрлері (тоғыз құмалақ, көкпар,көксерек)
3. Әйелдерге арналған сәндік бұйымдар? ( зергерлік заттар олар: белбеу,жүзік,сырға,шашбау)
4. Ұлттық әйелдерге арналған бас киімдер? (бөрік, орамал, шәлі,тақия,кимешек,бөрік,жаулық)
5. Ұлттық сүт тағамдары (айран,қаймақ,құрт,қымыз, сүт т.б)
Төртінші кезең: « Кейіпкерді таны» (қазір ұяшықты тандайсындар .Ұяшықта қазақ халқының мақтанышы болған аналарымыздың ,қыздарымыздың суреті жасырынған ұяшықтағы кейіпкерді тану)
Аруларға сұлулықтың бәрі сән,
Өнерлілер жүзден жүйрік жарысқан.
Біліміңнің денгейін көрсетесің
Жаңылыспай кейіпкерді танысаң.
Бесінші кезең : «Өнерпаз болсаң арқалан»
Бұл заманда бар мүмкіндік бар саған
Жету оңай арманыңа аңсаған
Өнеріне сүйсінейік әжелермен арулар
Дейді Абай: « Өнерпаз болсаң арқалан»
Алтыншы кезең:Ойын «бақытты сәт»
Жетінші кезең : Мейрамынмен әжетай(немерелерінің әжелеріне арнап жасаған сыйлығын тарту ету)
Қорытынды.
«Адал бол,- деп немерем»,
Әділдікке үйреткен ,
Жүрегінде махаббат,
Тілегінде мархабат,
Әжемізге мың алғыс.
Бүгінгі мерекелік шарамызға қатысқан әжелерімізге басымызды иіп ,марапаттауға рұқсат етіңіздер.
«Шебер әже», «Шешен әже», «Өнерлі әже» , «Сүйкімді әже», «Іскер әже» , «Сымбатты әже», «Өнерлі әже», «Әнші әже» номинациялары берілді.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!