Жамбыл Жабаев Айкүміспен айтысы слайд,презентация — Әдебиет
Жамбыл Жабаев Айкүміспен айтысы слайд,презентация
Жамбыл Жабаев халық ақыны, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. Халық ауыз әдебиетінің ірі өкілі. Сүйікті шығармашылығы – айтыс. Батырлар туралы өз халқын қорғаған ерлік істері туралы жырлаған ақын. Соғыс жылдарында Қоршаудағы Ленинград қаласын қорғаған батырларға арнап жазған «Ленинградтық өренім» атты өлеңі көп ұлтты кеңес әдебиетінің ең үздік шығармасы. 1934 жылы Алматыда республикалық айтыстың лауреаты, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1941 жылы Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Халықтың мұң-мүддесін қорғаған,қазақ халқының бақытты болашағын армандаған бұқарашыл бағыттағы Абай, Махамбет, Сүйінбай, Шернияз секілді ақындар мектебінің ірі өкілдерінің бірі – жыр алыбы Жамбыл.
Жамбыл шығармашылығын төрт топқа бөліп қарауға болады.Өзі кедейлікті көп көрген ақын алдымен байларды, халықтың қолы жете алмаған байлықты сынайды. Ондай көріністер «Сәт сайланарда», «Мәңке туралы», “Кәдірбайдың төбеті”, «Шалтабайға» т.б. өлеңдерінде жиі кездеседі
Болыс ұрыны жақтап, ақынға теңдік бермейді.
Жамбылдың даңқы алдымен айтыс өнері арқылы шыққан. Өз тұсында небір бұлбұл, небір дүлдүл ақындармен айтысып тізе бүктірген. Алғашқы айтыстары ойын-тойларда өтеді. Жамбыл жастықтың салтын сақтап, Айкүміс, Бұрым, Сара сияқты қыздармен айтысады
Авторы – Жамбыл Жабаев.
Тақырып – кедейдің мұңын жоқтау, заман келбетін ащы шындықпен жеткізу.
Жанр түрі – поэзия ( сатиралық өлең).
Идеясы – автор тақырып өзі куә болып жүрген кедей күйі, қайырымсыз би-болыстың әділетсіздігі, халықтың ауыр тұрмысы суреттеледі.
2 шумақ.
33 тармақ.
1 бунақ.
Әдеби теориялық ұғымдар: Теңеу – бұлағымдай, өркеш-өркеш жарасқан, шоқылардай, судай.
Өлеңнің тәрбиелік мәні: Ел билеуші атқа мінерлерді дұрыс жолға шақыру. Әділдік орнатуға шақыру.