Қош бол даярлық сценарий балабақшада

0

Жүргізуші: Армысыңдар, құрметті ата аналар, ұстаздар, оқушылар
Сіздер «Қош бол даярлық» атты даярлықпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Алдарыңызда тұрған балалар кеше ғана мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді бойлары да,ойлары даөсіп, даярлықты аяқтап, биыл күзде біріншісынып табалдырығын аттағалы тұр.
 «Талаптарыңа нұр жаусын, тек ата-ананың ғана емес,халқының ұлы болсын, өз еңбегімен алған білімдері өзі үшін де, елі үшін де таусылмас қазына. Сол қазынаны әрі қарай шыңдай түсіңдер» демекпін. Сәт-сапар бүлдіршіндер!
                                                              Өсті міне бойларың,
                                                              Өсті ақыл-ойларың.
                                                              Қуанышқа ортақпын,
                                                             Құтты болсын тойларың.
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Сонымен ертеңгілігімізді бастайық біз.
Бақтияр: Мектепке биыл барамын,
Қолыма кітап аламын
Дайын тұр сауыт сайманым
Дайын тұр жазар қаламым.
Сәния:Дайын тұр киер көйлегім
Үйімде биыл той менің.
Өзімше мен кәдімгі
Оқушы құсап сөйледім. 
Сағыныш:Гүл сатып алам ақшаға
Қуану үшін жақсы аға.
Дина мен Ләйлә құсап мен
Бармаймын бала бақшаға.
Диас:Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы баламыз.
Дамир:Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді
Қуантуға жүректі
Қуантутға түлекі.
Мен мектепке барамын.
Әділет:Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер, қаламым
Мен мектепке барамын,
Қуанышым менің мол
Мектебіме тарттым жол
Даярлығым қош сау бол.
Ән: «Біз мектепке барамыз».
Бауыржан:Әліппемді қоям бір бөлек
Жаттауға жаңа жыр керек
Көбелекті де қумаймын
Қона берсін гүлге көк
Бибатпа:Енді мен үлкен баламын,
Ананың тілін аламын.
Әжемнің барлық айтқанын
Миыма құйып аламын.
Ақжол:Әкелген гүлді сый көріп
Қолыма алдым именіп.
Әскерде жүрген ағама
Хат жазам әріп үйреніп.
Ақжол:Сәбимін жеткен, жетіккен
Кешпеймін суды етікпен
Ауылда жүрген атама
Хат жазам өлеңдетіп мен
(Т.Молдағалиев)
Би: «Көбелек» 0 «б» тобы.
Мұғалім:Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламызба?!
Көрсін аға-апалар.
Көрсін папа-мамамызда
Ырза болсын балалар.
Көрініс: Алдарыңызда 0 «ә» тобының балаларының өнерін көріп тамашалаңыздар! «Бауырсақ» ертегісі.(қуыршақ театры)
Би: Испан биі о «ә» тобы.
Жұлдызай:Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық, тойладық.
Серік:Барлық әріп бағалы 
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
Диана:Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба
Б тұрады үшінші — 
Ал осының сыры неде түсінші?
Айбол:А деген ол-
Аналар ғой ардақты,
Ә деген ол, әкелер ғой салмақты.
Б деген ол, балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Рахат:Алшақ кетпей…
Сондықтан да, расында,
Тұрады олар
Алфавиттің басында.
Би: Вальс: 0 «б»
Гүлсезім:Сәлем, әнші халайық
Кәне, көпке лайық.
Әуезді де, көңілді
Әсем әнге салайық.
Ән: «Біз мектепке барамыз».
Азамат:Мектебің мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың.
Самат:Оқу-білім ордасы
Ұстаз анық арнасы
Ұстаздық деген ұлы іс
Адалдықтың айнасы.
Көрініс: 0 «б» тобы «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналайды.
Мұғалім:Балалар, біздер қолымызға ең алғаш рет ұстап, білім алған оқулығымыз — «Сауат ашу» еді. Біз оны аяқтадық. Енді 1-класқа барғанда Әліппені қолға алып, білім нәрімен әрі қарай сусындаймыз.
Диас:Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін ашып берді.
Б. Бекзат: «Әліппені» дұрыстап
Түгел танып аламын.
Қыркүйекте гүл ұстап
Мен мектепке барамын.
Қ. Бекзат:Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Мұғалім:Мың бұралған биінің көркі қандай,
Сыңсып салған әні де аққу – қаздай.
Би: Өзбек биі. Бибатпа 0 «ә»
Дархан:Келгенімде алдыңа
Қызыл-жасыл гүл алып
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып
Сипадың да басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Ән: «Сәлем, мектеп!» 
Мұғалім:Балалар біздің Отанымыз қай ел?
Біздің еліміздің рәміздерін атаңдаршы?
Әсем:Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр
Күн жаяды шапағын
Астында оның қаланған
Қыран құстың бейнесін
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің.
Ділназ:Ескі белгі ұрандар
Сары алтындай сақталған
Күн шұғыла қыран да
Алтын түспен қапталған
Сол жағында матаның
Қызыл түсті жолақ тік
Мұратындай атаның
Әсем өрнек ол ұлттық.
Әділет:Алтын қанат көмкерген
Шаңырақ бар, уық бар
Әсем бейне сен көрген
Жәй бейне емес ұғып ал
Көгілдір түс аясы
Бейбіт дала елесі
Шаңырақ – жұрт панасы
Уықтар – күн сәулесі.
Құрманбек:Сүйсіндірген өзіңді
Түсіне біл таңбаны
Аңызда ұшқыр төзімді
Пырақ – халық арманы
Жоғарыда түсер көз
Бес тармақты жұлдызға
Ал «Қазақстан» деген сөз
Таныс барлық ұл қызға
Мағыналы, сымбатты
Бар осындай белгіміз
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол еліміз.
Барлығы: Отан – деген атамекен
Отан – деген туған жер
Отан – ана,
Отан – үлкен 
Қазақстан – туған ел.
Ақниет:Кел балалар, оқылық.
Мұғалім:Балалар, сендердің сауатты оқуларыңа ата-ана, ата-әжелеріңнің қосқан үлесі мол. Қане, бәрімізрахмет айтайық.
Хормен:Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет сіздрге ата-аналар!
Би: Ха-фа-на
Мұғалім: «Батамен ел көгерер» дейді дана халқымыз. Бізде жақсы оқу, үлгілі болу үшін үлкендердің ақ тілек баталарын, тілектерін алып, болашаққа жол бастайық.
Сөздің кезегі осы бастауыштың оқу ісінің меңгерушісі Кереева Жаңылша Құрамысқызына беріледі.
Мұғалім:Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асыратын – ана! Бұл өмірде бәріміз оған қарызбыз. Ендеше, келесі сөз кезегін ата-аналар кеңесінің төрайымдарына беріледі.
Ертеңгілік «Ұстазым» әнімен аяқталады.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар Даярлық тобымен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қош бол, даярлық» атты ертеңгілігіміз аяқталады. Барлықтарыңызға рахмет, сау-саламатта болыңыздар.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!