Жәнібек пен Жиренше слайд,презентация — Әдебиет
Жәнібек пен Жиренше слайд,презентация
а) білімділік- 9 сыныпта алған білімдерінен өткендерді еске түсіру, жаңа мәтінмен таныса отырып,
білімдерін әрі қарай ұштастыру.
Антоним туралы мысалдар арқылы түсінік беру,
жасалу жолына тоқталу.
ә) тәрбиелік – қазақ халқының би, шешендердің сөздерімен таныса отырып, тапқырлыққа, әділ, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу.
б)дамытушылық — оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, тіл
байлығын дамытуға, шығармашылыққа баулу.
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің баласы бол.
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол.
Өзіңе-өзің әміл болма,
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал болма,
Досыңа адал бол.
(Төле би)
Алтын ұяң — әйелің қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат.
Аймалайтын – анаң қымбат,
Мейірімді – апаң қымбат.
(Қазыбек би)
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқыласа сөз қиын,
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаса серт қиын.
(Әйтеке би)
Жәнібек пен Жиренше.
Жәнібек хан уазірлеріне: “Маған өтірік пен шынның арасы немен айырылады, соны тауып беріңдер”, — дейді.
Ханның қырық уәзірлері қырық күн ойланып, таба алмайды.
Мұны естіген Жиренше шешен үйіне келіп, Қарашашқа:
— Жәнібек ханымыз қырық уәзіріне: “Өтірік шынның арасын айырыңдар,”-деп қысым жасап жатыр,-дейді
Өтірік пен шынның арасы- бір-ақ тұтам жер.Оның мәнісі: көзбен көрген – шын, құлақпен естіген — өтірік.Құлақ пен көздің арасы бір – ақ тұтам ғой.Көзбен көрген – анық , құлақпен естіген – танық емес пе? – дейді.