Қазақша реферат: Бикен Римова атындағы Алматы облыстық театры

0






Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театры Талдықорған қаласында 1975-ші жылы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» трагедиясымен өз шымылдығын ашқан болатын. Оған да, міне, 38 жыл толып қалыпты. Аталған театр үшін шығармашылық ізденістерге бай, ойлы-қырлы, бел-белесті күрделі де табысты жылдар алға жылжуда. Кезінде жас өнер шаңырағының алғашқы уығын кімдер қадасып, керегесін кімдер тұрғызысты? Ол өмір-өзен толқындарына ілесіп, қалайша іргелі өнер ошағына айналды? Бұл жөнінде 2006-шы жылы жарық көрген менің «Талдықорған театры» деп аталатын кітабымда біршама толық мағлұмат берілген еді. Ол еңбегімде аталмыш театрдың іздену және қалыптасу кезеңдері, сондай-ақ, шығармашылық ұжымның 30 жылдан астамғы қол жеткен жетістіктері, актерлермен бірге онда әр жылдары қызмет істеген режиссерлердің өмірлері және қызметі жайында жан-жақты әңгімеленген-тін.





.

Қанша спектакльдер қойылса, соның бірнешеуіне сараптама жасалып, кәсіби тұрғыда байыпты талдаулар жазылды. Талантты шығармашылық ұжымның бар екендігі тілге тиек болын, олардьщ қол жеткен табыстары барынша талқыланды. Сөз жоқ, аталган театрдың өсіп-өніп, оның дами түсуіне айрықша ықпал еткен режиссуралық күштерді айтып етпей болмайды. КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ирофессор, айтулы сахна шебері марқұм Шолпан Жандарбекова мен ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, доцент марқұм Татьяна Наурызбаеваның шеберханасында шыңдалған 17-18 жасөспірім артистер тобы салиқалы да салдарлы режиссерлердің қолдарына түскендігі мақтанып айтарлықтай жайт. М.Қамбаров, С.Асылханов, Б.Омаров, Ә.Құлданов, Х.Әмір-Темір, Қ.Сүгірбеков сынды тәжірибелік түрғыда саналуан сынақтардан мүдірмей өткен дарынды режиссерлердің шығарманіылық мектебін, жұмыс жасау тәсілдерін меңгерген сол алғашқы актерлік топ күні бұгінге дейін театр даңқын алға сүйреп келеді. Ә.Мәмбетов, Қ.Жетпісбаев, М.Байсеркенов, Б. Атабаев, Қ.Қасымов секілді режиссерлердің де ұжымға арнайы шақырылып, өздерінің таңдаулы койылымдарын жұртшылық назарына ұсынғаны белгілі. «Асауға тұсау», «Хан Кене», «Қабанбай батыр», «Абай-Әйгерім», «Қор болған Қодар-ай» қойылымдарының жарыкқа келуіне себепкер болған жоғарыдағы белгілі режиссерлердің шығармашылық қолтаңбалары театр артистерінің кәсіби жагынан ілгерілей түсуіне зор ықпал етті. Олар таитаурындылықтан, бірізділіктен осылайша қорғанды; олар сахналық қойылымдардың тылсым құпияларын осылайша паш етті. Әлбетте, баяғы алғашқы актерлік құрам бұл күндерде едәуір селдір тартқан. А.Исаев, Т. Әбжәлиев сынды шын дарын иелері тым жастай бақилық болып кетті. Оған амал-айла бар ма? Тағдырдың ісі. Жетекші артистердің дені Астана, Алматы, Павлодар, Батыс Қазақстан театрларына ауысып үлгерді. Ал енді, А.Ружева, О.Әбділманов, С.Рақышев, Н.Әмірғалиев сынды ұжымға ата-апа болған егде артистеріміз де о дүниелік болып кеткелі қашан? Өмірдің заңымен ақырын алға жылжыған аталмыш өнер үжымына жастар келіп қосылуда. Әйтсе де, олардың театрдан тұрақ табу жағы олқы соғуда. Олар бірден үйлі-күйлі, атақты, дарынды бола салуды көбірек күйттейтін сыңайлы. Ол оңай ма? Өкердің күрделі құбылыстарына төзу сана-сезімдері жетіспей жатқан секілді. Жергілікті биліктің руханиятқа деген ынтызар-ықыласының салқындығынан ба екен деп те ойлауға мәжбүрсіз кейде. Осыдан 2-3 жыл бұрын ғана театр қүрамына енген оннан астам Жүргенов академиясы түлектерінің шашылған тарыдай боп тез арада тарап кетуі (жан-жаққа) қайтсек те қалыпты жағдай емес. Алматыдан сәл-ақ қашық жатқан Жетісудың көкке оранып, гүлге малынған әсем де әдемі шаһарынан тұрақты орын таба алмаған жас өнерпаздардың сахна әлемінен тым жедел суынуына не себеп болды? Зерттеп, зерделеуге тұрарлық тұсініксіз процесс түсініксіз психология. Жетісу — қашаннан қазағы қалың аймақ. Осынау көк майсаға малынған шырайлы да шүрайлы жердің кіндігі — Талдықорған. Ендеше, сол қалың қазақ жайлаған Жетісу жерікдегі жалғыз үлттық театр ұжымы қазақы сана мен рухқа қызмет етеді деп сенеміз. Мұны айтып отырғанымыз, жергілікті қайсыбір жакдардың аузынан: «Облыс орталығынан орыс театрын қайта ашу керек» деген үсыныстар қылаң беріп жүр.













.

Қисынсыз ұсыныс. Орыс театры бір кезде болған. Өзін-өзі айғақтай, ақтай алмағандықтан ың-шыңсыз тарап кеткен. Сол жағдайды қайталаудың қисыны жоқ сияқты. Орыссырап бара жатқан ағайынға: «Талдықорғаннан сәл-ақ қашық жатқан Алматы-ның Ю.Лермонтов атындағы академиялық орыс театры сол өлке тұрғындарына апталап-айлап өнер көрсетуге даяр» дер едік. Сырт жақтан дарынды режиссерлер, актерлер, суретшілер шақырып, оларды үй-жаймен қамтамасыз етіп, азаматтық апып беру машақаттары өзіңе-өзің бейнет тілеп алу ғана. Қысқасы, келімсектердің бітпес дау-дамайы мен қаптаған қалың арыз-шағымдарының астында қалу кімге қызық? Онан да соган кететін қаржы-қаражатты өз жыр-тығымызды жамауға жүмсасақ, ең жақсысы сол болмақ. Ең дұрысы, аймақ орталығынан өзіміздің Лермонтов театрының филиалын ашу немесе Талдықорғандық қазақ артистері кез келген қойылымдарды орыс тілінде ойнап кетуге (кәсіби даярлықтары жағынан) әмбебап деуімізге толық негіз бар. Қазіргі аймақ басшынарын әдебиет, өнер, мәдениетке көп көңіл бөлетін қайраткерлер ретінде танимыз. Ендеше, жоғарыдағы жағдайларды елеп-екшеи, талдап-таразылауда жоғары лауазымды зиялы кісілер мәселенің дұрыс шешімін табады деп пайымдаймыз. Қайтсек те, Талдықорғанның қазақ театры Алматы өнер ұжымдарынан кем қалмайтындай дәрежеде көрінулері шарт Ол жағырапиялық тұрғыда Атырау, Маңғыстау, Қызылорда секілді мәдени орталардан алыс жатқан мекен емес қой.





.

Иә, сан рет Алматы, Астана қалаларында гастрольдік сапарларда болып, кең байтақ Қазақстан аймағын тегіс шарлаған әлеуетті ұжымның көптеген көркем қойылымдары жұртшылықтың жадында. М.Әуезовтің «Абай», «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Хан Кене», Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», «Ұлпан», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», Ж.Аймауытов пен Б.Майлин шығармаларының негізінде жасалған «Аласапыран», К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметші», І.Жансүгіровтің «Исатай-Махамбет», ШАйтматовтың «Ана-Жер-Ана», «Аңсаған менің әнімсің», «Арманым, Әселім», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» секілді сахналық көркем туындылары көрермен қауымнан да, театр сыншыларынан де кезінде лайықты бағаларын әрқалай алған көркем дүниелер. Аталмыш театр республикалық көптеген фестивальдердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Лауреат-жүл-дегер артистері де жеткілікті. «Әлбетте, актерлік орта -айнымалы әлем. Ол тыныстайды. Жаңарады. Жаңғырады. Көнереді. Өзгереді. Түрленеді. Бұл — өнер заңы. Сахна -тірі ағза. Режиссерлер, актерлер кұрамы үнемі келіп-кетіп, ауысып жатады. Түбегейлі орнығып қалатындар некен-саяқ. Сонау театрдың алғаш ашылған кезеңдерінен қалған көнекөздер бұл күнде саусақпен санарлық. Оларды қадау-қадау атап өтсек, жадымызға Қазақстанның халық артисі А.Кенжебекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Базаргелді, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ө .Қалиүлы, Мәдениет қайраткерлері К.Темірбаев, А.Қожабеков сынды өрелі өнерпаздардың есімдері оралады. Осы үжымға сәл кешірек келіп қосылған Ә.Ыдырышева, С.Нұрғалық, С.Жұмаділ, Ғ.Темірбаева, М.Әжібеков, М.Нүрмүханбетова, Н.Әлбосын, Б.Тоқымтаевтардың белсенділігі күні бүгінге дейін жалғасуда. Бүларсыз театр репертуарын көзге елестету мүмкін еместей. Сондай-ақ, әр жылдарда театр үжымында әрқалай тер төккен Қ.Исаева, Ж.Лебаева, О.Сәрсенбек, Ә.Оразбек, Ж.Шайкина, С.Жабықбаев, С.Жылгелдиев, Г.Шәкірова, Ә.Арысбаева, Т.Теменов, Б.Ұзақов, С.Күдерина, Д.Мұсабеков, Ш.Балтаева, М.Шәкіров, Т.Ахметов, Р.Яхин есімдерін де ескермеу — әділетсіздік. Әлбетте, әлдекімдердің тізімнен шет қалулары да мүмкін. Онсыз да тізім қомақты және барлығын да есте үстау — күрделі міндет. Ол жағдайда, күні бұрын ғафу өтінеміз. Қайткенде де, үлкендер жолын өкшелей қуып, алға үмтылып, ентелеп келе жатқан кейінгі жастардың аяқ алыстарына сүйініш білдірмеуге әддіміз жоқ. Солардың қатарында шығармашылық жүлдыздары көпшілік көрермендердің алдында жарқырай көрінген С.Мұңайтпасова, А.Қожбанова, А.Телеуова, Ж.Жолдыбаев, А. Нүғыманов, М.Махмүтов, А.Саурықов, Р.Қапашева сынды болашақтары жарқын орындаушыларды айтпай кету, қай жағынан болса да, мүмкін емес. Олардың қайсыбіреулері ресми жағынан әрқалай мойындалып, әртүрлі сыйлықтардың иегерлері атанып үлгерген», — деп жазыппын жоғарыда айтқан «Талдықорған театры» атты кітабымда. Демек, театрдың ертеңі ертегідей сиқырлы деуге толық негіз бар.
Аты-жөні, керімсал өнері көпшілік қауымға кеңінен һәм көптен таныс Мұрат Ахманов та бір кездері аталған ұжымның басшысы, бапкері болған. Актер ретінде елуден астам рөлдер атқарған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі МАхманов Оралда, Жезқазғанда бас режиссерлік міндеттерін де аса зор қүрметпен игере білді. Режиссу-ра мен актерлік кәсіпті қатар алып жүрген ол көптеген көркем дүниелердің кілтін таба білуімен ерекшеленді. Біраз сахна сайыстарының жүлдегері атанған М.Ахмановтың әріптесі әрі өмірлік серігі актриса Х.Нүғыманова да талдықорғандықтар өнерінің ілгерілей түсуіне бір кісідей атсалысты. Мүраттың режиссурадағы табыстары айта қаларлықтай нәтижелі. Сахналык символ, сахналық мета-фора үғымдарын кәсіби түйсікпен зерек үғатын, оны іштей нәзік сезініп, көркем шығарманың философиялық, әлеуметтік, рухани-эстетикалық мән-мағыналарын
айшықтауда адаспай, айнымай келе жатқан сиректеріміздің бірі. Ол қойған спектакльдер кейде қызу пікірталастарына да ұшырап жатады. Оқасы жоқ. Ол қашанда, жанды процесс ретінде, театр тіршіліктің қан базарында ерек оқшауланып, ізденістің қара қазанында бүрқылдай қайнауға тиіс деп есептейді. Осы принциптерді қатаң ұстанады.

Жуырда жолым түсіп, театрға бас сұқтым. Артистермен амандасып, есен-саулық сұрасып, едәуір қауқылдасып қалдық. А.Базаргелді, Б.Тоқымтаев, С.Мұңайтпасова, А.Қожбановалармен жылы ұшырасып, бір толқын жас артистермен танысып үлгердім. Театр іші ала-сапыран, қызу әзірлік. Театр корифейлерінің бірі, халық артисі А.Кенжебекованың белесті мерейтойына деген даярлық та басталып кетіпті. Одан театрдың байырғы өнерпаздарының бірі Ғ.Темірбаеваның да ұзақ жылғы еңбегі аталынып өтпек екен. С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» драмасындағы бас кейіпкерді бейнелеуші Ғалиянын әзірлік үстіндегі жан тебіренісі — театр ұжымының ертеңгі жарқын күндеріне деген шығармашылық зор ұмтылыстарын айғақтап жатқандай еді, сол сәт!









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!