Толқын Қабылша | өмірбаяны
Толқын Қабылша Шахарбекқызы – ақын. 1980 жылдың 15-қаңтарында Алматы қаласында дүниге келген. Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі.
«Шабыт» Халықаралық Шығармашылық Фестивалінің жүлдегері.
«Жаныммен жалғыз кешкем мұң», «Жаңбырдағы сағыныш»жыр жинақтарының авторы. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы, журналист- тележүргізуші. Ұлт руханияты мен мемлекеттік тілді насихаттауға қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «ҚҰРМЕТ» грамотасымен марапатталған.
Республикалық «Үркер» әдеби сыйлығының поэзия номинациясы бойынша Гран-Прий иегері. (2016) Мемлекет басшысының «Көктем шуағы-2017» Қазақстан қыз-келіншектерімен болған салтанатты кездесуінде қазақ ақындарының атынан тіл қатып, жыр оқыған қаламгер.
Тікелей эфирде жүретін «Өмірдің өзі» әлеуметтік ток-шоуы арқылы қоғамдағы түйткілді мәселелерді қозғап, көрермен жүрегіне жол тауып жүрген тележурналист.