Реферат: Тарих | Қараханидтер мемлекетінің пайда болу тарихы

0

Қараханидтер мемлекетінің пайда болу тарихы
1. Қараханидтер мемлекетінің пайда болуы, даму тарихы.

2. Қараханидтер мемлекетінің саяси жағдайы.
1128 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнның билеушісі Арыслан өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлүқтарға қарсы күреске қара-қытайларды көмекке шақырды. Қарақытайлар көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып, Қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырды. Сойтіп, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Осыдан кейін қарақытайлар жаулап алу жорықтарын жалғастырып, мемлекет шекарасын Енесейден Таласқа дейін кеңейтеді. Олар қарлұқтарды бағындырып, Шығыс Түркістанды қосып алды. 1137 жылы кдрақы-тайлар Ходжент қаласы жанында Мәуеренахрдың билеушісі Махмудхан әскерін талқандады. Қарақытайлар Орта Азияға қарай жылжып, Салжүк сүлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдап кейін Елюй Дашы өзін ең жоғарғы лауазымды атақ гурхан (ұлыхан) деп жариялады. Қай-тар жолда гурхан әскерлері Бүқараны оңай басып алып, Баласағүн аймағына келіп орналасты. XII ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстанның, Бүқара мен Самарқандты қоса алғанда, Мәуеренахр аймағының жері қарақытай иелігіне кірді. Қарахандар әулетін қарақытай-лар өз боданына (вассал) айналдырды. Осы ұлан-байтақ өңірді мекендеген халықтар, соның ішінде түрік тайпалары мен ұлыстары Қарақытай мемлекетінің құрамына кірді. Қарақытайлар өзіне бағынған үлыстардың хандарын және аймақтардың билеушілерін өкімет басынан тайдырмады. Олар Қарақытай өкіметіне бодан ретінде бағынды да, өз биліктерін жергілікті жерлерде жалғастыра берді. Қарақытай өкіметі олардан тек алым-салық алуды ғана білді. Алым-салықтың екі түрі болды. Оның бірі — үй басынан алынатын бір динар түтін салығы, екіншісі, егіншілер өнімінің оннан бірі көлемінде алынатын астық салығы еді.
Қарақытайлар Жетісу және Орта Азия жерлерін басып алған кезде, ондағы қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратпады. Өйткені олар бүл жерлердегі қалалармен және егіншілік аймақтармен сауда жүргізуге мүдделі болды. Олар мұндағы өздеріне дейінгі саяси-билік құрылымды және әр түрлі аймақтар арасындағы өзара байланыстарды өзгертпеді. Қарақытайлардың әрбір қалада өз билеушісі отырды. Ол Қарақытай гурханына салықтан түскен ақша-ны жеткізіп беріп тұрды. Хорезмде алымдар мен салық-тарды гурханның арнайы жіберген адамдары жинады. Ал басқа аймақтарда алым жинау және оны қарақытайлардың астанасына жеткізу жергілікті феодалдарға міндеттелді.
Қарақытай мемлекеттік бірлестігінің қалыптасуымен қатар басқарудың патриархаттық — феодалдық принциптері нығая түсті. Дегенмен мүнда жоғары билікті мұраға қалдыру жүйесінің өзіндік ерекшелігі болды. Мәселен, гурхан өлген жағдайда оның мүрагері болып әйелдері тағай-ындалу орын алды. Мұның өзі жергілікті мұсылман халқының түсінбеушілігі мен наразылығын туғызды.
Қарақытай билеушілері өзі орналасқан қалаларда хан сарайларын, будда ғибадатханаларын салдырды. Оларды салуда Қытайда қалыптасқан құрылыс үлгісі мен өнер өрнектері қолданылды. Қалаларда қол өнер мен сауда да-мыды. Көшпелі мал шаруашылығымен шүғылданған аймақтарда егіншілік етек алды. Арпа, бидай, тары, күріш сияқты астық дақылдарымен қатар, сулы жерлерде мақта да егілетін болды. Жеміс-жидек бақшаларында алма, анар, жүзім т.б. өсірілді.
Қарақытай мемлекетінде түратын түркі халықтарының кепшілігі ислам дінін қабылдады, сонымен бірге онда буд-да дініне сенушілер де, несториан дінін үстанушыларда кездесті. Елюй Даши 1143 жылы қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының әйелі Табүян басқарды. Жеті жылдан соң Дашидың үлы Иле әкесінің тағына отырып, 1150-1164 жж. гурхан болды. Ол қайтыс болған соң, қарындасы Бүсүған таққа отырып, 1164-1177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде Қарақытай ордасында саяси өзгерістер болып, Бүсүған өлтірілді. Оның орнына Иленің баласы Жилугу гурхан болды. Жилу-гу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді.
Жилугу үстемдік еткен кезде кидан ақсүйектері алым-салықты көбейтіп, халықты аяусыз езіп қанады. Қарақытайлар өздерінің салық саясатын айтарлықтай өзгертіп, ашық тонауға көшті. Олар бейбіт қоныстарға шапқыншы-лық жасады, адамдарды өлтірді, тұтқынға алды, тонады. Жаңадан жаулап алған аймақтарда Қарақытай әскерлері едәуір шоғырланды. Енді оларға жергілікті халықтың салым төлеу міндеттілігі күшейді. Бұдан басқа қарақытай шонжарларының басқаруы халықты үлкен ауыртпалыққа үшы-ратты, олардың қысым жасауы, әсіресе салықтар жинау кезіндегі шамадан тыс талаптары бүқараның наразылығын туғызды. Нәтижесінде Қарақытай мемлекеті әлсіреп, Орта Азияда басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Ауған аймағынан шыққан гурид билеушілері қара-қытайларға күйрете соққы берді. Көп кешікпей гурханның қол астынан қүтылуға тырысқан Хорезмде қарақытайларға қарсы шықты. Гуридтерге қарсы күресте Қарақытай мемлекетін қолдаудан бас тартқан Хорезм-шахы Бүхараны қор-шап басып алды. 1205 жылы қарақытайлар Термезден кетті. Осыдан кейін олардың бодан-вассалдары — Самарқанд пен Бұқара билеушілері — гурханға қарсы күресте Хорезммен одақтасты. 1210 Хорезмшахы Мұхаммед Тараз қаласының жанында қарақытайларға күйрете соққы берді. Бүл жағдайды Жетісу жеріне көшіп келген наймандар пайдаланды. 1213 жылы қарақытайлардың Жетісудағы иеліктері най-мандардың қолбасшысы Күшліктің қолына көшті. Сөйтіп, Қарақытай мемлекеті ыдырап тарады.
Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:
21. Қараханидтердің пайда болуынының маңызы.
22. Қараханид тайпаларының ерекшеліктері

Ұсынылған әдебиеттер:
1.Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.
2.Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.
3.Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.
4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.
5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 200

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!