Темірболат Ахметов | өмірбаяны

0

Темірболат Ахметов 1947 жылы 7 ақпанда Ақмола облысындағы Көкшетау қаласында туған. 

1971 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина институтын бітірген соң Ш.Уәлиханов ауданының санэпидстансасында бас дәрігер, Көкшетау облыстық санэпидстансасы бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарды. 

1976–1997 жж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитет органдарында қызмет істеп, подполковник шенінде запасқа шықты. 

1997 жылдың мамырынан «Барыс» күзетдетективтік агенттігін басқарады.

«Алтын самауыр», «Үнсіздік анатомиясы», «Барыс агенттігі», «Кобраның күлкісі», «Бағдарламада Сенсация» повестері, «Дертім менің, жұлдызым менің, Сәкен», «Шәкәрім» песалары, «Ұзатып салу», «Ер ұрыста қаза табуға тиіс», «Инфаркт», «Аштық», «Ақынның соңғы күні» секілді әңгімелері жарық көрген. Жазушы Қ.Исабаевтың бірқатар туындыларын орыс тіліне аударды. «Шахиняның құпиясы», «Сатуға арналған бриллианттар», «Томирис патшайымның диадемасы», «Көк күмбездердің панасында», «Мамандықтың кесірлері», «КГБ өмірінен кейбір болжамдар» деп аталатын алты кітабы жарыққа шыққан.