Ауыр жарақат алған Еркебұлан Сейдахметке ота жасалды (фото) — новости Казахстана
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметке Мюнхендегі Schön ауруханасында ота жасалынды. Жас футболшы аса ауыр жарақат алған соң неміс дәрігерлерінің көмегіне жүгінген деп жазады Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Бұл туралы 18 жастағы аяқдопшының өзі Instаgram желісінде хабарлаған. Еркебұлан Сейдахмет парақшасына отадан кейінгі суретін жүктеді.
«Бәрі жақсы. Енді ғана ояндым», — деген жазба қалдырды футболшы.
Қазақстан құрамасының жас ойыншысы жаттығу кезінде аса ауыр жарақат алып, нәтижесінде үш айдай алаңға шықпайтын болды.
Биыл Еркебұлан Сейдахмет ұлттар лигасы аясындағы төрт ойынға қатысып, бір гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар