Қос қазақстандық балуан қыз әлем чемпионатының жүлдегері атанды

0
Қос қазақстандық балуан қыз әлем чемпионатының жүлдегері атанды


Бухаресте 23 жасқа дейінгілер арасында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қос қазақстандық балуан қыз қола жүлдегер атанды,

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы мәлім еткеніндей, Марина Седнева мен Гүлмарал Еркебаева үздік үштікке ілікті.

М.Седнева 55 кг салмақта қола жүлде үшін бәсекеде ресейлік Марина Симонянды 9:0 есебімен ойсырата ұтты.

Г.Еркебаева 76 кг салмақта румыниялық Каталина Аксентенді дәл осындай есеппен тізе бүктірді.

Қазақстандықтардың тағы бір қола жүлдеден үміті бар. Жәмила Бақбергенова 72 кг салмақта түрік балуанына жол берді. Ол қола жүлде үшін үндістандық немесе италиялық балуанның біреуімен кілемге шығады.

Бухаресте  23 жасқа дейінгілер арасында күрес түрлерінен өтіп жатқан дүниежүзілік дода 18 қараша күні мәреге жетеді.