«Жұлдыз боп кетті»: Бауыржан Сатов Арман Қоңырбаевпен не үшін араласпай кеткенін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова жақында отандық «Өз үйім» телехикаясына түсті. Танымал жұптар бой көрсеткен бұл картинаға Арман мен Аша да қатысқан. Бауыржан Сатов бір кездері араласпай кеткен досы Арманмен осы телехикаяның арқасында қайта табысыпты. 

"Жұлдыз боп кетті": Бауыржан Сатов бір кездері Арман Қоңырбаевпен не үшін араласпай кеткенін айтты

Бұл туралы «Хабар» арнасының «Қызық Times» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

«Өмірде дос емеспіз. Сериалдан кейін дос болдық. Бірақ Арманды 2001-2002 жылдардан бері білемін. Сөйтіп ол 2008 жылдары Mysterions тобымен танымал болып, араласпай кеттік. Жұлдыз боп кетті.

Модель боп жұмыс істеп жүрген кезде кештің арнайы қонағы Mysterions тобы шықты. Қарасам, Арман шығып келе жатыр. Досыма мақтанып «Арман менің досым, жүр таныстырам» дедім. Мақтанғым келіп тұр ғой. Барып «Ассалаумағалейкүм» деп екі қолымды берсем, Арман: «Уағалейкумассалам» деп бір қолын береді. Досымның алдында ұялып қалдым. — Арман, суретке түсейікші, — десем: — Тез-тез болшы, сахнаға шығуым керек, — деді», — деп еске алады Бауыржан. 

Сатов ол кезде топта ән салып жүрген Арманды жұлдыз ауруына шалдықты деп ойлаған. Алайда шын мәнінде Арманның өзіне ренжіп жүргенін жақында білген. 

«Сөйтіп уақыт өтті. Жақын арада кездесіп, сөйлесіп отырмыз. Сөйтсем кішкентай кезімізде мен Арманды ренжітіп қойыппын. Сезімтал жігіт екен, жүрегіне қатты қабылдап қойыпты.

Футбол командасына ол жаңадан келген. Ал мен авторитеті бар жігітпін. 

Шошақай деп ойлаған екен. Мен басынан ұрып, тиісіп отырған екем. Жаттықтырушыдан сөз естіп, сөйтіп жүрегінде қалып қапты», — дейді Бауыржан.

Альбина Шардарова болса «Өз үйім» телехикаясынан кейін Аша Матаймен жақсы дос болып кеткенін атап өтті. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz