«Әбіржіп кетіпсіз»: Жұрт Айқынға стилист ауыстыруға, ал Жұлдызға боянып жүруге кеңес берді — Қазақстан жаңалықтары
Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали сын астында қалды. Желі қолданушылары Айқынға стилист ауыстыру керектігін, ал оның жары Жұлдыздың соңғы кездері әбіржіп кеткенін айтады, деп жазады Stan.kz.
Жуырда отандық кинокартинаның тұсаукесерінен фото жариялаған Жұлдызға оқырмандардың бірі:
«Күйеуіңізді жөні түзу стилистке апарсаңызшы», — деп жазған. Оған Өмірғали:
«Кешірім сұраймын, бірақ бұл сіздің шаруаңыз емес. Оның онсыз да талғамы жақсы. Стилистердің айтқанын емес, өзіне жарасқанын киеді», — деп жауап берген.
Сондай-ақ, келесі бір желі қолданушысы соңғы кездері Жұлдыздың өзінің сырт келбетіне мән бермей кеткенін атап өткен.
«Неге шашыңыз үнемі осылай жиналып, бояусыз жүресіз әбіржіп», деген оқырманына Жұлдыз:
«Қазір жеңіл ғана боянамын. Себебі күйеуім рұқсат етпейді. Ал бұл күні боянуға тіптен уақытым болмады. Кинотеатрға барар жолда көлікте бояндым», — деп жауап қалдырды.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz